ҒЫЛЫМИ ТАНЫМАЛ ӘДЕБИЕТТЕРДІ АУДАРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Сеитова Ж.Б.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан
zhanel_9714@mail.ru
Аннотация:
бүгінгі таңда ғылыми танымал әдебиеттерді қазақ тіліне аудару өте өзекті.
Өйткені көптеген жаңалықтарды қамтитын ол еңбектерді оқу, әсіресе, жастар үшін,
қоғамның тиімді дамуы үшін аса маңызды. Сондықтан оларды сапалы аударылған,
маңызды ақпаратқа толы ғылыми танымал әдебиеттермен таныстыру қажет.
Abstract:
Today it is very topical to translate non-fiction into Kazakh language. Because,
especially for youth and in effective development of society, it is very important to read these
works which include a lot of news. Therefore, it is necessary to familiarize them with
qualitatively translated non-fiction with a great deal of important information.
Кілт сөздер:
ғылыми танымал әдебиеттер,
ақпараттандыру,
танымдық функция,
лексика-стилистикалық ерекшеліктер, қазақ тіліне аудару мәселелері.
Keywords:
non-fiction, informatization, cognitive function, lexical and stylistic features, the
problems of translation into Kazakh.
«Біз «білім ғылым инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай
жылжып келеміз», деп елбасымыз атап өткендей бүгінде жастарымыз оқу-білімді тең
дәрежеде меңгеріп, түрлі ғылым салаларын игеруге меңгеруге нақты қадамдар жасауда.
Қазір бәрімізге белгілі, ақпарат көзі, оқу-білім көбіне ғылым саласына тиесілі, сол
себепті де ғылыми кітаптарда өзекті мәселелер қозғалады, қызықты ақпараттар
қамтылады. Осы орайда танымал ғылыми әдебиеттердің қазақ тіліне аударылуы өте
өзекті, себебі бәрімізге белгілі, олар көбіне шет тілдерінде жазылады. Заман талабына сай,
әсіресе, жастардың ғылыми танымал әдебиеттермен танысуы өте маңызды. Жалпы
аударманың көмегімен адам жаңа ақпаратпен ғана емес, әр түрлі деңгейдегі мәдени
ағымдармен, әр түрлі дәрежедегі ой толғау, әр түрлі әдебиеттер, әр түрлі дәуір тынысы, әр
түрлі салт-дәстүр, ұстанымдармен танысады.
Аударма – мазмұн мен тіл бірлігі сақталған түпнұсқаның басқа тілдегі дәл көшірмесі
[1, б.38].
ХХ
ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М. М. Морозов, Я. И. Рецкер, А. В.
Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды жұмыстар
атқарып, олардың ізімен Н. Б. Аристов, И. М. Берман, Л.С. Бархударов т.б. ғалымдар 50-
60 жылдарда аударматанудың іргесін бекіте түскен.
103
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға
алынған жаңа салалардың бірі. Қазақ тіл білімінде Ө. Айтбайұлының аударма ғылымы
және оның қалыптасуы туралы зерттеулері, А. Алдашеваның аударматанудың
лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері
аударма теориясы мәселелеріне арналды.
Көптеген танымал ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударуда А.
Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов сияқты ұлы аудармашылар көптеген
туындыларды жарыққа шығарды. Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған
және көбіне көркем әдебиет жанрындағы шығармаларды, оның ішінде адамгершілік,
жақсы-жаман қасиеттер туралы өлеңдерді, мысалдарды қазақ тіліне шебер аудара білді.
Ғылыми танымал әдебиеттер негізінен көпшілікке белгілі шығармаларды неғұрлым
оңай тілмен аударуға бағытталады, яғни терминдер саны қысқартылып, жалпы
қолданыстағы сөздермен алмастырылады және тілде біраз көркем және экспрессивті
сөздер қолданылады. Бұл саланы негізінен М. Н. Кожина, М. П. Сенкевич, А. Д. Швейцер,
К. Райс, Ю. Найда, П. Ньюмарк, Р.А. Будагов, И.Р. Гальперин сияқты ғалымдар зерттеген.
Олар ғылыми танымал әдебиеттерді ғылыми стильдің бір бағыты ретінде қарастырады.
Ал аударма кезіндегі лексика-стилистикалық ерекшеліктерге келер болсақ, М.Н. Кожина
ғылыми танымал әдебиеттер стилін былайша сипаттайды [2, б.167]:
1.
Нақты мысалдар арқылы мүмкін болатын болатын барлық жағдайларды ашу,
түсіндіру.
2.
Әртүрлі тілдік құралдардың көмегімен логикалық ойды нақты жеткізуге тырысу.
3.
Терминдерді неғұрлым аз қолданып, керісінше мағынаны сипаттап түсіндіруге
тырысу.
4.
Оқырманның назарын аудару үшін әртүрлі әдістерді, тілдік ерекшеліктерді қолдану.
Орыс лингвист, зерттеушілерінің арасынан Кеңестік, Қазақстандық педагог-аудармашы
Ж. А. Лазаревич ғылыми танымал әдебиеттерде ауызекі сөйлеу стилінің элементтері және
эмоционалды сөздердің қолданылуы қажет деп есептейді [3, б.318].
Біз ғылыми танымал әдебиеттерді аударудың маңызын айқындауда, олардың аударылу
ерекшеліктерін саралауда заманауи жазушы, аудармашы
М. М. Владыконың «Секреты перевода научно-популярных текстов» атты еңбегіне
сүйенуді жөн көрдік. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақстанның аударма саласында
ғылыми танымал әдебиеттерді аудару өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы
орайда біз мақалада Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» деген кітабын
негізге ала отырып, ғылыми танымал әдебиеттерді аударудың маңызын жан-жақты
қарастырамыз. Сондай-ақ ерекше көңіл бөлетін жай ғылыми танымал әдебиеттердің
аударылу ерекшеліктері мен аспектілері. Қазақ тіліне аударылған мәтінді талдауда,
анализ жасауда біз аударманың артикуляция және лексикалық, синтаксистік,
стилистикалық деңгейлер сияқты ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Шынымен, жоғарыда айтылып өткендей ғылыми танымал әдебиеттер адамды
ғылыммен байланыстыратын көпір сынды, себебі олар қолжетімді әрі түсінікті және
мұндай кең таралған, заманауи кітаптар қазір жастар арасында сұранысқа ие деп айтсақ та
болады. Осы тұста біз негізге алып отырған бүкіләлемдік экономикалық Давос
форумының негізін қалаушы және тұрақты президенті Клаус Швабтың «Төртінші
индустриялық революция» туындысын мысал етсек болады.
Мұндағы төртінші революция ауқымы, күрделілігі жағынан адамзат тарихындағы
барлық өзгерістерден асып түсетін құбылыстарды білдіреді. Бұл шығарма бойынша біз
жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып
шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып
жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін,
таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз [4, б.17].
104
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
Ал Клаус Шваб еңбегінде осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап,
терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастырады, яғни бұл кітап
адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды
қоғам тіршілігіне икемдеуді қарастыратын құнды ғылыми танымал әдебиеттердің бірі.
Төменде біз негізге алып отырған «Төртінші индустриялық революция» еңбегінен
ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы ерекшеліктерді, түрлі аудару әдіс-тәсілдерін,
трансформацияларды көрсететін мысалдар келтірілген. Аудармада ұғымдарды тар
мағынадағы немесе кең мағынадағы бірліктермен алмастыру үшін лексикалық-семантикалық
ауыстыру тәсілдері нақтылау, жалпылау, модуляция қолданылған. Олар мәтінді керек жерде
жалпылап, керек жерде нақтылап оқырманға түсінікті етеді. Сондай-ақ грамматикалық
трансформациялардың көмегімен кейбір сөйлемдер біріктіріліп немесе жіктеліп өзгеріске
ұшыраған. Әдеби шығармалармен салыстырар болсақ, ғылыми танымал әдебиеттерде көркем
әдеби сөздер, тілдік ерекшеліктер өте аз байқалады, керісінше оның жанрлық ерекшеліктеріне
терминдердің, нақты ұғымдардың, мәліметтердің қолданылуы тән, сондықтан оларды қазақ
тіліне аударғанда сөздердің мағынасын да, графикалық формасын да сақтайтын лексикалық
трансформациялар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |