1.2
Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрлысы
Тракторлар мен автомобильдер әртүрлі өз ара бір-біріне әсер ететін
механизмдерден тұрады.Олардың конструкциясы және орналасуы әртүрлі болуы
мүмкін,бірақ атқаратын қимылдары бірдей трактордың механизмдерін келесідей
негізгі бөліктерге бөлуге болады:двигатель,трансмиссия,жүргізгіш бөлік,басқару
механизмдері,жұмысшы және қосалқы жабдықтар.Шынжыр табанды трактордың
негізгі бөліктері мен олардың механизмдері келесі 1 суретте көрсетілген ( ВТ-100
тракторы)
1-сурет. Шынжыр табанды трактор ВТ-100 негізгі бөліктері мен оларды механизмдерінің
орналасу сүлбесі
1-двигатель, 2-гидравликалық аспалы механизм, 3-тіркеме құрылғы, 4-жетекші доңғалақ, 5-
планетарлық механизм, 6-соңғы беріліс, 7-беріліс қорабы, 8-қосу бөлігі, 9-ілініс, 10-шынжыр
табан, 11-бағыттағыш дөңгелек, 12-басты беріліс.
Двигатель 1 отынды қыздыратын химиялық энергияны механикалық энергияға
айналдырады.
Трансмиссия двигательдің иінді білігінен алынған моментті жетекші
доңғалаққа жеткізеді. Ол келесі механизмдерден тұрады; ілініс 9, қосу білігі 8,
беріліс қорабы 7, басты беріліс 12, соңғы беріліс 6.
11
Трактордың жүріс бөлігі айналыс қозғалысын ілгерілмелі қозғалысқа
айналдырады. Оған қаңқа (рама),жетекші доңғалақ (жұлдызша) 4, шынжыр табан 10,
күйме (каретки), аспалы,бағыттағыш дөңгелек 11 және таяныш роликтері.
Трактор жетекщі дөңгелек , бағыттағыш тірек және ұстап тұратын
дөңгелектермен жеке-жеке буындардан тұратын шынжыр табанмен жылжиды.
Трактордың двигателі,трансмиссия механизмдері және жүріс бөлігі рамаға
бекітіледі.Трактордың жүрісін басқаратын механизм жүріс бөлігіне әсер етіп, жүріс
бағытын өзгертеді, тоқтатады және тежеп ұстап тұрады. Оларға бұру 5 және тежеу
механизмдері жатады.
Трактордың жұмыс жабдықтары гидравликалық аспалы жүйе 2, тіркеме 3, қуат
алу білігі және жетекші шкивтен тұрады.
Аспалы жүйе-тракторға аспалы машина бекітуге және оның жұмысын
басқаратын механизмдер тобы. Тіркеме,әртүрлі тіркемелі машиналар мен
құралдарды тіркеуге мүмкіндік береді.
Қуат алу білігі кейбір машиналардың қозғалысы кезінде басқа да жұмыс
мүшелерін қозғалысқа келтіруге қолданылады (силос жинайтын, кәртөп жинайтын
комбайндар және т.б.).
Доңғалақты универсалды қатар аралық трактордың жүріс бөлігі және басқару
механизмі қаңқа, алдынғы белдеме, жетекші, басқару дөңгелектері және рульдік
басқарудан тұрады. Доңғалақты трактордың басты және соңғы берілістерінің
арасына дифференциал орнатылған.
2-сурет. МТЗ-80 доңғалақты тракторының негізгі бөліктері,механизмдері және
бөлшектерінің сүлбесі.
1-басқару дөңгелегі; 2-алдыңғы белдеме; 3-двигатель; 4-аспалы механизм; 5-жетекші
дөңгелек; 6-соңғы беріліс; 7-дифференциал; 8-басты беріліс; 9-беріліс қорабы; 10-ілініс;
Автомобиль тораптар мен механизмдерден тұрады,негізгі үш бөлшектен:
двигатель, шасси және кузовтан.
Автомобильдің негізгі бөлшектері мен механизмдерін принципиалдық
сұлбасының доңғалақты трактордың сұлбасынан аз айырмашылығы бар.
Автомабильдің шассиі трансмиссия жүру бөлігі және басқару механизмінен
тұрады. Автомабильдің шассиіне жүргізуші отыратын, жолаушылар және жүк
12
тиейтін кузов орнатылады. Автомобильдерде ілінісу құрылғы хебетка, жылыту
жүйесін, ауа салқындатқыш, компрессор және т.б. болады.
Достарыңызбен бөлісу: |