Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы


–  дегеніне көп ұқсас» [7, б.162]  –



Pdf көрінісі
бет75/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   84
Байланысты:
thesis180613

– 
дегеніне көп ұқсас» [7, б.162] 

деп тұжырым 
жасайды.
Расында да, екі өлеңнің 
құрылысы екі түрлі болғанымен, идеясы, тақырыбы, мазмұны өте ұқсас, сарындас екені 
көрініп тұр. Екі ақынның ел ішіндегі кертартпалықты, алауыздықты сынауға келгенде 
бірінің 
ойын
бірі жалғап отырған 
сияқты
болады. Халық қанаушылары саналатын би
-
шонжарлардың ұ
намсыз қылықтарын ащы әжуалап, әшкерелеп, қаймықпай
айту 
жағынан
 
да өзара қанаттасып, жайғасып жатады. 
Заман шындығы 

Дулат пен Абай поэзиясының басты тақырыбы. Дулат ел әкімдерінің 
озбырлығын, сорақы істерінің көріністерін жырлап, образдар жасау арқылы қазақ 
поэзиясына жаңа үрдіс әкелді. Мәселен, Дулат: 
Жатып ішер жалмауыз, 
Борсық тұмсық қанды ауыз. 
Ұлық қылған құдай-ау, 
Қазақтан шыққан кәпірді, 

[4, б.102] 
дейді. Бұдан ұлықтардың шектен шыққан топастығына деген ашыныс ақынның 
жанына аяздай батқанын осыдан көруге болады. Өз заманының атқамінер арамзаларының 
Дулаттың күйін кешкен Абай да «Бөтен елде бар болса» деген 
өленінде: 
Біреуге өктем іс қылса, 
Өз күшім деп ойлайды. 
Егер күші жүрмесе, 
Бағанағы жақсының, 
Қылғаны деп қоймайды

[2, б.60] 
деп ащы әжуамен әшкерелейді. Ондай «көрсеқызар жалмауыздар» сол кездегі қоғамның 
іріп-шіріген жақтарына одан әрмен май кұйып, адымын аштырмай ақсатуға тырысқан. 
Қорыта айтқанда, Дулат пен Абайдың отты жырлары 
мен отты
өлеңдерінен момын 
халықты бостандыққа үндеген, жақсы қасиеттерге жетелеген жалынды жігер танылып 
тұрады. Сол заманның жағымсыз жақтарын қатал сынға алған Дулаттың да, Абайдың да 
айтып кеткен пәлсапалық терең пайымдары казіргі біздің қоғам үшін ауадай қажет 
мәселелер. 
Әдебиеттер: 
1.Қанапияұлы Ә. «Абайтану курстары». М.Әуезовтің ҚазМҰУ-де оқыған 
лекцияларынан //Қазақ тілі мен әдебиеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет