И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет49/229
Дата02.12.2023
өлшемі2,21 Mb.
#131392
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   229
Байланысты:
И.А. Зимняя Педагогикалық психология (2) 3

заттылығы 
оның негізгі сипаттамасының бірі болып табылады. Іс-әрекет заттылығы 
бойынша оның тҥрлері ажыратылып, аталады, мысалы педагогикалық, 
конструкторлық және т.б. Зат – іс-әрекеттің психологиялық (заттылық) 
мазмҧнының негізгі элементтерінің бірі, оған одан басқа қҧралдар, 
тәсілдер, алынған ӛнім мен нәтиже кіреді. Іс-әрекеттің психологиялық 
мазмҧны мен қҧрылымы жӛнінде толығырақ оқу және педагогикалық 
қызметтің мысалында қарастырылады.
Іс-әрекеттің маңызды сипатының бірі оның 
түрткісі 
болып 
табылады, оны қарастырғанда ең алдымен, әрекеттің бастапқы сәті, 
яғни оның алғышарты - ӛзін затта тапқан қажеттілікке назар 
аударылады. 
«Қажеттілік затта ӛзінің анықталуын тапқандықтан 
(онда заттанып), берілген зат оның түрткісі болады, яғни оны соған 
итеруші болады»
[111, 251 б.]. 
«Сонымен, іс-әрекет ұғымы мотивация 
ұғымымен қажетті байланыста. Түрткісіз әрекет болмайды
» 
[112, 153 б.]. Бҧл жерде егер, қажеттілік мысалы, танымдық, ӛзін баурап 
алатын кітап мазмҧнында сияқты затта «тапса», онда бҧл ӛзін затта 
тапқан қажеттілік, немесе «заттанған қажеттілік» әрекеттің ішкі тҥрткісі 
болады. Ішкі тҥрткі іс-әрекеттің қҧрылымының ӛзіне кіреді. Бҧл жерде 
бҧл анықтаманы С.Л. Рубинштейннің іс-әрекет тҥрткісін тҥсінуімен 
байланыстыруға болады: «кез-келген іс-әрекет тҥрткіден басталады, 
яғни қандай да бір маңызды жағдайды уайымдау іс-әрекетке итереді, ол 
индивид ҥшін берілген іс-әрекетке мағына береді» [193, 187-188 б.]. Бҧл 
анықтамада уайымдау факторы маңызды, ол қажеттілік пен заттың 
«кездесуінің» жанында ілесіп жҥреді, сонымен бірге ол мойындалатын 
қажеттілік ретінде болмауы да мҥмкін.
Л.И. Божович бойынша, іс-әрекет ішкі тҥрткілермен қатар сыртқы- 
кең әлеуметтік немесе жеке тҥрткілерден де туады [28, 29]. Мысалы, 
белгілі бір мектепте, лицейде оқудың, ӛзінің жеке ӛсуі, парызы және 
т.б. – бҧлар оқушының оқу әрекетінің ӛзіне қатысты сыртқы тҥрткілері 
болуы мҥмкін. Олар тек «білетін, тҥсінетін» ғана болмай, «нақты іс-
әрекеттегі» болуы мҥмкін. Алайда, жалпы алғанда қоғамдық мінез-
қҧлықтың мықты қозғаушы кҥші бола отырып, бҧл сыртқы тҥрткілер 
оқушының оқу материалын меңгеруге бағытталған оқу қызметіне енуін 
ӛздігінен қамтамасыз ете алмайды. Олар оқушының оқу міндетін 
қабылдауын анықтамайды. Бҧл процеске ішкі, танымдық тҥрткілер 


80 
кіргізілуі тиіс. Сыртқы «тҥсінетін» тҥрткілер белгілі жағдайда «іс-
әрекеттіге» айналады деп А.Н. Леонтьев атап ӛткен. Оқушы сабақты 
орындайды, себебі ол бҧның мектеп талабы екенін біледі (нақтырақ 
айтқанда, ол оның қабылдаған әлеуметтік рӛлі). Ол енді ҥй жҧмысын 
бірнеше рет қайта орындап, тазарақ жазады. Осының бәрін ол ата-
анасына «ӛте жақсы» баға алғысы, мҧғалімді немесе оларды қуантқысы 
келетінімен тҥсіндіреді. Ең ақырында, ол тапсырманы шешудің
қызығырақ жолын тапқандығынан қайта шығарып отырғанын айтады.
Бҧл - жоғары, нағыз, ішкі, процеске бағытталған нақты әрекеттегі 
танымдық мотивтің жеңісі. Оған сәйкес, А.Н. Леонтьевтен соң іс-әрекет 
деп 
«адамның қоршаған ортаға қандай да болмасын қатынасын 
жүзеге асыра отырып, ерекше, соларға сәйкес қажеттілікке жауап 
беретін процестер»
 
«...бұл процестер психологиялық тұрғыдан 
берілген процестің жалпы алғанда (оның пәнінің) неге бағытталғаны 
үнемі субъектті берілген әрекетке итермелеуші объективтімен, яғни 
түрткімен сипатталады»
[111, 288 б.]. Іс-әрекеттің осындай 
анықтамасы оның ҥнемі заттылы және тҥрткіні екенін білдіреді – 
белсенді, мақсатты бағытталған процесс ретінде заттылы емес, 
мотивтелінбеген әрекет болмайды. Егер іс-әрекет пәні оның не нәрсеге 
бағытталғаны болса, онда тҥрткінің анықтамасы - осы іс-әрекеттің не 
ҥшін болатыны деген сҧраққа жауап болып табылады.
Адамның іс-әрекетін анықтаушы сипаттамасы оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет