15) Ж. А. Кожекенова, А. Н. Бекназарова



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#132014
  1   2   3   4
Байланысты:
ӘЛЕМДЕГІ-ЖӘНЕ-ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ-ПАЛЛИАТИВТІ-КӨМЕК-ДАМУЫНЫҢ-САЛЫСТЫРМАЛЫ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



УДК 616-08-039.75(574)(15) 
 
Ж.А. Кожекенова, А.Н. Бекназарова
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті 
ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПАЛЛИАТИВТІ КӨМЕК ДАМУЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Мақалада «паллиативтік көмек», және «паллиативтік медицина» ұғымдары кеңінен қарастырылған. Қазақстан 
Республикасындағы паллиативті көмектің таралу деңгейі, Алматы қаласындағы ШЖҚ "Қалалық паллиативтік 
көмек орталығының" жұмысын бағалау, еліміздегі онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдардың статистикалық 
көрсеткіштері, олардың паллиативтік көмекпен қамту дәрежесі айқындалған. Сонмен қатар, салыстырмалы түрде 
дүниежүзі бойынша паллиативтік көмектің шығу тарихы, даму бағыттары көптеген ғылыми еңбектерге сүйеніп 
жазылды.
Түйінді сөздер:
 паллиативтік көмек, онкологиялық ауру, қатерлі ісік, хоспис, инкурабельді науқастар, мейірбике 
 
Тақырыптың өзектілігі. 
Онкологиялық ауру медицинаның ең қүрделі, ең маңызды мәселелерінің бірі болып 
табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, бұл аурудың таралу деңгейі күннен-
күнге ұлғайып келеді. Қазіргі уақытта қатерлі ісіпен ауыратын науқастардың саны 25 млн. жетіп отыр, 2020 жылға 
қарай олардың саны екі еселеніп, 2030 жылы 75 млн. адамды құрауы мүмкін, соның ішінде 13–17 миллионы 
өліммен аяқталу ықтималдығы бар (1). 
Соңғы екі онжылдықта жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде, әрбір үшінші онкологиялық ауруларға шалдыққан 
науқастарға, тіпті экономикалық дамыған елдердің өзінде ауруды жеңілдету терапиясы қамтамасыз етілмеген[4; 5]. 
ДДҰ мәліметтеріне сүйенсек: 30 және 70 жастағы адамдардың өлім себебінің 27% - жүрек-қан тамырлар аурулары, 
қатерлі ісік, қант диабеті ауруларына тура келеді (ДДҰ-ның статистикалық мәліметтері, 2013). Онкологиялық 
аурумен жыл сайын 14,1 млн. адам сырқаттанады, соның ішінде 8,2 млн. өліммен аяқталады, ол дүниежүзі бойынша 
барлық өлімшілдіктің 13 %-ын құрайды [6]. ДДҰ-ның 2014 жылғы мәліметтері бойынша Қазақстан 
Республикасында онкологиялық аурулардан - 12200 ер адам және 10900 әйел адам қайтыс болған. Ал 2014 жылға 
дейінгі жылдары барлығы 158000 адам қайтыс болған, оның 42% жұмысқа қабілетті жас тобы. Жыл сайын осы 
ауруға шалдыққандар саны 5%-ға өсіп отыр. Қатерлі ісіктен қайтыс болған халық саны - Республика бойынша 
жалпы өлім көрсеткішінен екінші орынды алып отыр. Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2015 жылы ҚР-да 
онкологиялық аурумен ауратын жағдайлар саны 26000-ға жетті (2). Бұл әрине еліміздегі денсаулық сақтау 
мәселесіндегі күрделі жағдайлардың бірі болып келеді (3). 
Осындай жағадайларды, статистикалық мәліметтерді ескере отырып, паллиативтік көмек орталығына деген 
қажеттіліктің жоғары екені белшілі болады. Қазақстан Республикасында ДДҰ-ның ұсынысы бойынша, 300 – 400 000 
халық санына хоспистік төсек саны 30-дан кем болмауы керек. Республикамыздағы 17 млн. халық санына 
стационарлық төсек саны – 1,5- 1,7 мыңдай, яғни қазіргі таңдағы төсек санынан 4-5 есе көп болуы тиіс. Және 
денсаулық сақтауды дамытудың Республикалық Орталығысарапшыларының пайымдауынша, әрбір 400000 
халыққа 30 төсек-орнынан тиесілі болу керек, оның ішінде 70%-ы – онкологиялық патологияларға, және 30% - 
мейірбикелік қарауға тиісті болу қажет. Бұл статистикалық көрсеткіш – ҚР сататистика жөніндегі Комитетінің
еліміздегі халық саны мен орташа өмір сүрі ұзақтығының көрсеткіші бойынша арнайы құралған (4). Паллиативтік 
көмек және мейірбикелік қарау туралы Дүниежүзілік Банк сарапшыларының мәліметтері бойынша, 100000 
халыққа – 27 төсек-орныны қамтамасыз етілу керек, яғни 65 жастан асқан егде әрбір 1000 адамға 3,5 төсек-орнынан 
келуі керек. Яғни, қорыта айтқанда, заманауи хоспис – қуаты – 30 төсектен аспайтын 1-2 этажды бөлек тұрған 
ғимарат, жабдықтардың барлығы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып жасалуы тиіс; 1-2 ораныдық бөлмелерге 
арнайы бөлек жуыну бөлмесі мен таза ауада серуендеу үшін арналған жеке пандустар қарастырылуы қажет. 
Сонымен қатар, хоспис үйдегі атмосфералық жағдайындай болуы керек: туысқандарының қонуына арналған 
орындар, кітапханалар, музыкалық бөлмелер, бөлек сөйлесу бқлмесі, діни рәсімдерді орындауға арналған бөлмелер. 
Қазақстанда осы стандарттарға сай салынған бірде-бір хоспис жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет