112
осындай рӛлін қамтамасыз етуші психологиялық механизмдердің
қандай екендігі туралы сҧраққа жауап ҧйғарады. Бҧл жерде Л.С.
Выготский
бала дамуының
«…ішкі сипаты бар, бұл жетілу мен
оқытудың әсері бірге қосылатын бірыңғай процесс екенін»
атап ӛтті
[46, 286 б.]. Л.С. Выготскийдің, Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың
ӛздерінің зерттеулері баланың ӛмірге белсенді
бейімделуінің барлық
жағдайын бейнелейтін дамыта оқытудың отандық тҧжырымдамасы
әзірлемесінің психологиялық негіздерін салды: табиғат әлеміне, жалпы
адамзаттық мәдениетке, маңызды басқа әлемдерге ену,
сонымен қатар,
баланың ӛзіндік сана сезімін дамыту.
Қазіргі уақытта дамыта оқытудың В.В. Давыдов пен Л.В. Занков
ҧсынған негізгі екі тҥрі жҥйелі тҥрде зерттелген. Егер біріншісі Л.С.
Выготский, Д.Б. Эльконин, А.Н. Леонтьевтің ережелеріне негізделсе,
екіншісі Л.В. Занков шығармашылығымен тҧстас
барлық психология-
лық және педагогикалық жетістіктердің шығармашылық тҧрғыдан қайта
ӛңделген тәжірибесі болып табылады. Соның ӛзінде Л.В. Занков бҧл
тәжірибеге ӛзінің эксперименталдық жҥйесін әзірлемес бҧрын және оны
аяқтағаннан соң да біршама сенімсіздікпен бағалаған болатын. Ол
педгогика мен психологияның жетістіктеріне сҥйену мҥмкіндіктері
алдыңғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай кеңейген жоқ деп
санады.
Достарыңызбен бөлісу: