Сімдіктер экологиясы


эутрофты  (немесе эвтрофты), ал құнарсыз топырақта ӛсетіндер- ді  олиготрофты



Pdf көрінісі
бет34/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83
Байланысты:
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

эутрофты 
(немесе эвтрофты), ал құнарсыз топырақта ӛсетіндер-
ді 
олиготрофты 
ӛсімдіктер деп атайды. Бұлардың арасында 
аралық 
мезотрофты 
түрлері бар. 
Топырақ ерітіндісінің реакциясын Н
+
және ОН

иондары-
ның ара қатынасы анықтайды. Ерітінді реакциясына байланыс-
ты топырақтың қасиеті, құнарлылығы ӛзгереді және мұның 
ӛсімдіктің минералды қоректенуіне әсері зор. Топырақ ерітінді-
сінің рН мӛлшеріне байланысты топырақ тӛмендегі түрлерге бӛ-
лінеді: ӛте қышқыл топырақ (рН=3-4); қышқыл (рН=4-5); қыш-
қылдылығы әлсіз (рН=5-6); бейтарап топырақ (рН=6-7); сілтілі 


51 
топырақ (рН=7-8); ӛте сілтілі топырақ (рН=8-9). Кейбір ӛсімдік-
тердің топырақ ерітіндісінің белгілі рН мӛлшерінде ӛсетіндерін 
– 
индикаторлар
деп атайды. Осындай ӛсімдіктер арқылы топы-
рақтың қышқылдылығын, құнарлы немесе құнарсыз топырақ 
түрлерін анықтауға болады. 
Қышқыл топырақта ӛсетін ӛсімдіктерді – 
ацедофилдер

сілтілі топырақта ӛсетіндерді – 
базифил
(базофил), ал бейтарап 
(рН=6-7) топырақтарда ӛсетіндерді – 
нейтрофилдер
деп атайды. 
Жасыл ӛсімдіктердің ӛсіп дамуына азоттың әсері орасан 
зор. Бірақ ӛсімдіктер ауадағы инертті газ күйінде болатын азот-
ты (N
2
) пайдалана алмайды. Ӛсімдіктер топырақтағы аммоний 
(NH
+
4
) және нитрат (NO
3
) тұздарын сіңіре алады. Бірақ, топырақ 
ерітіндісінде нитраттардың мӛлшері ӛте аз. Осыған сәйкес, то-
пырақта азоттың кӛбірек болғанын қалайтын, талап ететін ӛсім-
діктерді – 
нитрофилдер
, ал топырақта азот аз мӛлшерде бола-
тын жерлерде ӛсетін ӛсімдіктерді – 
нитрофобтар
деп атайды.
Нитрофильді ӛсімдіктерге орман таңқурайы (Rubus idaeus), қы-
зыл аюбадам (Sambucus racemosa), құлмақ (Humulus lupulus), 
адамзат мекеніндегі органикалық қалдықтар бар жерлерде ӛсе-
тіндер: сүйелшӛп (Chelidonium majus), меңдуана (Hyoscyamus 
nider), қалақай (Urtica dioica), тәжігүл (Amaranthus retroflexus), 
т.б. 
Кальций (Са) топырақ құрылымын (структурасын) жақсар-
тады, ауыр металдар мен хлоридтердің зиянды әсерін залалсыз-
дандырады. Карбонатты топырақтарда Са-3% және одан жоғары 
болса – оны кальцийге бай топырақтар деп атайды. Осындай 
жағдайда ӛсетін ӛсімдіктерді – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет