өмірбаян және әріптеске мінездеме тақырыбы адамның
өзін және өзге адамдарды қазақ тілді адамның тілдік бейнесі арқылы тануды қамтыса,
кәсіби қарым-қатынастар/мамандық және қызмет тақырыптары адамның еңбекке
араласу факторын, нарықтық қатынастар ерекшелігін, адам мен еңбектің ара салмағын
анықтауға құрылған.
Отбасылық және туыстық қарым-қатынастар тақырыбы
адамзатқа ортақ махаббат, сыйластық, адами құндылықтарды қозғаса,
бос уақыт және демалыс, қызығушылық тақырыбы ұлттық ерекшеліктерді
(оның ішінде ұлттық өнер,
ұлттық тағам, салт-дәстүр түрлері) көрсететін бірден-бір желі. Ал
елтаным , мемлекет
және қоғам мәселелері тіл үйренушілерді қорытушы тақырып ретінде жалпы халықтық,
қоғамдық, ғылыми сұрақтарға назар аудартады.
Аталған тақырыптардың барлығын біз Абай мұрасының ізімен жүрсек, таба аламыз.
Мысалы, бірінші тақырып бойынша, адамның өзін және өзгені танып, сипаттай білу
құзіреттілігін қалыптастыратын, тіл үйренушіге қажетті лексикалық минимуммен
таныстыру мақсатын Абайдың үшінші қара сөзінен алынған мына үзінді жүзеге асыра
алады: «Қазақтың бірінің біріне
қаскүнем болмағының , бірінің
тілеуін бірі тілеспейтұғынының ,
рас сөзі аз болатұғынының ,
қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің
жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар
әлдеқашан байқаған: әрбір
жалқау кісі
қорқақ ,
қайратсыз тартады; әрбір
қайратсыз қорқақ ,
мақтаншақ келеді;
әрбір
мақтаншақ қорқақ ,
ақылсыз ,
надан келеді;