И. А. Зимняя педагогикалық психология


маңыздылық және семантикалық



Pdf көрінісі
бет22/229
Дата02.12.2023
өлшемі2,21 Mb.
#131392
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   229
Байланысты:
И.А. Зимняя Педагогикалық психология (2) 3

маңыздылық және семантикалық
 
жүйелерін қолданады.... Екінші қиыншылық - тестің тілдік 
трансплантациясында» 
[9, 1 кітап, 13-14 б.]. Басқа сӛзбен айтқанда, 
тесті әлеуметтік-мәдени детерминациялау тіркеліп отыр, ол тестілеу 
кезінде ескерілуі қажет (жас ерекшелік және жыныстық тҧрғысынан 
жеке қарау және тестердің вариативтілігімен бірдей). Ҥшіншіден, 
тестердің кҥрделілігі мен валидтілігіне және осыған байланысты арнайы 


35 
бағытталған тестерді әзірлеудің қаншалықты болшағы бар екеніне назар 
аударылады. «Бҧл тестерді қолдануда жеке тҧлғаның (немесе топтың) 
жауаптарының 
нәтижесін 
нормамен, 
яғни 
берілген 
тесті 
сыналушылардың басым кӛпшілігі қалай орындағанымен салыстыру 
қажеттілігі жоқ. Егер тест жақсы әзірленген болса, онда сыналушының 
сол жиынтық
ӛкілдері болып табылатын басқа сыналушылармен 
салыстырғанда қандай екендігін емес, оның білімі мен біліктілігін 
кӛрсетуі қажет [9, 1 кітап, 11 б.]. Басқа сӛзбен айтқанда, бҧл жерде 
нормалы бағытталған тестерге қарағанда критериалды бағытталған 
тестерге басымдылық беріліп отырылғанын және олардың бір-бірінен 
айырмашылығын кӛреміз.
Біздің еліміздегі нормалы бағытталған тестілеуде компьютерлік 
тестік диагностика НОРТ жҥйесінде толығынан ҧсынылған (185). Бҧл 
жҥйені әзірлеуші А.К. Ерофеев НОРТ жҥйесін пайдаланушы міндетті 
тҥрде келесілерді білуі қажет: 1) нормалы бағытталған тестіледің негізгі 
қағидаларын; 2) тестердің тҥрі мен оларды қолдану саласын; 3) 
психометрика негіздерін (яғни, бҧл жҥйеде психологиялық сапалар 
қандай бірлікте ӛлшенетінін); 4) тестің сапалық ӛлшемдерін (тестердің 
валидтілігі мен сенімділігін анықтау әдістері); 5) психологиялық 
тестілеудің этикалық нормалары және сараптама және кеңес беру 
жағдайындағы ерекшеліктер. Осыған сәйкес, талаптар ӛлшемді 
бағытталған тестерге және оны қолданушыларға да қойылады.
Т-деректер тестердің әртҥрлі тҥрлері, немесе объективті тестерді, 
жоғарыда аталып ӛткендей, Р.Б. Кэттел мен В.Ф. Варбуртон 12 топқа 
жинақтаған, олар бір жағынан, олардың саналуандылығын кӛрсетеді, ал 
басқа жағынан- зерттеудің берілген әдісінің ауқымдылығын кӛрсетеді 
(В.М. Мельников, Л.Т. Ямпольский). Бҧл топтарға:
1.
Қабілеттілік тестілері (интеллектуалды функция, білім, тәсілдер 
және т.б.). 
2.
Іскерлік пен дағды тестілері (кӛру-моторикалық ҥйлестіру, 
лабиринттен ӛту)
3.
Қабылдауға арналған тестілер.
4.
Сауалнамалар (мінез-қҧлық, денсаулық жағдайы және т.б. 
туралы сауалнамалар).
5.
Пікір (басқа адамдарға, нормалар мен т.б. кӛзқарасын анықтау).
6.
Эстетикалық тестер (қандай картиналар мен суреттерге және 
т.б. басымдылық беретінін анықтау).
7.
Жобалау тестілері (тҧлғалық тестілер). Объективті болып 
табылмайтын, формализациялау талаптарын қанағаттандырмайтын 
ТАТ, Роршах тестері мҧнда кірмейді. 


36 
8.
Әр тҥрлі жағдайлардағы тестілер (әртҥрлі жағдайда - жеке, 
топта, жарыста және т.б. тапсырмалар орындауды зерттеу).
9.
Адамдардың ӛздерін неғҧрлым толығынан кӛрсететін ойындар.
10.
Физиологиялық тестілер (ЭКГ, КГР және т.б.).
11.
Физикалық тестілер (антропометрикалық).
12.
Кездейсоқ бақылаулар, яғни тестің қалай ӛткізілуін зерттеу 
(мінез-қҧлықты жазып алу, қорытынды және т.б.).
Білім беруде тест жҥргізуді талдай келе, А. Анастази бҧл процесте 
қолда бар тестілердің барлық тҥрі қолданылатын атап ӛтеді, алайда 
барлық стандарттандырылған тестілердің ішінде ең кӛбі табыстылық 
тесті. Олар бағдарламалар мен білім беру процесінің тиімділігін 
анықтау ҥшін жасалынған. Онда 
«әдетте тұлғаның оқуды аяқтағаны 
бойынша жетістіктерінің соңғы бағасын береді, онда негізгі 
қызығушылық тұлғаның нақ осы уақытта не істей алатынына назар 
аударылады» 
[9, 2 кітап, 37 б.].
Бҧл тестердің мазмҧны ӛзінің кейбір бӛлімдерінде білім беру 
стандарттарымен астарласуы мҥмкін. Оларды оқу бағдарламаларына 
объективті баға беру тәсілі және тҥзету қҧралы ретінде қарастырады. 
Әдетте, табыстылық тестілері біртҧтас білім беру жҥйелері ҥшін барлық 
оқу бағдарламаларын қамтитын тестілік «батареялар» сияқты. 
Америкада 1923 жылдан бері қолданылып келе жатқан табыстылық 
тестілер батареясын мысалға келтіре отырып, мысалы Стенфорд 
табыстылық тестілері (1970 ж. Ҧлттық табыстылық тесті, 1970 жылғы 
Калифорния табыстылық тесті және т.б.), А. Анастази оған кіретін 
субтестілерді атайды: сӛздік; тҥсіну: а) оқылғанды және б) 
тыңдалынғанды; сӛздерге талдау; математикалық: а) ҧғым, б) есептеу; 
математиканы пайдалану, тіл; әлеуметтік және жаратылыстану 
ғылымдарын білу [9, 2 кітап, 43 б.]. Сонымен бірге, ол тестілер 
бойынша барлық тапсырамалар кӛп жауаптар таңдап алумен сҧрақтар 
тҥрінде беріледі, және кӛрсеткіштер, оларды тҥсінік беру, стандарттау 
бойынша нҧсқаулар келтіреді. А. Анастази мҧғалімнің нақты 
жҧмысының пәні бойынша осы негіздерді пайдаланып тестік 
тапсырмалар мен бақылаулар әзірлеу мҥмкіндігін кӛрсетеді. Сонымен 
қатар, бірқатар пәндер бойынша оқушылардың әртҥрлі топтары ҥшін 
проценттік нормалар әзірленгені және мектепке дайындығы тестілерінің 
дайындығы аталынады. Жас ерекшеліктері әртҥрлі оқушылардың 
психологиялық диагностикасының нақты мысалдарын Р.С. Немов 
келтірген. [148, 73-493 б.]. Бҧл жерде біздің елімізде тестология 
проблемасының операционалды-әдістемелік жағы біраз ҧтылып тҧрса 
да әдіснамалық, ҧғымдық жағы (М.С. Бернштейн, Г.С. Геллерштейн, 


37 
К.М. Гуревич, В.С. Аванесов, А.К. Ерофеев, А.Г. Шмелев және т.б.) 
әлемдік деңгей бойынша жоғары деп бағаланады.
Жоғарыда айтылғандрдың барлығы педгогикалық психологияда 
тест жҥргізуді қолдану - жауапты, этикалық, жоғары кәсібилікті, арнайы 
дайындықты және адамның психолог-диагностың этикалық кодексіне 
сәйкестігін талап ететін іс екенін білдіреді [58]. 
Педагогикалық психологияда зерттеудің тағыда бір маңызды әдісі 
социометрия 
болып табылады. Бҧл Я. Морено әзірлеген топ ішілік 
тҧлға аралық байланыстарды зерттеудің эмпирикалық әдісі. Бҧл 
қойылған сҧрақтарға топ мҥшелерінің ішіндегі таңдаулыларының 
жауаптарын пайдаланатын әдіс - топтың қаншалықты ҧйымшылдығын, 
топ кӛшбасшысын анықтауға мҥмкіндік береді. Ол педагогикалық 
тәжірибеде оқу ҧжымдарын қалыптастыру және қайта топтарға бӛлуде, 
топішілік ӛзара әрекеттесуді анықтау ҥшін кеңінен пайдаланады 
[әдістер туралы толығырақ 39, 88-116 б. қараңыз].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет