А. Соловьева, Б. Ибраимова


Ретті және ретсіз полимерлер



Pdf көрінісі
бет12/259
Дата28.11.2023
өлшемі5,1 Mb.
#130767
түріКнига
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   259
Ретті және ретсіз полимерлер
Егер полимерлерде бар лық мономерлер 
бірдей болса немесе олардың реті қатаң қай та ланатын болса, оларды 
ретті­ поли­мерлер
деп атайды. Олар түсі бірдей моншақтардың қай-
таланып отыруына ұқсайды. Мысалы, қызыл, сары, жасыл, қызыл, 
сары, жасыл және барлық тізбек осындай болады. Рет ті полимерлерге 
мысал ретінде крахмал мен целлюлоза сияқ ты ерімейтін көмірсуларды 
келтіруге болады. 
Ретсіз­ полимерлерге
мономерлердің реті мен мөлшері әртүрлі бола-
тын полимерлер жатады. Олар түрлі түсті, кез кел ген ретпен жиналған 
моншақтардан тұрады. Жасушадағы ма ңызды ретсіз полимерлерге 
нәруыздар мен нуклеин қыш қылдары жатады. 
Полимерлер,­ мономерлер,­ органикалық­ заттар,­ көмір­сулар,­
нәруыздар,­майлар,­нуклеин­қышқылдары.
Білу және түсіну:
1. Органикалық заттарды атаңдар. 
2. Полимерлер дегеніміз не?
3. Қандай органикалық заттар полимерлер, қайсысы поли мерлер емес? 
қолданылуы:
1. Полимерлердің құрылысын сипаттаңдар. 
2. «Полимер» және «мономер» деген түсініктердің арасын дағы 
айырмашылықты анықтаңдар. 
3. Ретті және ретсіз полимерлерді салыстырып, мысалдар келтіріңдер.
10-сурет. а
– тармақталмаған 
полимерлі тізбектер
ә
– тармақталған
а
ә
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


17
Талдау:
1. Табиғатта полимерлердің түзілу себептері туралы пікір леріңді 
айтыңдар. 
2. Суретті қараңдар. Полимер және полимер емес заттардың таңбаларын 
табыңдар. Қайсысы ретті, қайсысы ретсіз полимерлер? 
3. Полимерлердің молекулалық массасы полимер емес заттардың 
молекулалық массасынан көп болатынын дәлелдеңдер. 
Синтез:
1. Ретті және ретсіз полимерлерді сызба түрінде бейнелеңдер. Ретті по-
лимерлерге мономерлердің 5 типін, ал ретсіз полимерлерге 3 типін 
пайдаланыңдар. Полимер тізбегі 10 мономерден тұрады деп алыңдар. 
2. Табиғаттағы органикалық заттардың рөлін бағалаңдар. 
Бағалау:
1. Екі жағдайдың қайсысында әртүрлі полимерлер санын түзуге болаты-
нын талқылаңдар: 
1) мономердің тек 3 типі бар, ал полимер тізбегіне 5 мономер кіреді;
2) мономердің тек 5 типі бар, ал полимер тізбегіне 3 моно мер 
кіреді. 
­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   259




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет