Молдабек Н.Қ. Автомобильдердің ҚҰрылысы қостанай, 2022


Автомобиль амортизаторлары



Pdf көрінісі
бет31/36
Дата28.11.2023
өлшемі1,52 Mb.
#131034
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Автокөлік құралы оқулық

Автомобиль амортизаторлары
Амортизаторлар механикалық тербеліс энергиясын жылу энергиясына 
айналдырып, автомобильдің жатық (селкілдемей) жүруін қамтамасыз етеді. 


54 
Амортизаторлар екі топқа бөлінеді - бір және екі түтікті (трубалы). Олар қос 
әрекетті сұйық телескоптық немесе сұйық пен газды болады. 
Бір түтікті амортизаторлар сұйық телескопты немесе сүйық пен газды 
телескопты болады. Сұйық пен газды амортизаторларда, газ (В) және сұйық (А) бір-
бірімен бөлектеуші поршеньнің (1) әсерінен жанаспайды (13-сурет, а-нұсқасы). 
Екі түтікті амортизаторлар көбінде телескопты болады, оларда да сұйық немесе 
сұйық пен газды бірге қолданады. Бұл амортизаторларда газ (В) бен сүйық (А) бір-
бірімен жанасады (13-сурет, б-нұсқасы). 
13 – сурет. Бір (а) және екі (б) түтікті амортизаторлар. 
Амортизатор поршеньдерінде (2) екі тесік (3,5) жасалған, олар бір жағынан 
пластиналы серіппелі клапандармен жабылған. 
Кедергіден дөңгелек өту кезінде рессор майысады да, амортизатор сығылады. 
Рессор қайта серпілгенде амортизатор созылады. Дөңгелек жоғары көтерілгенде (3) 
клапан ашылып, сұйық поршеньнің бір қуысынан екінші қуысына ауысады. 
Поршень (2) жылдам қозғалғанда ауысу қуысында қысым ұлғаяды. Амортизатордың 
сығу кедергісі оның кері кедергісінен бірнеше рет аз болады. Бұл қайту (созылу) 
автомобильдің кедергіге тап болған кезіндегі соққысын азайтады. 
Автомобильдерде 
қос 
әрекетті 
сұйық 
телескоптық 
амортизаторлар 
қолданылады. 
 
Пневмобаллондар
Кәзіргі кезде пневмоболлардар рессорларға қарағанда автобустарда (14 сурет) 
және жүк көлінде (15 сурет) көп қолданыс тапқан. Себебі жүктің негізгі салмағына 
байланысты серпелісті реттейді. Олар кейінгі кезде транзиттік көліктің жартылай 
тіркемелерде міндеттелен құрылғы болып саналады. 


55 
14 – сурет. Пневмобаллондардың автобустарда қолданылуы 
15– сурет. Пневмоболлондардың жартылай-тіркемелерде қолданылуы 


56 
Пневмобаллон, пневморессор, пневмоамортизатор пневматикалық аспаның 
негізгі элементті болып саналады. Ол резиналық сильфоннан, тарелкадан және темір 
немесе пластикалық стаканнан тұрады. 
Соңғы жылдары пневмоболондармен жеңіл көліктер көп шығарыла бастады. 
(AUDI ALLROAD, Volkswagen Touareg 2002ж.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет