6.1. Түркілік мәдени мұраның ерекшеліктері
Түркі өркениеті өте ерте дамыған және ол қала мен даланың
синтезі. Ендеше, біздің жерімізде мемлекеттің жабайы түрі емес,
кемеліне жеткен түрі болған. Б.з.д. V ғасырда бұрынғы үйсін
мемлекеті жөніндегі қазіргі Қытай жерінде көптеген зерттеулер бар.
99
Түрік қағанаты кейінгі түргеш, ұйғыр, қарахан, қырғыз, хазар
қағанаттарына қарлық, оғыз, қимақ мемлекеттеріне, Алтын Орда,
Жошы ұлысына, қазақ хандықтарына жол салды.
Л.Н. Гумилевтің пікірінше, тәңірге табынушылық аспан мен
жер арасындағы көзқарастардың басын қосқан дүние деп
мойындайды. Л.Н. Гумилев ғұндар туралы айта келіп, Қытай елшісі
(245-250 ж.ж.) Кампучияда болған кезінде ғұндарды ң жазуына
ұқсас жазу көргенін ескертеді. Ендеше Орхон-Енесай жазуының
түпнұсқасы тым алыста жатыр. Қ.И. Сатпаев өзінің 1942-жылғы
өкіметке жолдаған хатында 81 жастағы Мұрын Сеңгірбаев
жыраудың 18 жастан бастап «Қырымның 40 батыры туралы» сияқты
жырларды орындағанын жазыпты. Ол Сыпыра жыраудың, Әбіл
жыраудың, Нұрым жыраудың мұрагері. Мұрын жырау әрбір жырды
7-10 күннен жырлайды екен (Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне
мәдениет жазбалары.-Алматы: Қазақ университеті, 1991.-400 б.). Сонда
40 жырға 400 күн керек емес пе?
Міне, осылай Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен
тоғысқан түркілер жаңа мәдениет типін қалыптастырды. Егер
бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстемдік етсе, екінші түркі
қағанатында руналық жазу тарады. VІІ-ХІІІ ғ. қалған Монғолия мен
Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда көне
түркі алфавитімен жазылған 200-ден астам ескерткіштер қалды. Ал
біздің жыл санауымызға дейін V ғасырда өмір сурген Есік
жазуындағы 17 әріптің 13 көне түркі руникалық алфавиті екенін
айтсақ түркілердің жазуы, өнері тым ерте екендігі көрінеді. Д.
Клеменецтің көне түркілерді «тамаша халық» деуі осыдан. VІ
ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші шығыс мәдениеті
игеріле бастады.
Сурет. Руналық жазу
Кезінде кеңестік шығыстанушылар орта ғасыр дәуірінде жеті
тарихи-мәдени өлкелер қалыптасқанын мойындағанды: еуропалық,
араб-исламдық, орташығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық
Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық. Академик
Н.И. Конрад алғашқы кезде мәдени қарым-қатынаста көне
100
халықтардың мәдениеті үстем болды, ал екінші кезеңде жаңа
ортағасырлық әдебиет туындаған кезде жас халықтарға кезек тиді,
олар ортағасырлық әдебиет жасады-жапондық, жаңа үнділік, жаңа
түркілік, жаңа ирандық, арабтық, армяндық, грузиндік, славяндық,
романдық, германдық (Конрад Н. Запад и Восток. Традиции и
современность.-М.:Наука, 1993.-403 б.),-деп атап көрсетті.Міне, осылай
түркі өркениетінің қанат жайып, түркі әдебиетінің өскен кезеңі
Түркі қағанатының тұсына келеді. Егер біз Египет өркениеті 6000
жыл бойы дамып, өзін танытты десек, жас түркі өркениеті алда
кеткен өркениетті аса жылдамдықпен қуып, баса көктеп өркендеді.
Түркі қағанатының ғажабы-тайпалық томаға тұйықтық
көзқарас орнына жалпы империялық, жалпы түркілік идеология
орнады.
Кейін
империя
құлаған
кезде
бұл
тайпалардың
мемлекеттігінде бір әдеби тіл, жазу, бірегей саяси-әлеуметтік жүйе,
материалдлық мәдениеттің бірегей нормалары сақталды. Сайын
даладағы халықтар өздерінің бір мәдени ортаға қосылатынын білді,
осының негізінде болашақ түркі тектес халықтардың бірегейлігі
беки түсті. Ал бірегейлік Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ
даласында одан әрі жалғасын тапты. Ұлы Жібек жолы
трансконтиненталды трасса сайын сахарада дала мәдениетіне қала
мәдениетін қосты.
Исламды қабылдағанға дейінгі прототүркі және түркі
көшпелілерінде «басқарушы» топтың әлеуметтік орны арнаулы дәстүр
мен салттық сананың бақылауында болды. Бұл дәстүр көптеген жағдайда
хандар мен бектердің билігін қауым мүдделері тұрғысынан шектеуге
бағытталған. Осы себепті осы әдептік тұтастыққа қатысты автаркия мен
деспотия туралы айту орынсыз. Мысалы, қытай тарихшылары көшпелі
түрік иеліктерінде хан мен бектердің қатардағы тайпаластарынан
артықшылығы аз екенін және соғыс жағдайында ғана олардың билігінің
артатындығын атап өтеді.
Зерттеушілер көшпелі мемлекеттерде «хан талау» деген дәстүрдің
болғанын айтып өтеді. Бұл бір сипатта Дж. Фрезер мен З. Фрейд
еңбектерінде кездесетін архаикалық «көсемді құрбандыққа шалу»
сарынымен ұқсас келеді. Аталған үрдіс қазақ хандығында да сақталып
келген. Мысалы, Орынбор губернаторы Ваконскийдің мына бір куәлігі
бар: «Күшті ру басылары немесе топтасқан барымташылар ханға
бағынбақ түгіл, оның малын тартып алады». Тағы бір куәлік: Әбілхайыр
хан Ресейге бодандыққа ену туралы келісімге келгеннен кейін, ел жиыны
оны өлім жазасына бұйырады және сонда бұл үкімді Барақ сұлтан жүзеге
асырады. Ш. Уәлиханов та осы сипатта өз дәлелін келтіреді. «Қазақтың
ешқандай ханы Абылайға дейін шексіз билікке ие болған жоқ. Ол бірінші
болып өз кеңестерімен хан билігін тежеп келген күшті ру басылары мен
сұлтандарды бағындырды, тек халық жиынының ғана шешімімен
101
берілетін өлім жазасын өзі бұйыруға мүмкіндік алды» (Валиханов Ч.Ч.
Собрание сочинений в 5 т.-Алма-Ата: Наука, 1976.-94 б.).
Бумын, Естемі, Білге, Күлтегін, Тоңыкөк қағандар «елдік» принципін
басшылыққа алып, мәдени тұтастықта түрік халқы үшін басты қауіп
табғаштан (Қытайдан) келеді дейді. Табғаштар жібек маталарымен қоса
өздерінің өмір салтын, діні мен ділін арамызда таратып, түбінде
түріктерді бодандандыруды көксейді. Сол себепті ішкі бірлікті нығайту
қажет. Біз, әрине, мәдени қаһармандар ретіндегі елбасылардың орны мен
қызметін әсірелеуден аулақпыз. Бір орталыққа бағындырылған биліктің
жеткіліксіздігі ру-тайпалық сепаратизмді өршілендіріп жіберуі мүмкін.
Бұл жағдайда, Л. Гумилев айтқан, түрік тайпаларының тарихи қарғысы-
рулар қақтығысы орын алды.
Біздің өркениетіміз өте ерте дамыған және ол қала мен
даланың синтезі. Ендеше, біздің жерімізде мемлекеттің жабайы түрі
емес, кемеліне жеткен түрі болған. Б.з.д. V ғасырда бұрынғы үйсін
мемлекеті жөніндегі қазіргі Қытай жерінде көптеген зерттеулер бар.
Түрік қағанаты кейінгі түргеш, ұйғыр, қарахан, қырғыз, хазар
қағанаттарына қарлық, оғыз, қимақ мемлекеттеріне, Алтын Орда,
Жошы ұлысына, қазақ хандықтарына жол салды.
Л.Н. Гумилевтің пікірінше тәңірге табынушылық аспан мен
жер арасындағы көзқарастардың басын қосқан дүние деп
мойындайды. Л.Н. Гумилев ғұндар туралы айта келіп, Қытай елшісі
(245-250 ж.ж.) Кампучияда болған кезінде ғұндардың жазуына
ұқсас жазу көргенін ескертеді. Ендеше Орхон-Енесай жазуының
түпнұсқасы тым алыста жатыр. Қ.И. Сатпаев өзінің 1942-жылғы
өкіметке жолдаған хатында 81 жастағы Мұрын Сеңгірбаев
жыраудың 18 жастан бастап «Қырымның 40 батыры туралы» сияқты
жырларды орындағанын жазыпты. Ол Сыпыра жыраудың, Әбіл
жыраудың, Нұрым жыраудың мұрагері. Мұрын жырау әрбір жырды
7-10 күннен жырлайды екен (Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне
мәдениет жазбалары.-Алматы: Қазақ университеті, 1991.-400 б.). Сонда
40 жырға 400 күн керек емес пе?
Міне, осылай Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен
тоғысқан түркілер жаңа мәдениет типін қалыптастырды. Егер
бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстемдік етсе, екінші түркі
қағанатында руналық жазу тарады. VІІ-ХІІІ ғ. қалған Монғолия мен
Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда көне
түркі алфавитімен жазылған 200-ден астам ескерткіштер қалды. Ал
біздің жыл санауымызға дейін V ғасырда өмір сурген Есік
жазуындағы 17 әріптің 13 көне түркі руникалық алфавиті екенін
айтсақ түркілердің жазуы, өнері тым ерте екендігі көрінеді. Д.
Клеменецтің көне түркілерді «тамаша халық» деуі осыдан. VІ
ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші шығыс мәдениеті
игеріле бастады.
102
Сурет. Есік жазуы
Дала өркениетінің бір белесі моңғол шапқыншылығы тарихына
байланысты. Сөз жоқ, бұл шапқыншылықты Европа варварлардың
ісі деп біледі. Ұлы Евразия даласында пайда болған мемлекеттер
жаңа мәдени-әлеуметтік тұтастықтың көрінісі болды: «Түріктер мен
татарлар бәр-бәрі Кіндік Азиядан келіп, тарихта елеулі рөл атқарды.
Көпшілігі олар көшпенді болғандықтан варвар болуға тиіс деп
ойлайды, ал бұл қате түсінік» (Конрад Н. Запад и Восток. Традиции и
современность.-М.: Наука, 1993.-403 б.).
Моңғолдар сан емес, жауларын сапамен жеңді, онда да тәртіп,
ғажайып ұйымшылдықта болды. Әлемді таңдандырған жеңіс
Шыңғыс ханның асқан қолбасшылық өнерінің арқасы еді. Бұл арада
Шыңғыс ханның жиһангерлігін емес, өркениеттік дәрежедегі
жасампаз қайраткерлігін айту керек. Далалық мемлекет басқару
жүйесі сол кезде шыңдала түсті. Моңғолдардың адат заңы ғасырлық
халық тәжірибесі үлкен Ясыға-Кодекске айналды. Оған бас
қағанның өзі бағынуға тиіс болды. Моңғолдардың Ұлы мәжілісі-
Құрылтай хан сайлады, іргелі мәселелерді шешті. Бұл тәртіп
империя өз құрамына отырықшы халықты қосып алып, мемлекет
көшпелілік сипатын жоғалта бастаған кезде де өзгермеді. М. Аджи
Шыңғысханның түбі түркі екендігіне назар аударды (Мурад Аджи.
Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой степи.-М., 1999.-21 б.).
Бұл пікірді кезінде академик В. Бартольд та айтқан-ды. З.В.
Тоғанның айтуынша, Шыңғыстың бабалары өздерін Ергүнікөннен
шыққан көктүрікпіз деп санаған (Кокалып З. Түрікшілдіктің
негіздері.-Алматы: Мерей, 2000.-128 б.).
Достарыңызбен бөлісу: |