Молдабек Н.Қ. Автомобильдердің ҚҰрылысы қостанай, 2022



Pdf көрінісі
бет32/36
Дата28.11.2023
өлшемі1,52 Mb.
#131034
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Автокөлік құралы оқулық

Дөңгелектер
Автомобиль асқыштар арқылы дөңгелектерге орналастырады. 
Дөңгелектің негізгі қызметі — автомобильдің тербелісін жеңілдетіп 
(подрессорирование), бағытының өзгеруін қамтамасыз етеді. 
Деңгелектер жетекші, басқарушы, құрама (жетекші басқарушы) және ұстаушы 
(сүйемелдеуші) болып бөлінеді. 
Жетекші дөңгелек айналдыру моментінің әсерінен автомобильді алға қозғайды. 
Басқарушы дөңгелек автомобильді бұрып бағыттап отырады. 
Пневматикалық шина (10.5-сурет) домалағанда деформацияланып, әрбір 
соққыны жеңілдетіп, жойып дөңгелек осінің бірқалыпты жылжуын сақтайды. 
Бұндай 
пневматикалық 
шинаның 
қасиетін 
жұмсақтатушы 
деп 
атайды 
(сглаживающей). 
Шинада ауа қысымы басты пайдалану өлшемі болып табылады, ол резинаның 
ұзақ мерзім жұмыс істеуі мен үнемді жанармай шығынына әсерін тигізеді. 
Пневматикалық шиналар диагональды, радиальды, орташа, жалпақ, төмен және 
өте төмен профильді, камералы және камерасыз болып келеді. 
Диогналды Радиалды 
1-протектор, 2-протектор бүйірі, 3-шина жақтауы, 4-брекер, 5-каркас, 6-борт. 
16– сурет. Шиналар кесіндісі 
Камералы шинаның камерасы дөңгелек сақина түрінде созылмалы резеңкеден 
жасалады. Ауа толтыру немесе оны шығару үшін камераның вентилі болады. 
Корпустың вентилі фланецпен түтік тәрізді етіп жезден жасалған, ол камераға 
шайба мен гайка арқылы бекітілген. Корпус вентилі құрамды болып та келеді: оның 
жоғарғы бөлігі жезден, ал төменгі бөлігі резеңкеден жасалады, ол камераға 


57 
желімделінген. Золотник —камераның ішіне ауа жіберіп тұратын клапан. Золотник 
вентиль корпусына бұрап кигізіледі, үсті қалпақпен жабылады. 
Шинадағы қысым нормасын да қадағалау керек. Күрт тежеуге немесе орнынан 
бірден қозғауға болмайды, шұғыл бұрылыстардан сақ болған жөн, өйткені бұл 
шинаның біркелкі тозбауына соқтырады. Шинаға отын және майдың тамуын 
болдырмау керек. 
Шинаның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығы оның жүріс қашықтығына 
байланысты. Жүк автомобильдерінің диагональды (кәдімгі) шиналарының басым 
көпшілігінің кепілді жүріс қашықтығы 50 000 км болып табылады. 
Егер дөңгелек шеңберінің массасы біркелкі болмаса, соғылу салдарынан 
покрышка тез істен шығады. Оларды теңгеру үшін жүктер пайдаланылады, оны 
шеңбердің құрсауына орналастырады. 
Шинаның тозуы біркелкі болмайды, жетекші шиналар жетектегілерге қарағанда 
тез тозады. Шина біркелкі тозуы үшін оларды 5000-6000 км жүрген сайын 
алмастырып отыру керек. 
Шинаның келесі маркировкасы болы керек: 
- фабрикалық маркасы; 
- өлшем бірліктері; 
- құрлымдық өлшемі (диагональ - D; радиальной- R). 
Келесі сөздер: 
RADIAL (РАДИАЛЬНАЯ); 
- М + S немесе М.S, қысқы шиналар; 
- TUBELESS (БЕСКАМЕРНАЯ) – камерасыз шиналар үшін; 
- REINFORCED немесе EXTRA LOAD – нығайтылған шиналар үшін; 
- REGROOVABLE – қайта өңделген; 
- ЕТ немесе МL, немесе МРТ арнайы шиналарға арналған; 
- FRТ қандайда бір пайдаланымға арналған. 
Есеп берудің мазмұны. 
Тракторлар мен автомобильдердің жүріс жүйесінің негізгі түйіндері мен 
бөлшектерінің атқаратын жұмысын және сүлбесін көрсет? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет