34
(мысалы, мәтіннің, суреттің, музыкалық шығарманың) мақсатын,
болжамын және талдау тәсілдерін ҧйғарады.
Педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің ерекшелігіне
байланысты жоғарыда аталған әдістердің бірі жиі, басқалары сирек
қолданылады.
Оқушылардың
іс-әрекеті
ӛнімінің,
олардың
шығармашылығының талдауы (есептер шешімінің, конспектілер,
шығармалар, еңбек ӛнімі, оқушылардың бейнелеу шығармашылығының
және т.б. нәтижесін талдау), әңгімелесу, сауалнама, қалыптастырушы
(ҥйретуші) эксперимент байқаумен қатар, педагогикалық психологияда
ең кӛп қолданылатын әдістер болып табылады. Сонымен қатар,
педагогикалық психологияда тестілеу әдісін пайдалану кеңінен таралып
келеді. Осы әдісті қолданатын зерттеуші-педагогтың тек жоғары кәсіби
жауапкершілігімен қатар, этикалық жауапкершілігін ескере отырып оны
тереңірек қарастырайық.
Тестілеу - қаттырақ айтқанда бҧл - психодиагностикалық
процедура, және «...пайдаланушы психодиагностикалық әдістер арқылы
психологияның моральдық-этикалық кодексінен туатын бірқатар
міндеттер алады». Тестер толық және жҥйелі тҥрде А. Анастазидің
«Психологиялық тестілеу» атты еңбегінде баяндалған [27, 3 б.]. Бҧл
жҧмыстың алғысӛзінде жалпыға тҥсіну ҥшін жалпы диагностикалау
және тестік диагностикалаудың маңызды проблемалары, атап айтқанда,
біздің белгілі кезекпен баяндап беретін ережелер белгіленген.
Біріншіден, алғысӛздің авторлары К.М. Гуревич пен В.И. Лубовскийдің
пікірі бойынша, «психологиялық диагностиканың тест, сауалнама, ӛз-
ӛзіне есеп беру, жетістіктер тесті (табыстылықты тіркеу) сияқты тҥрлері
мектеп, кәсіптік-техникалық училищелер, кәсіпорындар, мекемелер мен
жоғары оқу орындарында айтарлықтай орын алған жоқ, ал оның біздің
білім беру жағдайымызда қажеттілігі анық. Екіншіден, авторлар басқа
елдерде қолданылатын тестерді біздің диагностикалау тәжірибемізге
сол қалыпында кӛшіру мҥмкін еместігін атап ӛтеді.
«Тестерді олардың
пайда болған әлеуметтік ортасынан басқа ортаға кӛшіру екі жақты
қиыншылықтармен байланысты. Бірінішісі, басқа мәдениеттің ӛкілі
болып табылатын сыналушылар тест тапсырмаларын ӛздігінше
қабылдайды, себебі олар ӛздерінің
Достарыңызбен бөлісу: