Сукцессия – сукцессия. Қауымдастықтардағы (негізінен
ӛсімдіктердің) белгілі түр құрамы және құрылысы бар биоценоз-
дардың біртіндеп бірін-бірі аустыруы. Сукцессиялар әртүрлі:
табиғи – адамдардың іс-әрекетінің қатысы жоқ, табиғаттағы іш-
кі құбылыстар әсерінен;
антропогендік – адамзат тіршілігі нә-
тижесінде болған;
аутогендік (ӛздігінен туындайтын) – ішкі се-
бептер нәтижесінде, яғни қауымдастық әсерінен ортаның ӛзге-
руінен;
аллогендік (сыртқы әсерден) – сыртқы себептер нәти-
жесінде, (мысалы климаттың ӛзгеруі);
алғашқы – тірі организ-
дер тіршілік етпеген тӛсеміктерде (мысалы, жартастарда, опы-
рылған жерлерде, сусымалы құмдарда, жаңа су қоймаларында,
т.б.) және
екінші реттік – қалыптасқан биоценоз жойылғаннан
(мысалы, ормандарды қырқып алу, ӛрт, жерді айдау, вулканның
атқылауынан, т.б.) кейін олардың орнына ӛсіп дамыған ӛсімдік-
тер.
Суық ҧру, ҥсіну, ҥсу – заморозки. Кӛктемде немесе қоңыр
күзде ауа температурасының күрт ӛзгеріп, салқындауынан топы-
рақ бетінің тоңазып, ӛсімдіктердің үсінуі.
Сциофиттер (көлеңке сүйгіш өсімдіктер) – сциофиты (тенелюбивые растения). Толық жарық сәулелердің 1/10 – 1/3
бӛлігінде жарық интенсивтілігінде, яғни жарық аз, кӛлеңкелеу
жағдайда ӛмір сүретін ӛсімдіктер.
Табиғи жағдайлар – природные условия. Адамзат ӛміріне
және іс-әрекетіне әсер ететін, бірақ материалдық ӛндіріске қо-
сылмаған (кейбір газдар, жануарлар мен ӛсімдіктер түрлері) ны-
сандар, объектілер, құбылыстар. Ғылым мен техниканың дамуы
әсерінен табиғи жағдайлар табиғи ресурстарға айналады.
Табиғи ресурстар – природные ресурсы. Адамзат тіршілі-
гіне керекті және материалды ӛндіріске енгізілген (ауадағы от-
тегі, су, топырақ, күн радиациясы, қазба байлықтар, климат,
ӛсімдіктер және жануарлар әлемі, т.б.) табиғат элементтері
(нысандар, объектілер, құбылыстар). Табиғи ресурстар түрлері:
нақты және
потенциальді, ауыстырылатын және
ауыстырыл- майтын, сарқылатын және
сарқылмайтын болып бӛлінеді.