33
Ӛсімдіктердің жоғары (ыстық)
температурадан қорғану нә-
тижесіндегі
бейімделу өзгерістері:
жапырақ пен сабақтарда ты-
ғыз түктің пайда болуы және түсінің ақшыл болуы, бетінің жыл-
тыр болып, жапырақ кӛлемінің кішірейіп тік орналасуы (күн
сәулесі жапырақ бетіне перпендикуляр болып түспейді), жапы-
рақтың ӛзгеріп (редукцияланып) сабақ, тікен тәрізденуі, злак
тектес ӛсімдіктердің жапырақтарының жиырылуы, цитоплазма-
да кӛмірсулардың кӛбірек болуы,
фотосинтетикалық аппарат-
тың зақымдануы, т.б. Мысалы, картофельдің тыныс алу процесі
+50°С-қа дейін жоғарылап, күшейе береді, фотосинтез процесі-
нің жақсы жүретін оптимальды температурасы +20°С, ал +40°С-
та фотосинтез толық тоқтайды. Яғни, ӛсімдік қоректің азаюынан
ӛледі. П.А. Генкельдің
пікірі бойынша, жоғары температурада
цитоплазма белоктары ыдырайды,
белок-липоид комплексі бұ-
зылып, аралық улы заттар пайда болады, физиологиялық-био-
химиялық зат алмасу процесінің бағыты ӛзгеріп, цитоплазманың
субмикроскопиялық құрылысы (структурасы) бұзылады.
Сонымен, экологиялық факторлардың
комплексті әсерінен
ӛсімдіктердің бейімделіп ӛзгеруі де алуан түрлі, яғни кӛптеген
қасиеттердің, белгілердің бірқатар, бір текті ӛзгеруімен сипатта-
лады. Ӛсімдіктердің ыстыққа тӛзімділігі географиялық жағдай-
ларға да байланысты. Мысалы, шӛл және шӛлейт аймақтардағы
ӛсімдіктер ыстыққа ӛте тӛзімді және бейімделу ерекшеліктері
әртүрлі (7-ші тақырыпты қара).
Әртүрлі ӛсімдік түрлері ӛзгерген
экологиялық жағдайға
ӛзінше бейімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: