197
баланың ойлауы мен оның сӛздік білдіруін белгілі бір жолмен
бағыттайтын тҥрлі міндеттер болып табылады. Сонымен қатар, тҥрлі
жас топтарында тапсырманың императивті және императивті емес
формаларының әсері біршама тҥрліше болып келеді.
Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет
Іс әрекеттің қҧрылымдық компоненттерінің бірі әрекет болып
табылады – кез-келген іс-әрекеттің морфологиялық бірлігі. Бҧл адамзат
іс-әрекетінің маңызды «қҧраушысы».
«Адамзаттық іс-әрекет әрекет
формасы немесе әрекеттер қатарынан ӛзгеше түрде бола алмайды, ...
іс-әрекет әдетте ортақ мақсаттан бӛлінген жеке мақсаттарға
бағынатын әрекеттердің қандай да бір жиынтығымен іске
асырылады»
[112, 154-155 б.].
А.Н. Леонтьев бойынша, «
әрекет –
түрткісі оның затымен сәйкес келмейтін (яғни, ӛзі бағытталған
нәрсемен), керісінше осы әрекетті қамтитын іс-әрекетте жататын
процесс
[111, 289 б.].
Сонымен қатар,
«әрекет заты оның тікелей,
түсінілген мақсаты болып табылады»
[111, 290 б.].
Басқаша айтқанда,
егерде тҥрткі тҧтастай іс-әрекетпен байланыстырылса, онда әрекет
белгілі бір мақсатқа жауап береді. Іс-әрекеттің ӛзі әрекеттерден кӛрінсе,
ол мотивтенген және мақсатты болса, онда әрекет ретінде тек мақсатқа
жауап береді.
А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясында кӛрсетілгендей
«іс-әрекет
пен әрекет арасында ерекше бір қатынас бар. Іс-әрекет түрткісі
жылжи отырып әрекет затына (мақсатына) айналуы мүмкін.
Нәтижесінде әрекет іс-әрекетке айналады... Дәл осы жолмен жаңа іс-
әрекеттер туындайды, шындыққа деген жаңа қатынастар пайда
болады»
[111, 290 б.].
Мҧндай айналуды А.Н. Леонтьев келтірген
мысалмен кӛрсетейік: бала тапсырманы орындап отыр, оның әрекеттері
шешім табу мен оны жазу болып табылады. Егер бҧл
оқушы болса
және оның әрекеттерін мҧғалім бағалайтын болса, және де ол оларды
орындай бастаса, себебі шешім табу мен нәтиже алудың ӛзі оған
қызықты, онда бҧл әрекеттер іс-әрекетке, берілген жағдайда –
оқушының іс-әрекетіне «айналады». Егерде бҧл
мектепке дейінгі
жастағы бала болса және оның тапсырманы орындауы, нәтижесінде
баланың ойнауға баратыны не бармайтынымен мотивтендірілсе, онда
тапсырманы орындау тек әрекет болып қалады. Осылайша, кез-келген,
соның ішінде оқу іс-әрекеті де әрекеттерден тҧрады және де оларсыз іс-
әрекет мҥмкін емес, ал әрекеттер болса іс-әрекеттен тыс бола алады.
198
Оқу іс-әрекетін осылайша қарастыруда тек оған енетін тҥрлі оқу
әрекеттері ғана талданады.
Достарыңызбен бөлісу: