ӨЛДІ ДЕУГЕ БОЛА МА, АЙТЫҢДАРШЫ, ӨЛМЕЙТҰҒЫН
АРТЫНДА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН
Сарсенова Балнур
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
99
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
s.balnur.99@mail.ru
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең, жаттап тағы көңілге...-деп С. Торайғыров жырлап кеткендей,
«Абай» десе көңілге жылулық ұялап, елінің, жерінің патриоты, асыл ер бейнесі көз
алдымызға келері анық. Абай Құнанбаев – халықтың ақыны, халықтың жазушысы,
халықтың бетке ұстар тұлғасы, елінің мақтанышы, атын айтса адам сүйсінер қайраткері.
Мен, өз баяндамамда Абай Құнанбаевтың шығармашылығының қазіргі замандағы
маңызын, жастарға, халқына, оқырманына беретін пайдасы туралы кең көлемде өз
ойыммен бөліскім келіп отыр. Бәрімізге белгілі, Абайдың қай өлеңін, шығармасын,
жазбасын, қара сөзін алып қарасақ та, ой салар, көзді ашар тұстары өте көп. Өз заманында
білімсіз, надан халықты білімге, жаңалыққа, ұмтылысқа шақырып қана қоймай, қандай
қарсылық алдынан пайда болсада төтеп беріп, өз халқының жастарын білім алуға
ынталандыра білді. Оның ең басты мақсаты надан қазақты тоймайтын, елді тонайтын
большевиктермен оларға қызмет ететін елін сатқан ашкөздердің езгісінен қорғануға,
жақсы өмірге қадам жасауға, ұмытылып бара жатқан дінін қайта жаңғыртуға тырысуға
бағыттау болды. Тарихқа көз салып қарасақ, ол заман қазақ халқы үшін қиын-қыстау,
қазақ халқының жойылып кету қаупі бар, кітап бетінде ойып жазылған тарих болып қана
қалды. Сол кездері өмір сүрген либералдық топ өкілдері үшін, қазақ әдебиетін,
мәдениетін жаңартуды, жаңғыртуды көздеген ұлы тұлғалар үшін бірігуді талап ететін
заман болды. Ел басқаруға дайындалып жүрген Абай үшін, әрине, халқының тағдырына
қарау өте қиын болды, сол үшінде оның шығармашылығы көбінде халықты білімге
шақыру, билікті сынаумен діни білімге ынталандыру туралы болды.
Өзі үстем таптан шықса да, Абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол
шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын
болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде,
адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді. Қазақ
әйелінің бас бостандығын жырлады.
Абай жас кезінен ақ, білімге, әдебиетке деген қызығушылығын танытты. Өз
заманының алып тұлғалары, орыс классиктерінің еңбектерін оқып өсті. Содан болар
әдебиетке деген сезімі оянып, 10 жасынан бастап өз өлеңдерін жаза бастаған. Әкесінің ел
басқаруына қарап, өзі де ел басқаруды әкесінің қасында жүріп дайындалған кездері
төңірегіндегі ел жақсыларымен араласып, өз ұлтының жағдаймен жақынырақ таныса
бастаған. Оның әсері Абайдың шешендігіне, ой қорытуымен өлеңдерінің стиліне көп тиді.
Өі халық басқару ісіндегі шикілік тұстарын дөп басып, ешкімге қарамай, ешкімнен
қорықпай елдің мұңы мен жырын өлең жолдарына қоса бастады.
Абай қазақ поэзиясын, мәдениетін жаңа деңгейге көтере білді. Өзінен алдынғы ақын
жазушылардың, қолында билігі бар тұлғалардың, тіпті қарапайым халықтың да кемшіл
тұстарын айтуды жөн санады. Бәленің бәрін тек биліктен, ашкөздерден көруді қойып,
халықтың да білім десе тоңын ала қашатынын, жаңалыққа қарай ашылмайтынын, өзінен
басқасынын бәрін кінәләп жылай беретін қасиетін сынға алып, отаршылдықтан
құтылудың бірден бір жолы халықтың білімділігінде екендігін анық айтып, бәріне
түсіндірмекші болды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Абай қазақ әдебиетінің тарихында сыншылдық
реализмнің негізін қалаушылардың бірі болды. Өзінің аса жоғары табиғи дарынымен ол
барлық ақын-жазушылардың алды болуымен қатар, өз еңбектерінде тек қана халқының
мақсат-мүддесін қорғай отырып, оған көркемдік образ бере білді. Қазақ әдебиетінің
100
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
демократиялық бағытын негіздей отырып, Абай дәл сол кезде қазақ әдеби тілінің тууын
зерттеген. Оның поэзиясы ойға қонымды, әрі жинақы, аса бай әдеби тіл мәнерін шебер
қолдануы арқылы белгілі.
Абайдың шығармаларының қазақ халқы үшін алатын орнын айтпасақта белгілі. Әр
шығармасында өз заманының үні жатыр. Абайдың зиялы шығармалары жастарға ой
салатын, жақсы жолға итермелейтін, еліне, отанына деген патриоттық сезімін оятатын
бірден бір таптырмас құрал болып табылады. Қалай айтсақта, басқа ұлы тұлға, ақын,
жазушылардың қатарында есімі алтын әріптермен жазылатын, есімін естіген сайын ыстық
қаныңа беймәлім күш қосылатыны сөзсіз. Абай өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қатты көңіл
бөле отырып, оқырманына ой салу үшін өлеңдерінде астарлы ұғымдар қоса отырып,
жігерлендірді. Өте қарапайым мысалды алып қарайтын болсақ, «Ғылым таппай мақтанба»
өлеңінде тақырыбынан ақ байқалатын білімге шақыру идеясы жатыр. Тек білім ғана емес,
адам бойында болатын асыл қасиеттер мен жаман қасиеттерін жіктеп берді.
Ақынның, әсіресе жастарға арналған өлеңдері ерекше айшықты. Жастық шақ -
адам өмірінің ең бір думанды кезеңі, сондықтан да «Ойлансаңшы, бос қаңқай елең-селең»
- деп, уақытын арзан күлкімен өткізбеуді тілейді. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»,
«Сап, сап, көңілім, сап, көңілім», «Жас өспірім замандас қапа қылды» т.б. өлеңдерінде
жастарды мәрттікке, татулық, береке, бірлікке шақырады.
Абайды халқымыз ішкі жан сарайының рухани байлығы, сезім пәктігі, сезім мөлдірлігі,
шынайылығы, ақындық мәдениеті үшін қатты қадірлеп, құрмет тұтты. Тіршілікті,
дүниені, адамның ішкі жан-дүниесінің қыры мен сырын дөп басып, туған халқының
жүрегіне жеткізу.
Абай Құнанбаев аударма ісімен де айналысты. Абайдың орыс тілін тамаша
меңгергенін білеміз. Орыстың ақындары мен жазушыларының еңбектерін қазақ тіліне
аударып, өз ұлтының жастарына үлкен мүмкіндік берді. Ол заманда жастардың орыс тілін
білуі, орыс шығармаларын оқи алуы сирек еді. Абай әсіресе Пушкиннің «Евгений
Онегин» романынан үзінділер аудара отырып, қазақ мәдениетіне үлкен үлесін қосты.
Қазаққа аудармашылықты таныта білді.
Абай туралы тек қазақ ақындары емес, шет ел ғалымдары мен ақын, жазушылары да
өз пікірлерін білдіріп, оның шығармаларымен танысқан. Абай туралы ең алғашқы пікірін
білдіргендердің бірі американ жазушысы, саяхатшысы, журналистіт Джордж Кеннан болған.
Ол қазақ жеріне саяхаттап келгенде Семей қаласында болады. Сол жерден ұлы ақынның
шығармашылығымен танысып, оның кітапханасына қызығушылығын танытты.
Ол кездегі Кеңес халқының ішінен әлем әдебиетін оқитын сонымен қоса, өз
шығармашылығымен танылған Абай Құнанбаевты көру мүмкін емес ойлардың бірі еді.
Абайдың білімділігіне таң қалғаны сонша өз шығармасында жазып кеткен. Ақын туралы
Джордж Кеннан еңбектерінде ғана емес, шет ел ғалымдары, жазушылары және тағы да
басқа еңбектерде ақынның ұлылығына тамсанған шығармаларды таба аламыз.
Абай - шет елге қазақты танытқан ұлы тұлға. Абайды айтқанда патриоттық сезіміміз
оянатыны неден деп ойлайсыз? Өйткені, шығармалары тек қазақ тілінде ғана емес басқа шет
елдерде де өз тілдеріне ауларылып, халыққа таныстырылған. Қазіргі кезде қара сөздері мен
өлеңдері шет елдерде өз оқырмандарын тауып жатқанына өте қуаныштымын. Осы артынан
қалған мұраларының шаң басқан мұрағаттарда қалып қоймай, көзі ашық, көкірегі ояу жастар
мен тұлғалардың қолдауымен оқырмандарын қуантып жатқаны сөзсіз. Сонымен қоса,
Абайдың шығармашылығына терең үңілу үшін, жастарға беретін тәлім-тәрбиесі бар
болғандықтан өз алдына дербес «Абайтану» ғылымы кең өріс алуда. Ендігі бұл ғылымның
міндеті өсіп келе жатқан ұрпақ пен Абайдың оқырмандарының жүрегінен оның
шыңармаларына деген үлкен бір орын алу және де ары қарай шығармаларының
101
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
әдебиет беттерінде қалып қоймай, қалдырып кеткен асыл мұрасын ар қарайғы заманның
жас ұрпақтарына жеткізе білу деп білемін.
Қазақтың маңдайына біткен алып жұлдыз іспетті, сол заманның мұңын жеңілдете
білген Абайды білмейтін қазақ жоқ болар сірә. Біз үшін мәні зор, асыл мұралардың
авторы, алтын ақын болып қалары сөзсіз. «Қара сөз» шебері. Қара сөзінің біреуін болсын
оқып көріңізші. Бір оқығаннан идеясын түсіну өте қиын. Осыдан ақ недеген шеберлікпен
жазылған дүние екендігіне көзіміз жетеді. Елдің әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық
жағдайын жай қара сөзбен жеткізе білгенін де айта кетуге болады. Тақырыбы жағынан да
бір бағытта жазылмаған, әртүрлі болғанымен ел ішінде болған жағдайлар екені белгілі.
Нағыз ақында болатын қасиет, Абай тек шығарманың көркемдігіне ғана назар аударып
қана қоймай оның логикалық әсерінде шеберлікпен жеткізе білген. Қазірде Абайдың ең
асыл мұрасы десек те болады.
«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,
дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам
білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол
естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске
жарайды, сонда адам десе болады,» - бұл қара сөзінде адамның өмірлік қасиеттері мен
көркем мінезін, білімділігі туралы сөз қылған.
«Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы- қазақтың ең қасиетті қазынасы.
Заманалар ауысып, дүние өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта
уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға
түседі. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін жаңа
биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген
қазақ халқы ата-бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзінің
қарашығындай сақтайтындығына, қорғайтындығына сенемін. Ылайым, халқымыз Абай
армандаған өмірге жетсін деп тілеймін» деген Елбасы.
Абайдың мұрасын ғылыми тұрғыдан меңгеруде тарихи еңбек атқарған академик
М.Әуезов болатын. Ұлы жазушы артына ұлан-асыр көркем туындыларын, әсіресе, «Абай
жолы» эпопеясы мен Абай шығармалары жайлы ұзақ жылдар бойы ізденуден туған
зерттеу еңбектерін қалдырды. Жазушының «Абай жолы» эпопеясы қазақ әдебиетін бүкіл
әлемдік даңққа бөледі. Мұхтар Әуезовтің ұлы Абайға деген махаббаты - оның туған
халқына, туған мәдениетіне деген махаббат еді.
«Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне
маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана
қалқыдым» - деп М. Әуезов Абайдың шығармалары туралы өз ойын өте керемет жеткізе
білген. Расында да, Абайдың қайбір өлеңін, қайбір қара сөзін алып қарасаңда бір
оқығаннан түсіне қоймайсың, тереңінен сүңгіп, әрбір сөзіне мән бере отырып, көңіліңе
түйе білуің керек. Бірақ, қазіргі техника дамыған заманда ұлы тұлғалардың кітабын
қолына ұстаған жастарды көру сирек болып барады. Қажеттілік болмаса ұлылардың
шығармаларын іздемейтінімізде жиілеп бара жатқан секілді. Сондықтан, әрбір білім беру
мекемелерінде ұлы ақынның ізін жалғау үшін, жастардың санасына ақынның артында
қалған алтын мұрасын құю үшін көптеген іс-шаралардың өтетіндігі көңілге нұр ұялатады.
Әлемнің құлағынан әні кетпес кемеңгер тұлғаны өлді деуге болама, өлмейтұғын артынан
қалған мұрасы әлі де халқына жол сілтесе?
Әдебиеттер:
102
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
1.[
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D2%9A%D2%B
1%D0%BD%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D2%B1%D0%BB%D1%8B
,
б.
1,2]
2.
[
https://abai.kz/post/6
б. 2]
3.
[
https://ust.kz/word/bayandama_abai-17363.html
б. 2,3]
4.
[
https://adebiportal.kz/kz/news/view/19549
б. 2]
5.
[
http://elibrary.kaznu.kz/kk/node/3848
б. 3]
Достарыңызбен бөлісу: |