228
де, қоғалыстық жаттығудың мәнін де құрастырушы белсенді
психомоторлық іс-әрекет... Қозғалыстық дағдыны ӛндіру мәндік
қатарлық әрекет, онда жекеленген мағыналық буындарды жіберіп
алмау, олардың тәртібін шатастырмау керек. ...Қозғалыстық
дағдының ӛзі – ӛте күрделі құрылым: оның ішінде әрқашанда жетекші
және фондық деңгейлер, жетекші қосымша буындар, сӛздің тура
мағынасындағы фондар, автоматизмдер мен түрлі рангілердің қайта
шифрленуі және т.б. болады. Кем емес мӛлшерде сапалы құрылымдық
күрделілікпен оның қалыптасу үрдісі де қаныққан»
[24, 174 б.].
Дағдының қалыптасуы, Н.А. Бернштейн бойынша – бҧл оның
жасалуының кҥрделі процесі, ол барлық
сенсомоторлық деңгейлік
жҥйелерді қамтиды. Еске сала кетейік, олардың барлығы (А, В, С, Д, Е
тағы ары қарай) кез-келген дағдыны ҥйлестірушілік басқарудың
кҥрделенуші жҥйесі болып табылады (жҥру, шапшаң жазу, сӛйлеу,
велосипед тебу т.б.). Мысалы, А деңгейі жазу кезінде жазып отырған
қолдың және жҧмыс кейібінің
жалпы тоникалық фонын; В деңгейі –
қозғалыстың баяу қимылы мен уақыттық ӛрнекті; С деңгейі – сызылған
жақты, жазуды; Д және Е деңгейлері жазудың мағыналық жағын
қамтамасыз етеді.
Н.А. Бернштейн кез-келген дағдының жасалуының екі кезеңін
бӛледі. Бірінші кезең –
дағдыны меңгеру
– тӛрт фазаны қамтиды: 1)
жетекші деңгейді анықтау; 2) қимылдың қозғалыстық қҧрамын анықтау,
ол басқа адамның қимылын бақылау мен талдау деңгейінде болуы
мҥмкін; 3) «осы қимылдарды іштей– ӛзіндік тҥйсіну»
ретінде сәйкес
тҥзетулерді айқындау. Бҧл фаза бірден, секіріс тҥрінде келеді және
кӛбінесе ӛмір бойы сақталып қалады (егер жҥзуді ҥйренсең онда
мәңгілікке ҥйренесің), алайда бҧл бардық дағдыларға қатысты емес; 4)
фондық тҥзетулердің тӛменгі деңгейлерге ауысуы, яғни автоматтандыру
процесі. Дағды ӛндіру
уақытты талап ететіні маңызды, ол барлық
қоғалыстардың нақтылығын мен стандарттылығын қамтамасыз ету
керек.
Екінші кезең –
Достарыңызбен бөлісу: