А. Соловьева, Б. Ибраимова


§4. Көмірсулар мен липидтер. Олардың қасиеті



Pdf көрінісі
бет13/259
Дата28.11.2023
өлшемі5,1 Mb.
#130767
түріКнига
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   259
§4. Көмірсулар мен липидтер. Олардың қасиеті 
мен қызметі
Көмірсулар мен липидтің құрылымы және биологиялық 
қызметтерін сипаттау
Көмірсулар мен майлардың рөлі қандай екенін естеріңе түсіріңдер. Өсімдік 
ұлпаларындағы крахмалды немесе майды қалай анықтауға болады? Олар 
өсімдіктің қандай мүшесінде кездеседі? 
Көмірсулар 
фотосинтез үдерісінде жасыл өсімдік жа суша ларында 
түзіледі. Ең кең таралған көмірсу – глюкоза С
6
Н
12
О
6
(11-сурет). Ол 
фотосинтез барысында түзіледі. Өсімдік жасушалары глюкозадан 
крахмал, қант, целлюлоза немесе басқа заттар түзуі мүмкін. Глюкоза 
өсімдік жасушасында да, жануар жасушасында да болады. Адам қанының 
құрамында шамамен 0,12% глюкоза бар. 
А 
Ә 
Б 
2–3459
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


18
Көмірсулардың қасиеті мен қызметі.
 
Жай (қарапайым) көмірсулар 
(моносахара) суда жақсы ериді және дәмі тәтті. Олар да глюкоза сияқты 
негізгі энергия көзі болып табылады.
Кейбір көмірсулардың молекулалары моносахаридтердің екі 
молекуласынан түзілген. Оларды 
дисахаридтер­
деп атайды. Мысалы, 
сахароза – қызылша немесе қант қамы сының қанты, не лактоза – сүт 
қанты. Сахароза моле куласы глюкоза мен фруктоза молекулаларынан 
түзіледі (12-сурет). Сахароза суда жақсы ериді, глюкозаға қарағанда 
құра мында атом саны көп. Сондықтан өсімдіктің сүзгілі түтікшелері 
арқылы жапырақтан тамырға және басқа мүшелеріне көбінесе саха роза 
ерітіндісі тасымалданады. 
Күрделі полимерлік көмірсулар 
–­ полисахаридтер
– глю козаның 
бірдей молекулаларынан түзіледі. Оларға крахмал, целлюлоза, гликоген, 
хитин жатады. Олар суда ерімейді және қоректік қор немесе құрылыс 
қызметін атқарады (13-сурет). 
Крахмал
– өсімдіктердегі негізгі қоректік көмірсу (тұ қым, картоп 
түйнегі).
Гликоген
– адам және жануардың негізгі қордағы көмір суы (бауыр, 
бұлшық ет).
Целлюлоза
– өсімдіктердегі негізгі құрылымдық көмірсу (жасуша 
қабырғасы – сүрек).
Хитин
– жануарлардың негізгі құрылымдық көмірсуы (бу ын аяқ-
тылардың – шаян, өрмекші, жәндіктердің және са ңы рау құ лақтардың 
сыртқы қаңқасы (жасуша қабырғасы).
Муреин
– бактерия жасушасының негізгі тірегін құрайтын полимер. 
11-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   259




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет