Молдабек Н.Қ. Автомобильдердің ҚҰрылысы қостанай, 2022



Pdf көрінісі
бет5/36
Дата28.11.2023
өлшемі1,52 Mb.
#131034
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Автокөлік құралы оқулық

1.1
 
 Тракторларды жіктеу
Трактор дөңғалақты және шынжыр табанды өздігінен жүретін машина, 
тіркемелер, тіркемелер, жол және басқа ауылшаруашылық жұмыстарын атқаратын 
құрал саймандарды, жүкті тіркеуге арналған. Сонымен қатар аспалы және тіркеиелі 
механизмдер трактордың двигателі мен қуат алу білігінен қозғалысқа келтіріледі. 
Трактордың двигателі сол сияқты стационарлы машиналарды жетекші шкивтің 
көмегімен қозғалысқа келтіреді.
Тракторлар халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылады. 
Оларды ауыл шаруашылығы, құрлыс және жол жұмыстарына, ағаш дайындауға 
жерлерді құрғатуға және суландыруға, жүк тасуға пайдаланады. Халық 
шаруашылығында әртүрлі көп жұмыстарды атқару үшін тракторлардың әртүрлері 
қажет.
Халық шаруашылығының қажетті тілектерін қанағаттандыру үшін жасалатын 
үлгілердің жиынтығы тракторлардың түрін құрайды.
Ғалымдар мен инженерлер өткен ғасырдың 90 жылдарында бірнеше класстан 
тұратын бір-бірінен тарту күштерінің номиналды мәндерімен айырықшаланатын 
трактор түрлерін жасап өңдеді. Әрбір класс бір негізгі (базалық) трактор моделін 
және бірнеше түрлерін (модификацияларын) құрайды. Соңғылары арнайы ауыл 
шаруашылық операцияларды орындауға арналған. Конструкциясы бойынша 
модификация базалық трпктордың оның негізгі құрастырылатын бірліктері 
сақталынып, ең жоғарғы дәрежеде бір кейпін сақтайды (унификация). Бірыңғайлау 
(унификация) приципі машина жасауда кең қолданылады, себебі тез, аз 
шығындармен қажетті машиналарды жасауға (бұл жағдайда трактор), пайдалану 
арзанға және оңайға түседі. Машина жүйесі ауыл шаруашылығын кешенді 
механизациялау үшін тарту күштері: 2, 6, 9, 14, 20, 30, 40, 50, 60, 80 кН 10 класты 
тракторларды қолдануды ұсынады. Атқаратын жұмысы бойынша ауылшаруашылық 
тракторлары келесідей жіктеледі: 
Жалпы жұмысқа, жер жыртуға, елуге, культивациялауға, дәңді дақылдарды 
жинауға және т.б., арналған, мысалы ДТ-75М(ДТ-75МВ), Т-150К и Т-4А. 
Универсалды-катараралық, өсімдік аралығын өңдеп және жинайды, мысалы МТЗ-80 
и Т70-С.
Арнаулы, жүзім және мәй плантациясында, таулы жерде және батпақта жер 
өндеуге, мысалы ДТ – 75 Б. 



Жүргізгіш мүшелерінің конструкциясына байланысты екі түрге болінеді:
Дөңгелекті 
тракторлар, 
жүргіш 
мүшесі 
дөңгелекті 
қозғағыштармен 
қаруландырған. 
Шынжыр табанды тракторлар, жүргізіш мүшелері шынжыр қозғағыштармен 
қаруландырылған. 
Дөңгелекті трактордың бір түріне өзі жүретін шассилі Т-16 жатады. Оның 
алдыңға бөлімі, машина асуға және өзі жүк түсіретін платформа орналасатын, бос 
рамадан тұрады. Ондай конструкция машиналардың жұмыс бөлшектерін шолуғы 
және тракторды жан- жақты жақсартады.
Тұлғасының құрылысына байланысты тракторларды: 
Рамалы, тұлғаға клепкаланған немесе пісіп қосылған рама құрайтын трактор 
(мысалы, ДТ – 75 М). 
Жартылай рамалы, тұлғадан, трансмиссия және екі бойлық арқадан
(лонжерондардан) құралын корпусқа бұрандалып (мысалы, Т – 40М и МТЗ - 80) 
немесе пісіп қосылған ( мысалы, Т – 130) трактор. 
Рамасыз, тракторда тұлғасы бөлек механизмдерді қосу арқылы құралады. 
Дөнгелекті тракторларда екі жетекші дөнгелек, яғни бір жетекші белдік болуы 
мүмкін, мысалы МТЗ – 80, және төрт жетекші дөнгелекпен тарту сапасы жақсарып, 
өту қабілеті көтеріледі, мысалы МТЗ – 82 және Т – 40 АМ . 
Дөнгелекті трактор шынжыр табандыға қарағанда әлде қайда универсалды, 
жасап шығаруы және игерілуі арзан. Қатты ылғалды және жұмсақ жерде дөнгелекті 
трактор, шынжыр табанды трактордай еркінпйдаланыла алмайды. 
Шынжыр табанды трактордың салмағы үлкен тірек бетіне жайылады да, жер 
қабатына аз жер етеді. 
Шынжыр табанды трактор топырақпен жақсы ілінісуі үшін топыраққа бір 
уақытта көп іліністер сұғылады, дөнгелекті тракторда олар аз. Осы артықшылықтар 
шынжыр табанды трактордың тарту сапасын және трактордың ылғалды және 
жұмсақ топырақпен өтімділігін арттырады. Шынжыр табанжы трактор топырақты аз 
нығыздайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет