Ҧлттық парктер – национальные парки. Ерекше қорғауға
алынған үлкен аумақты қамтитын табиғи территориялар. Онда
негізінен үш түрлі шаралар жүргізіледі:
экологиялық (экология-
лық балансты ұстап тұрақтандыру және табиғи экожүйелерді
сақтау);
рекрециондық (тәртіпке, жүйеге келтірілген туризм жә-
не адамдар демалысы);
ғылыми (жаппай келушілер болған жағ-
дайда табиғи кешендерді сақтау әдістемелерін анықтап қолда-
ну). Ұлттық парктерде шаруашылыққа пайдалану аумақтары
болады.
Фанерофиттер – фанерофиты. Бұл топтағы ӛсімдіктердің
қайтадан ӛсетін бүршіктері жер бетінен жоғарыда (3-5 м-ден жо-
ғары) орналасқан. Бұларға ағашты және бұталы ӛсімдіктер жа-
тады.
ФБР – ФАР. Фотосинтетикалық белсенді (активті) Күн ра-
диациясы.
Физиологиялық бейтарап тҧздар – физиологические нейтральные соли. Құрамындағы катиондар мен аниондар
ӛсімдікке бірдей жылдамдықпен сіңетін тұздар. Мысалы, аммо-
ний нитраты.
Физиологиялық қышқыл тҧздар – физиологически кис- лые соли. Құрамындағы катиондар ӛсімдікке кӛбірек және тезі-
рек сіңгендіктен қалып қойған аниондар ортаны қышқылданды-
ратын тұздар. Мысалы, аммоний сульфаты немесе хлориді, ка-
лий хлориді.
Физиологиялық сілтілі тҧздар – физиологически щелоч- ные соли. Құрамындағы аниондар ӛсімдікке кӛбірек және тезі-
рек сіңгендіктен қалып қойған катиондар ортаны сілтілейтін
тұздар.
Физиологиялық қуаңшылық – физиологическая засуха. Топырақтағы ылғалдылық жеткілікті болса да ӛсімдікке судың
сіңбеуі. Мұндай қуаңшылық жағдай температура тӛмендеген
және топырақта аэрация нашарлаған жағдайларда байқалады.
Фитобентос – фитобентос. Бентостың ӛсімдік текті құрам-
дас бӛлігі.