Молдабек Н.Қ. Автомобильдердің ҚҰрылысы қостанай, 2022


 ГАЗ автомобильдерінің конструктивтік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет9/36
Дата28.11.2023
өлшемі1,52 Mb.
#131034
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
Автокөлік құралы оқулық

 
 2 ГАЗ автомобильдерінің конструктивтік ерекшеліктері 
Ауыл шаруашылығында ГАЗ-52, ГАЗ-53, ГАЗ-66 автомобильдері мен олардың 
модификациялары кең таралған. Оларға күштік агрегаттар жаңадан дайындалды
сонымен қатар V-тәрізді 8 цилиндрлі карбюраторлы двигатель, жұмыс көлемі 4,25 л, 
қысу дәрежесі 6,7 және иінді біліктің айналу жиілігі 3200 айн/мин кезіндегі ең 
үлкен қуат 88,3 кВт. Автомобильдің ең үлкен жылдамдығы 80 км/сағ.
Автомобиль ГАЗ-53-12- бұл өзгертілген ГАЗ-53А. автомобилі. Оның жүк 
көтергіштігі 4 тоннаға дейін өсіп, қызмет ету мерзімі ұлғайды. Автомобиль ГАЗ-52-
04-ң жүк көтергіштігі төмен (2,5 т). Автомобильде төрттактілі алты қатарлы 
цилиндрлі карбюраторлы двигатель орнатылған, жұмыс көлемі 3.48 л, қысу 
дәрежесі 6.7 және біліктің айналу айналу жиілігі 2800 айн/мин кезіндегі ең үлкен 
қуат 55 кВт. Автомобильдің ең үлкен жылдамдығы 70 км/сағ.
Горьков зауыты шығаратын автомобиль ГАЗ-66, 2 т жүк көтереді және 4х4 
доңғалақ формуласына ие. Автомобильде төрттактілі У тәрізді сегіз цилиндрлі 
карбюраторлы двигатель орналасқан, жұмыс көлемі 4.25 л, қысу дәрежесі 6.7,және 
иінді біліктің айналу жиілігі 3200 айн/мин кезіндегі ең үлкен қуат 88.3 кВт. 
Автомобильдің ең үлкен жылдамдығы 90 км/сағ.
Ауыл шаруашылығында доңғалақ формуласы 4х4 және жүк көтергіштігі 0.8 
тонналы УАЗ-452Д автомобилі қолданылады. Автомобильде төрттактілі төрт 
қатарлы цилиндрлі карбюраторлы двигатель орнатылған, жұмыс көлемі 2.44 л, қысу 
дәрежесі 6.7 және иінді біліктің айналу жиілігі 4000 айн/мин кезіндегі ең үлкен қуат 
55.2 кВт. Автомобильдің ең үлкен жылдамдығы 95 км/сағ. 
1980 жылдары кәсіпорындардың техникалық саясатының негізгі бағыты жүк 
машиналардың дизелизациялау болды.1984 ж алғаш рет ауамен салқындатылатын 
дизельді 
двигательді 
ГАЗ-4301 
жүк 
автомобилі 
құрастырылды. 
Кейін 
құрастырушылар тоғыз тонналы самосвалды автопоезд ГАЗ-6008 шығарды.Осы 
автомобильдерде бірінші рет автозавод мамандары ойлап тапқан дизелді күштік 
агрегат қолданылды.1932 ж құрылған Горьков автомобиль зауыты өзінің 70 жылдық 
тарихында отандық машинақұрастырудың орталығына айналды. Кәсіпорын 
мамандарымен автомобильдік техниканың 150 ден астам модельдері мен 
модификациялары меңгерілді, сонымен қатар дайындалып шығарылған жеңіл және 
жүк автомобильдер саны 16 миллионнан астам. Барлық автомобиль зауыттары 
(ВАЗ, КАМАЗ, ЗАЗ, ПАЗ, УАЗ, және т.б) ГАЗ мамандарының тікелей қатысуымен 
құрылды. Қазіргі күннің өзінде ГАЗ Ресей автомобиль құрылысында ерекше орын 


17 
алады. ГАЗ мемлекеттегі кең ауқымдағы жеңіл және жүк машиналарын шығаратын 
жалғыз зауыт. Ауылшаруашылығын жүк машиналарымен қамтамасыз ететін, 
әскерге арналған толық жетекті жүк машиналары мен орта классты ВОЛГА жеңіл 
машиналарын шығаратын басты зауыт ГАЗ екені белгілі. Ресей автомобиль 
құрылысындағы ОАО ГАЗ-ң үлес салмағы: жеңіл автомобильдері-6,5 , жүк 
автомобильдері-55,6 , автобустар-47,9 құрайды. Зуытта әртүрлі комплектациялы 
автомобильдер шығарылады: ВОЛГА автомобилінің 40-қа жуық комплектациясы, 
100-ден астам ГАЗель мен СОБОЛЬ-ң жүк машиналарының комплектациялары, 
сонымен қатар 20-дан астам ортатонналы автомобильдер комплектациялары. 
ГАЗ өз өнімдерін әлемнің 30-дан астам елдеріне экспортқа шығарады. 
Олардың қатарына Шығыс Еуропа, Оңтүстік-шығыс Азия, Оңтүстік Америка, Таяу 
Шығыс, Африка және ТМД елдері кіреді. 
Жүк автомобильдері отбасына жатады: 
ГАЗ-3302- кабинасы 3-орынды базалық автомобиль; 
ГАЗ-33021- кабинасы 3-орынды автомобиль; 
ГАЗ-33023- кабинасы 6-орынды автомобиль; 
ГАЗ-33027-кабинасы 3-орынды толық жетекті автомобиль; 
ГАЗ-330273- кабинасы 3 және 6-орынды толық жетекті автомобиль; 
ГАЗ-2705-кабинасы 3-орынды толықметаллды фургонды автомобиль; 
ГАЗ-27057- кабинасы 3 және 7-орынды толық жетекті фургон; 
ГАЗ-3302-ге ДВС ЗМЗ-4061 немесе 4063, ал ГАЗ-33021-ге –ЗМЗ-4025 немесе 
4026 қойылған.
Аса көп сұранысқа ГАЗ-ң ГАЗель мен СОБОЛЬ жүк машиналары, ВОЛГА, 
сонымен қатар жаңа дизайнды жақсартылған беріліс қорабымен ГАЗ-31105 
автомобильдері ие болып отыр.
2003 ж Горьков автомобиль зауытының конвейерлерінен 213 489 
автомобильдер мен көлік комплекттері өтті, бұл 2002 ж-мен салыстырғанда 8750-ге 
артық. 2002 ж-мен салыстырғанда ГАЗ автомобильдері 15599-ға артық 
сатылды.2004 ж қалалық типті ортатонналы жүк машинасы «Валдай», және 
көпмақсатты автомобиль «Тигр» шығарыла бастады. 2004 ж 231 мың автомобиль 
шығарылды, оның ішінде 72 мыңы жіңіл автомобильдер.
Жеңіл автомобильдермен де осындай мәселе. Солтүстік Қазақстанға 
импортталған барлық автомобильдер Ресейде немесе шет елдерде шығарылған. 
Өскеменде, Шығыс Қазақстанда автожинағыш зауыт құрылды, ол зауыт «Нива» 
және «Шкода» автомобильдерін шығарады. Ресейден көбінесе Еділ және Горьков 
автомобиль зауыттарының әртүрлі модификациялы автомобильдері әкелінеді. 
Мысалға, ВАЗ-2107 автомобилі бес орынды төменгі классты. Автомобильде 
төрттакттілі қатарлы төртцилиндрлі карбюратолы двигатель орнатылған, жұмыс 
көлемі 1,458 л, қысу дәрежесі 8,5 , және иінді білігінің айналу жиілігі 5600 айн/мин 
кезіндегі ең үлкен қуаты 56,6 кВт. Автомобильдің ең жоғарғы жүру жылдамдығы 
150 км/сағ. ВАЗ-2121 автомобилі «Нива»-төрт орынды, төменгі классты, жоғарғ 
өтімділікпен (4х4). Алыс қашықтықтарға барғанда жүргізушіні есептегенде бес 
адамды сыйғыза алады. Автомобильде төрттактілі қатарлы төртцилиндрлі 
карбюраторлы двигатель орнатылған, жұмыс көлемі 1,57 л, қысу дәрежесі 8,5 және 


18 
иінді білігінің айналу жиілігі 5400 айн/мин кезіндегі ең үлкен қуаты 63,3 кВт. 
Автомобильдің ең үлкен жылдамдығы 130 км/сағ. 
Горьков автомобиль зауыты көп жылдар бойы бес орынды, орта классты ГАЗ-
3102 «ВОЛГА» автомобилін шығарды.Автомобильде төрттактілі қатарлы 
төртцилиндрлі карбюраторлы форкамерлі жанғышымен двигатель орнатылған, 
жұмыс көлемі 2,445 л, қысу дәрежесі 8 және иінді білігінің айналу жиілігі 4800 
айн/мин кезіндегі ең үлкен қуаты 77,2 кВт. Ең үлкен жылдамдығы 152 м/сағ. Бұл 
автомобиль аз көлемде шығарылады, ыңғайлығы жоғары, қызметтік жұмыстарға 
арналған.
Германия, Япония, АҚШ, Италия, Франция, Швеция, Чехия сияқты елдерден 
жүрілген және жаңа автомобильдердің импорты жалғасуда. Бұл төмен баға мен 
техникалық және технологиялық жағынан тиімді деңгеймен түсіндіріледі. 
1-кесте. Қостанай қаласының автомобиль паркінің құрамы (2005ж) 
Көліктер 
Мемлекеттік 
Жеке меншік 
Автобустар (дана) 
613 
330 
Жүк автомобильдері 
5290 
2575 
Жеңіл автомобильдер 
7733 
37475 
Шет 
ел 
жеңіл 
автомобильдері 
211 
4727 
Барлығы 
58960 
Сапалы жанар жағармай мен сапалы жолдарды қажет ететін көптеген шет ел 
автомобильдерінің эксплуатациялық шарттары жақсы. Көбінесе барлық автомобиль 
кәсіп орындары жаңа жүк машиналарын сатып алмайды, олар тек қана 
эксплуатациялық жұмыстармен шектеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет