49
тер және аналық тау жыныстары. Топырақты ол экожүйелердің
негізгі элементі деп түсінген. В.В. Докучаев топырақтың генети-
калық жүйесін жасады, ендік аймақталығын және вертикальдық
(тік) белдеулерін анықтады.
Топырақ типтері алуан түрлі. Солардың ішінде ӛсімдіктер
үшін экологиялық маңызды қасиеттері: жылу, ауа, су,
қоректік
және тұздылық режимдері. Топырақ ӛсімдіктер үшін,
бірінші-
ден, тамырлары ӛсіп нығаятын тіреніш тӛсемік, екіншіден топы-
рақтан ӛсімдіктер ӛзіне керекті қоректік заттар және су алады.
Экожүйелердің негізгі базисі – топырақ және ӛсімдіктер,
ӛйткені онда заттар ӛзгеріп, Күн
сәулесі энергиясы трансфор-
мацияланады. Ӛсімдіктердің фотосинтезі арқылы Күн
сәулесі
энергиясын
пайдаланып, синтезделген
органикалық заттардан
топырақ кӛп мӛлшерде энергия алып жинақтайды, биологиялық
айналым арқылы тірі организмдерге қажетті кӛміртегі, сутегі,
оттегі, азот, фосфор, калий, кальций, т.б. биофильді және мине-
ральды элементтерді шоғырландырады.
Ӛсімдіктер ӛсіп дамуы барысында топырақтан кӛптеген эле-
менттер, заттар алып сіңіреді және ӛз денесін құрастырады.
Атап айтқанда ӛсімдіктің құрғақ биомассасы құрамында орташа
есеппен кӛміртегі – 45%, оттегі – 42%, сутегі – 6,5%, азот – 1,5-
2%. Осы аталған
Достарыңызбен бөлісу: