«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНЫҢ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕНЕП
ПРИЗМАСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ӘЛЕМІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БЕЙНЕСІ
Шагатаева Аружан
Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ғылыми жетекші: PhD докторы, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ шетел филология
кафедрасының доценті Сабитова Лейля Сейтжапаровна
126
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
shagatayeva.a@gmail.com
Аннотация:
Бұл мақала ұлы Абай шығармашылығын зерттеу және
«Абай Жолы»
романының онамастикалық ерекшеліктерін талдау арқылы қазақ жұртының құндылық
бейнесін саралайды. Сонымен қоса, «Абай Жолы» романындағы кейіпкерлер бейнесін
талдайды.
Жұмыста келесі әдістер қолданылды: этимологиялық талдау әдісі, компоненттерді
талдау әдісі, контекстологиялық талдау, тұжырымдамалық талдау, салыстырмалы талдау.
Кілт сөздер:
ақын,
құндылық,
ономастика,
кейіпкер бейнесі,
Абай ілімі.
«Абай Жолы» романы тек қана қазақ халқының емес, күллі әлемнің баға жетпес
байлығы. Мұхтар Әуезов өзінің жазған төрт том еңбегімен дүние жүзіне, отандастарына,
тіпті қазақ бауырларымызға қазақ дегеннің кім екенін танытты. Қазақ халқының
ұлылығын, тарихын, рухани құндылықтарын, өмірге деген көзқарасын жан-жақты ашып,
асқан шеберлікпен жеткізе білді. Бұл керемет шығарманың адамзат үшін рухани
тәрбиелік мәні зор.
Төрт томдық еңбекте 192 кейіпкер болса, 192 түрлі есім бар. Осы есімдерді зерттеу
онамастика ғылымының міндеті. Жалпы ономастика ғылымы әдебиетте маңызды роль
атқарады. Ойланып қарасақ, кейіпкерлер бейнесін және олардың онтогонист немесе
протогонист екендігін есімдеріне байланысты болжауға болады. Әдеби ономастика
белгілі бір кезеңнің айқын көрінісі. Шығармашылық жұмыстың кейіпкер есімдеріне назар
аудара отырып, сол кездегі заманның қандай болғанын, яғни халықтың көзқарасын,
құндылықтарын байқауға болады. Мысалы, «Абай Жолы» романындағы Ұлжан, Біржан,
Еркежан, Тоғжан, Құтжан, Мұхамеджан секілді есімдер, сол кезеңде адамзат жан дүниесі
өте құнды саналғанын аңғартады.
ХХІ ғасырдағы ұлт санасының ілгерілеуі мен дамуына оң бағыт бере алатын рухани
күш ретінде Абай Құнанбаев шығармашылығының жалпы идеясы соның ішінде «толық
адам» ілімі танылып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы
Қазақстан» мақаласының «Ұлттық болмыстың үлгісі» бөлімінде,
«Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі
– кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі
ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет» [1]– деп беріледі.
Бұл бастама – біздің бүгінгі қоғамның ұстанымы, не ұрпақ тәрбиесіндегі
идеологиялық негіздің қайнар көзіне айналса, алдымен ұрпақ үндестігі мен уақыт
сабақтастығы арасындағы рухани байланысты нығайтып, ұлт тұтастығын жұмырландыра
түсері хақ.
Қазіргі Абайтану ілімінің көш басында тұрған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
профессор Мекемтас Мырзахметұлының «Абайдың «толық адам» ілімі бізді аласапыран
дүниеде адастырмай, тура жолға бастайды»[2] – деген пікірі де мемлекет басшысының
бастамасымен астарлас ұғымды туындатады.
Ол – Абайдың «толық адам» ілімін тұңғыш рет ғылыми айналымға әкелген ғалым.
Ал Мұхтар Әуезов өзінің «Абай Құнанбаев» монографиясында «Біздің қоғам үшін
Абай өмір кешкен тарихтық орта мен қоғамдық шындық мүлде алыста, артта қалған
дүние. Осы тұрғыдан қарағанда қара сөздердің арманы мен мазмұны, мұраттары тек
тарихтық жағынан бағалы деу керек. Екінші – адамгершілік жөніндегі моральдық
өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік
ойлары аз емес.» [3, 220] – деп келтіреді.
127
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
Егерде бүгінгі басты мақсат «интеллектуалды ұлтты» тәрбиелеудің кілті
«кемелдіктің көрінісінде» десек, ХІХ ғасырда өмір сүрген Абай ұлылығы да осыны өсиет
етеді. Айталық, ақынның отыз сегізінші қара сөзі: «Ей, жүрегімнің қуаты, перзентілерім!»
– деп басталып, «ғылымды-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында
зорлықпен, яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қанша
бір бала ғылым, білімді махаббатпен, көксерлік болса, сонда ғана оның аты
адам
болады.
Сонан соң ғана алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз
адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфагат (табыс, кіріс, пайда,
Достарыңызбен бөлісу: |