Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет41/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

Қазақ би
өнерінің түп-тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алады. 
Халқымыз ежелгі би өнерін дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани 
қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. 
Қазақ биінің құрылымынан, болмысынан халықтың жан дүниесін, 
оның таным-түсінігін, табиғатпен байланысын, философиясын көруге 
болады. Қазақ ұлттық биі ерте заманнан бері өзіндік ерекшелігімен, 
ерекше пластикасымен, мәнерлілігімен, нәзік әсемдігімен және сонымен 
қатар мықты мінезімен ерекшеленіп келген.
Ұлы Дала тарихында бала дүниеге келген күннен бастап өмірінің 
әрбір маңызды кезеңін әнмен әрлеп, күймен көмкеріп, би билеп көңіл 
көтеру, болып жатқан оқиғаны сазбен ерекше мәнді ету басты орын 
алады. Қазақтың барлық салт-дәстүрлері, ұлыстың ұлы күні-Наурыз, діни 
мейрамдар секілді мерекелердің барлығы да ән-бисіз болмаған. Би қазақ 
халқының тұрмыстық болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. 
Қазақ даласында жан-жануарларға байланысты «Аю биі», «Бура биі», 
«Бүркіт биі», «Қоян-бүркіт», «Құр биі», «Құсбегі», «Ортеке», «Тырна 
биі» атты билер болған. Би де, ән де, күй де-бір-бірінен бөлінбейтін 
біртұтас дүние.
Қазақ биі қоршаған ортадағы шынайы өмірден алынған формалар 
мен түрлерге аса бай. Халық тұрмысы ұлттың би дәстүрін, қимылдардың 


204 
төл қозғалысын, иілгіштік айқындықты, сазды әуенді суреттерге толы би 
қимылдарын қалыптастырды. Қазақ халқының би мәдениеті, онда 
қолданылатын лексика ырғақпен, халық музыкасымен және сәндік-
қолданбалы өнермен, ауыз әдебиетімен, салт-дәстүрмен үйлесімділікте 
дамыды.
Ұлттық ойындар
-ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-
сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында 
жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау 
жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы 
спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын 
жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – 
бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны 
үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ 
тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің 
жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай 
дамуымен ұштасады. 
Бұл дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Осы 
арқылы балалық балдәурен шақта өзін қоршаған орта туралы түсінігі мен 
дүниетанымын қалыптастырады. Ойын дегеніміз-білуге, білімге құштар-
лықты ұшқындататын құрал. Міне, мұның бәрі баланың көңілін ашатын, 
оны ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат қақтыратын ғажап 
ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық ойындар 
«Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақсерек-
Көксерек», «Асық», «Айгөлек», «Ақ сандық-Көк сандық», «Ақ сүйек» 
сияқты 
ойындар 
ойнату 
арқылы 
тапқырлыққа, 
жылдамдыққа, 
шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет