Қазақ тілі – мемлекеттік тіл



жүктеу 0.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата24.03.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4   5

 

1-сабақ.  Қазақ тілі – мемлекеттік тіл   



 

1-тапсырма.    Мәтіндерді  мәнерлеп  оқып,  орыс  тіліне 



аударыңыз.  

Қазақ тілін үйренейік 

 

Қазақ  тілі  –  қазақ  халқының  ана  тілі.  Ол  –  халық 



тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы 

ретінде  қызмет  етіп  келеді.  Қазақ  тілі  1989  жылы 

мемлекеттік  мәртебе  алды.  Ол  енді  толық  мағынасында 

республикада  білімді,  ғылымды,  техниканы  үйрену  тілі, 

мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.  

Қазақ  тілі  түркі  тілдері  тобына  жатады.  Түркі  тілдері 

тобына 

қырғыз, 


қарақалпақ, 

өзбек, 


ұйғыр, 

түрікмен,әзірбайжан,  түрік,  татар,  башқұрт,  тува,  хакас, 

якут т.б. халық тілдері кіреді. 

Қазақ халқының тілі - әрі бай, әрі көркем. 

Қос тіл – қос қанатың.  

Қазақстанның 

экономикасын, 

даму 


тарихын, 

мәдениетінің тарихын білу  басқа ұлт жастарына да парыз.  

Парыз ғана емес, әбден қажетті нәрсе. 

Сонымен, көп ұлттылық, көп тілде сөйлеу тарихи факт 

болып  отырған  біздің  елімізде  басқа  ұлт  студенттері   

өздері  қатынас  жасайтын  ұлттың  тілін,  оның  тарихын, 

мәдениетін білулері керек.  

Егер  сендер  орыс  тілі  мен  орыс  мәдениетінен  басқа 

ештеңе    білмейтін  болсаңдар,  әрине,  жақсы  емес.  Егер 

сендер өздерің жүретін ортада, өздерің тұратын қалада, өз 

республикаңда,  мысалы,  біздің  Қазақстанда  жасалған 

мәдени  байланыстарға  қызықпайтын  болсаңдар,  ол  – 

кешірілмейтін кінә. 

Сондықтан  мәдениет  үстіне  мәдениет,  білім  үстіне 

білім  жалғай  түскілерің  келсе,  ең  бастысы  достығымызды 

әрі  тереңдете  бергілерің  келсе,  сендер  қазақ  тілін  білуге, 



 

Қазақстан  тарихын  білуге  тиістісіңдер.  Қазір  нақ  осыған 



ұмтылатын шақтарың.  

 

 



 

 

 



 

(М.Әуезовтен) 

қос тіл – қос қанатың – два языка – два крыла 

жетік – знаток 

парыз – долг 

кешірілмейтін кінә - непростительная вина 

жалғай түсу – дальше продолжать 

ең бастысы – самое  главное 

тереңдете беру – дальше углублять 

тиістісіңдер – должны 

нақ осыған – как раз к этому 

 

ҚР тілдер туралы  Заңы  



 

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, қазақ баласына 

ананың сүтімен сіңген тіл. Қазақ тілі түркі  тілдері тобына 

жатады.  Түркі  тілдері  тобына  қырғыз,  түрік,  татар, 

башұүрт,  тува,  хакас,  якут  т.б.  халық  тілдері  кіреді.    Бұл 

тілдердің  ішінде    қазақ  тіліне  ең  жақындары  –  ноғай, 

қарақалпақ,    татар,  башқұрт  тілдері.    Қазіргі  қазақ  тілі  – 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.  

1989 жылы қыркүйектің 22-сі  күні  «ҚР-дағы  тілдер 

туралы»  Заң  қабылданып,  қазақ  тілі  ҚР-ның  мемлекеттік 

тілі  мәртебесін  алды.  Кейін,  1993  жылы  қаңтардың  22-сі 

күні  бұл  статус  ҚР-жаңа  Конституциясында  тұрақталып 

бекітілді. 

1997 жылы Тіл Заңы Парламентте ҚР Президентінің 

Жарлығымен  бекітілді.  Бұл  Жарлық    қазақ  тілінің 

мемлекеттік  статусын сақтады.  Сол 1997 жылы шілденің 

7-сі күні  «ҚР-ндағы тілдер туралы» жаңа Заң қабылданды. 

Бұл Заң бойынша қазақ тіл ҚР-ның мемлекеттік тілі, қазақ 

халқының ұлттық тілі болып есептеледі. 

 

Ұмытпаңыз! Қазақ алфавитінде 42 әріп, 37 дыбыс бар.  



 

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға  жазбаша жауап 



беріңіз. 

1)

 



«Қос  тіл  –  қос  қанатың»  деген  нақыл 

сөзді  қалай  түсінесің?  Ол  туралы 

жолдастарыңызбен пікірлесіңіз. 

2)

 



Жазушы  М.Әуезовтің  қазақ  тілін 

үйренуге    байланысты  айтқан  сөзіне 

пікіріңіз қандай?  

 

1.



 

Берілген  мақал-мәтелдерге,  нақыл  сөздерге    екпін 

қойып оқып, жаттап алыңыз. 

 



Сөйлей білген – үйлесе біледі. 

 



 

Сөздің көркі – мақал 

Атасы – ақыл, 

Анасы – тіл. 

 



 



Білім кілті – тіл.  

 



 

Жақсының үлгісі – 

Жанып тұрған шамдай. 

Шешенннің сөзі –  

Ағып тұрған балдай. 

 



 

Ана тілің – арың бұл. 

 



 



Ана тілі бой өсіреді, 

Ана тілі ой өсіреді.  

 



 



Қос тіл – қос қанатың. 



 

Тіл   - тас жарады,  

Тас жармаса – бас жарады.  

 


 



 

Сөздің көркі – мақал 

Атасы – ақыл, 

Анасы – тіл.  

 



 



Арқанның ұзыны,  

Сөздің қысқасы жақсы. 

 

3-тапсырма.  Қалаған өлеңіңізді жаттап алыңыз.  



 

Ана тілің – арың бұл 

Сүйемін туған тілді – анам тілін,  

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім. 

Шыр етіп жерге түскен минутымнан, 

Құлағыма сіңірген таныс ұнім. 

 

Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын



Сол тілменен әдетті мен жаттадым. 

Ең бірінші сол тілменен сыртқа шықты 

Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім. 

 

 



 

 

/ С.Торайғыров/ 



 

Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар. 

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар 

 

 



 

 

/Д.Әбілев/  



 

Ұқпасам өз Тіл – анамды, 

Ұлыңмын деуім әңгілік. 

Сәуле боп тұрсын санамда 

Әлдиі үні мәңгілік. 

 

Білмесін – білсін түсімнен, 



Ұқпасын – ұқсын түрімнен. 

Танысын дүние ісімнен 



 

Танысын туған тілімнен. 



 

 

 



 

/Ж.Молдағалиев/ 

 

2.

 



Сұрақтарға      жауап  беріңіз,  соңынан  анкетаны 

толтырыңыз.  

 

-



 

Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз? 

-

 

Әке-шешеңіз кімдер? 



-

 

Ұлтыңыз кім? 



-

 

Еліңіз алыс па? Оған қалай барасыз? 



-

 

Бұл жаққа не үшін келдіңіз? 



-

 

Қазір қайда тұрып жатырсыз? 



-

 

Қай топта оқисыз? 



-

 

Қазақ тілін білесіз бе? 



-

 

Қазақ тілін терең білгіңіз келе ме?  



-

 

 



АНКЕТА 

 

Тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты............................................ 



Туған жеріңіз, жылыңыз.................................................... 

Ұлтыңыз................................................................................. 

Біліміңіз................................................................................. 

Қазақ тілін қаншалықты білесіз ( жақсы, орташа, 

нашар)..................................................................................... 

Мекен-жайыңыз..................................................................... 

 

2-сабақ. Кітапхана. Кітапхананың түрлері.   



 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыз. 

 

 

Библиотеки  –  это  хранилища  вековой  мудрости 



человечества,  центры  культуры.    В  крупнейших  из  них  

собраны  древние  рукописи    и  автографы  великих 

писателей  и  ученых,  редкие  книги,  обладающие 

исторической  и  культурной  ценностью.  Но  современная 



 

библиотека – это не только учреждение, которое собирает, 



хранит  и  предоставляет  для  пользования  книги  и  другие 

произведения  печати. Библиотека  –  это  место  постоянных 

занятий  учащихся,  студентов,  ученых,  специалистов  всех 

отраслей хозяйства.  

 

По  своему  назначению    библиотеки    могут  быть 



массовыми 

 

и 



научными, 

универсиальными 

и 

специальными.  К  массовым  относятся  городские  и 



районные  библиотеки,  к  специальным  –  научно-

технические  библиотеки    предприятий,  учреждений, 

научно-исследовательских    институтов  и  учебных 

заведений.  Библиотеки  страны  связаны  между  собой  

межбиблиотечным абонементом (МБА).  

 

Широко  распространенной  формой  обслуживания 



читателей  является    открытый  доступ  к  книгам  в 

библиотеках.  Основной  же  книжный  фонд  помещается  в 

хранилищах.  Подобрать нужную книгу можно с помощью  

библиотечного каталога.  



 

2-тапсырма. Сүрақтарға  жазбаша жауап беріңіз: 

1.

 

Республикадағы  ең  үлкен  кітапхана  қалай  аталады  



және ол қайда орналасқан?  

2.

 



Астана  қаласындағы  кітапханалар  туралы  не 

білесіз? 

3.

 

Қарағанды  қаласындағы  үлкен  кітапханаларды 



атаңыз?  

 

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз да,  мәтінге  сөздік  құрыңыз.  



 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасы 



 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасы – 

ғылыми-ағартушылық мекеме. 1910 жылы 31 желтоқсанда 

Верныйда  оқу  залы  ретінде  ашылған.  1928  жылы  Алматы 



 

округтік  көпшілік кітапханасы деп аталды. Ал 1931 жылы 



Қазақ  КСР-нің  мемлекеттік    көпшілік  кітапханасы  болып 

қайта  құрылды.  Кітапхананың  тұңғыш  директоры  – 

көрнекті  қоғам  қайраткері  Ораз  Жандосов  болды.  Ол 

кітапхананың  басты  міндеттерінің  бірі  Қазақстан  туралы 

және  қазақ  тіліндегі  барлық    баспа  өнімдерін  жинау  деп 

есептеді.    Осыдан  бастап,  кітапхана  Республикадағы 

мемлекеттік  ұлттық    кітап  қорын  және  жазба  мұраларын 

жинақтап сақтайтын, бірден бір мекеме қызметін атқарды.  

Қазақ  КСР  Министрлігі  кабинетінің  1991  жылы  9 

желтоқсандағы  қаулысымен  Ұлттық  кітапхана  мәртебесі 

берілді.  Ол  –  кітапханатану,  библиография,  кітаптану, 

кітапхана  жұмысын  автоматтандыру,  компьютерлендіру 

бағытында  Қазақстанның  ірі  ғылыми-зерттеу  және 

ғылыми-әдістемелік орталығына айналды. 

 

4-тапсырма.  Сөйлемді  талдаңыз  Кітапхана  көрнекті 



сәулет өнері ескерткішінің бірі болып табылады.  

 

5-тапсырма. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз.  

  

 

Бүгінгі  күні  С.Мұқанов  атындағы  кітапханада  15 



бөлім  мен  7  сектор  жұмыс  істейді,оларда  72  адам  қызмет  

етеді, олардың 53 – кітапханалық қызметкерлер.  

 

Оқырмандар  кітапхананың  500  мыңнан  астам 



әсбебеп  мазмұнды  кітапхана  қорын,    уақыт  талабына  сай  

компьютерлендірілген  бөлімдерін,  интернет  орталығын, 

кітапхананың  электрондық  каталогы  мен  құқықтық 

мәліметтер қорын пайдалана алады.   

 

 

3-сабақ. 



Арнайы 

әдебиеттер. 

Каталогтар. 

Библиография.   

 

1-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз



 

10 


 

 

Справочные издания отличаются от других тем,  что 



материал  в  них    расположен    в  порядке,    удобном  для 

быстрого разыскания (по принципу  «вопрос-ответ»).  

 

Фонд  справочных  изданий  в  библиотеках,  как 



правило,  стоит  отдельно  и  находится  в  непосредственной 

близости к месту обслуживания читателей.  

 

В  настоящее  время  существует  много  видов 



справочных  изданий.    Среди  них  многотомные 

универсиальные  энциклопедии,  словари,  справочники, 

путеводители,  календари.  Сейчас  сложилась  четкая 

система  справочных  изданий,  которая  делится  на  три 

крупных блока:  

-

 



энциклопедические издания; 

-

 



языковые словари; 

-

 



словари.  

Наука 


и 

техника 


 

развиваются 

быстрыми 

темпами,современному  человеку  необходимо  многому 

учиться, 

запастись 

прочными 

знаниями, 

стать 

высокообразованным,  а  для  этого  необходимо    научиться 



пользоваться справочной литературой.  

 

2- тапсырма. Оқыңыз да, есте сақтаңыз. 



 

Бүгінде  елордамыздың  бірден-бір  мәдениет  ошағы 

болып табылатын – 23 кітапханасы бар.  Астана қаласының 

«Орталықтандырылған    кітапханалар  жүйесі»  70  мыңға 

жуық оқырманына жұмыс істеп жатыр.  

 

3-тапсырма.  Мәтінді  қазақ  тіліне  аударыңыз.  Каталог 



дегеніміз не?  

 

Каталог  –  это  перечень    хранящейся  в  библиотеке  



литературы,  составленный по определенной системе.  

 

Существуют  два  основных  вида  каталогов:  



алфавитный  и  систематический.  Кроме  них  в  крупных 

 

11 


библиотеках  имеются еще предметные  каталоги, а также 

каталоги  периодических  изданий,  журнальных  статей, 

специальных  видов  литературы,  например  стандартов, 

патентов и т.д. 

  

В  алфавитном  каталоге    карточки  расставлены  по 



фамилиям  авторов  в  их  алфавитном  порядке.    По 

алфавитному каталогу  мы  узнаем о наличии в библиотеке  

нужной книги или книги данного автора, их шифр.  

 

При 



подборе 

литературы 

по 

какому-либо 



конкретному  вопросу    пользуются  систематическим 

каталогом,  в  котором  книги  сгруппированы  по  отраслям 

знаний. 

 

В предметном каталоге перечислены все вопросы, а 



также даны описания книг.  

Библиографические  каталоги    отражают  фонд 

только данной библиотеки.   

 

4-тапсырма.  Каталог,  библиография  сөздерімен  сөйлем 



құраңыз.  

 

5-тапсырма.  «Менің  сүйікті  кітапханам»  тақырыбына 



шығарма жазыңыз.   

 

4-сабақ. «Елім менің – Қазақстан»  

 

1-тапсырма. Оқып, орыс тіліне аударыңыз 



 

Отан деген не? Бұл сөзді күн сайын естіп жүрміз. «Отан 

–  от  басынан  басталады»,  -  дейді  қазақ.  Отан  дегеніміз  – 

адамның  туып  өскен  жері,  туған-туысқандарымен, 

жақындарымен  бірге  тұратын  атамекені  .  Қазақ  елінде 

тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. 

 

Қазақ  халқының  атамекені  –  көне  замандардан 



қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, шығысы 

 

12 


мен  терістігі  –  Сібірге  және  Алтай  тауларына,  күнгейі 

Қырғызстан,  Өзбекстан,  Түрікменстан  республикаларына 

шектеседі. Көлемі бес Францияға, он екі Бельгияға парапар 

елдің  жерінде  алуан  түрлі  өсімдіктер,  жан-жануарлар  бар. 

Менделеев  ашқан  химиялық  кестесінде  көрсетілгендердің 

бәрі қазақ даласынан табылады.  

 

1991  жылы  16  желтоқсан  күні  Қазақстан  тәуелсіз 



республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда 

Қазақстанның  елбасшысы  –  Президентін  сайлау  болды. 

Тұңғыш  Президент  болып  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 

сайланды. 

 

1992  жылы  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 



Кеңесінің 

сессиясы 

Республиканың 

Елтаңбасын, 

Мемлекеттік  Туын  және  Әнұранын    бекітті,    1995    жылы 

тамыздың 

30-ында 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясы қабылданды. 

 

Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты 



бастан  кешірді.  Өйткені  ол  соңғы  үш  жүз  жыл  бойы 

тәуелсіздіктен  айырылған  еді.  Екі  жүз  жылға  жуық 

патшалы Ресейдің отары болды.  

 

Дербес тәуелсіз  ел болу  деген қандай бақыт? Елдің 



өз  құқығы  өз  қолында.  Дүние  жүзінің  жүзден  астам  елі 

Қазақстанды  тәуелсіз  мемлекет  деп  таныды.  Қырықтан 

астам елмен жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр. 

 

Қазақстан  нарықтық  экономикаға  біртіндеп  көшіп 



келеді. Жекешелендіру, кәсіпкерлік, сыртқы экономикалық 

байланыстарды  нығайту  жолында  шашуші  қадамдар 

жасала бастады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

«Қазақстан тарихынан»  



атамекен – земля предков 

күнгей-юг 

терістік – север 

құт мекені – счастливое местожительство 

тұңғыш Президент – первый Президент  

кәсіпкер – предприниматель  

жекешелендіру – приватизация 


 

13 


дербес- самостоятельный 

сыртқы – внешний 

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз. 



Отан деген не? 

Қазақстан  қай  жылы  тәуелсіз  мемлекет  болып 

жарияланды? 

Қазақстан  қай  жылы  Елтаңбасын,  Туын  және 

Әнұранын бекітті?  

 

3-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз. 



 

Ер дәулеті – еңбек 



 

Ердің атын еңбек шығарады 



 

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл 



 

Туған жердей жер болмас, 



Туған елдей ел болмас.  

 



Кісі елінде сұлтан болғанша,  

Өз еліңде ұлтан бол.  

 

4-тапсырма. 



Үлгі 

бойынша 


«Сөздік» 

 

ойынын 



жалғастырыңыз 

 

Үлгі: 



 эпоха – дәуір 

ничего- тәуір 

 

доклад- баяндама 



остановка - аялдама 

 

полуостров – түбек 



шелк-жібек 

 

приходи – кел 



ветер-жел 

 

14 


 

пища- тамақ 

расческа – тарақ 

 

5-тапсырма. 



«Елім,  жерім» 

тақырыбына  жұмбақ 

құрастырыңыз. 

Үлгі:  


Жұмбақ шешейік 

   


Өлшеусіз піштім, 

 

Жіпсіз тіктім. 



 

Зер – зер кілім, зер кілем. 

 

Көтерейін десем зор кілем. 



 

Сатайын десем, ауыр кілем

 

Сатпайын десем, тәуір кілем. 



 

 

 



 

(Жер) 


 

5-сабақ.  Орталық Қазақстан экономикасы  

 

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, орыс тіліне аудырыңыз. 



 

Қазақстан экономикасы – 2050 

 

Экономиканы  табиғатпен  салыстыруға  болады. 



Экономика  да  табиғатта  объективті.  Экономика  заңдары 

табиғат  заңдары  сияқты  объективтік  сипат  алады.  Егер 

табиғатты  түсінбесек,  табиғат  байлығын  игере  алмайсыз. 

Экономикада  солай.    Егер  экономиканы  жақсы  білсек,  ол 

бізге  байлық, пайда әкеледі. 

Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару  өнері 

дегенді  білдіретін  көне  грек  сөзі.  Өте  қарапайым  тілде 

айтатын  болсақ,  экономика  дегеніміз  -  өзіміздің 

тұрмысымыз. 

Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің 

өміріңізге араласа бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа 

шығады, кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай 



 

15 


мемлекетіміздің  шаруашылығын  басқару  үлкен  өнер. 

Сонымен 


сіздің 

күнделікті 

тұрмысыңыздың 

бәрі 


экономикадан  тұрады.  Егер  болашағымыз  бала  десек,  сол 

балаға  нені  қалдырамын,  ұрпағым  нені  жалғастырады  деп 

ойлау да – экономика.  

Қазақстан  -  өте  бай  мемлекет.  Еліміздің  байлығын 

толығымен игеру – бұл үлкен мақсат.  

Егемен  Қазақстанның    экономикасы  қуаттанып, 

әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен терезесі тең ел болуы 

үшін  мемлекет  тарапынан  қабылданған  реформалардың 

іске  асуы  керек.  Ел  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстан  –  2050  бағдарламасы»  Қазақстанды  жарқын 

болашаққа апаратын жолды айқындаған бағдарлама. Өзінің 

ұрпағының 

мақсат-мүддесін 

Қазақстанмен 

байланыстыратын  әрбір  азамат  ел  экономикасының 

қуаттауына  үлесін  қосуға  тиіс.  Экономиканың  дамуына 

Қазақстаннның  мол  шикізат  базасы,  табиғи  ресурстары, 

еңбек қорының көптігі мүмкіндік бере алады. 

Оңтүстік 

Қазақстанды 

(Қызылорда, 

Оңтүстік 

Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы)  тамақ  өнеркәсібі  мен  жеңіл 

өнеркәсіп  салаларын  дамытуға,  жеміс,  көкөніс,  күріш 

өсіру, мал шаруашылығы өркендетуге және машина жасау 

өндірісін  дамытуға  негіз  болса,  Солтүстік  Қазақстанда 

(Қостанай,  Павлодар,  Солтүстік  Қазақстан,  Ақмола 

облыстары)  қалыптасқан  астық  өндіру,  май  шайқау,  ұн 

тарту өнеркәсіп дамытуға болады.  

Солтүстік  Қазақстан  экономикасының  дами  түсуі 

үшін  мұнай  құбыры  тартылып,  Павлодардан  мұнай 

өндейтін  зауыт  салынуы  керек.  Бұл  мұнай  өнімдерін  өте 

көп  тұтынатын  Солтүстік  Қазақстан  ауыл  шаруашылық 

техникасының тоқтап қалмауын қамтамасыз етеді.  

қуаттану – подкрепиться 

терезесі тең – равный 

айқындау – выяснить 

шикізат – сырье 



 

16 


өркендету – процветать 

мұнай – нефть 

тоқтап қалмауңын – не остановиться 

қамтамасыз етеді – обеспечивает 

табиғат  заңдары – законы природы 

экономика заңдары – законы экономики 

үй шаруашылығы – домашнее хозяйство 

шарашылығын басқару – управлять хозяйством 

болашақ – будущее 

өнер – искусство 

 

Қазақстан экономикасы 



1.  Қазақстан  өзінің  табиғи  қазбаларымен  және  адам 

ресурстарымен  дүние  жүзіндегі  бай  елдердің  бірі  болып 

есептеледі. 

2. 


Тәуелсіздік 

алуына 


байланысты, 

Қазақстан 

экономикасында демократиялық қоғам жағдайында, нарық 

еркіндігін жасау межеленіп отыр. 

3.  1992  жылдан  бастап  елімізде  мемлекеттік  мекемелерге 

жекешелендіру жүргізілді. 

4.  Нарық  жағдайындағы  Қазақстанның  жекеменшік 

секторы  еліміздің  болашақ  экономикалық  тұрақтылық 

базасын  қалыптастыруда  орасан  зор  биіктерге  көтерілу 

үстінде.  

5.  Қазақстан  экономикасы  үшін  шет  ел  инвестициясына 

жол ашық. 

6.  Өтпелі  кезеңнің  қиындығына  қарамастан,  Елбасының 

«Қазақстан  –  2050»  бағдарламасы  елімізді  өркендеген 

елдердің бірі ететін, экономикасы дамыған демократиялық 

қоғамға айналдыруға кепілдік береді.  

 

2-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз 



экономикалық 

ақпарат, 

экономикалық 

заңдар, 


экономикалық 

дағдарыстар, 

экономикалық 

саясат, 


экономикалық реформалар, экономикалық болжам. 

 

 



 

17 


Сөздік 

дағдарыс – бонкрот 

болжам – прогноз 

 

3-тапсырма.  Даналық  сөздерді  жаттап  алып,  есте 



сақтаңыз. 

«Егер  әрбір  адамы  экономиканы  жақсы  білсе,  сол 

мемлекет күшті» 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Аристотель

 

Тегінде  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл, 



ғылым,ар,  мінез  деген  нәрселермен  озады,      одан 

басқа  нәрселермен  оздым  ғой  демектің    бәрі 

ақымақшылық. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Абай 



 

4-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз 

Сәкен  Сейфуллин  (1894-1938)  –  елімізге  еңбегі 

сіңген    мемлекет  және  қоғам  қайраткері.  Сәкен  –  ақын, 

жазушы,  сыншы,  ғалым.  Ол  «Көкшетау»,  «Альбатрос» 

поэмаларының,    «  Тар  жол,  тайғақ  кешу»  романының 

авторы. 

 

 



Туған жер  

 

Кеңсің дала,  



Туған ана, 

Көйлегің кең, көк ала. 

Жан беретін, 

Тән беретін 

Мейіріміді ана, сен ғана.  

 

 



 

(Сәкен Сейфуллин)  

 

5-тапсырма.  «Бүгінгі  Қазақстан»  тақырыбына  шағын 



әңгіме құраңыз.  

 

 

 

18 


6-сабақ. 


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет