Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы



Pdf көрінісі
бет76/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84
Байланысты:
thesis180613


1993. 

№7- 9. 

12-14 =б. 
2.Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. 

Алматы: Жазушы, 1986. 

304 б. 
3.Шапай Т. Анық Абай //Жұлдыз. 

1999. 

№2. 

153-157 бб. 
4.Бабатайұлы Д. Замана сазы: Өлеңдер мен дастандар /Құраст., баспаға
әзірлеген 
Қ.Өмірәлиев. 

Алматы: Жазушы, 1991. 

160б. 
5.Құдайбердиев Ш. (Өлендер, дастандар, қарасөздер). 

Алматы: Жазушы, 1988. 

561 б. 
123 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
6.Ай, заман-ай, заман-ай... (Бес ғасыр жырлайды) II томдық /Құраст., М.Мағауин., 
М.Байділдаев. 

Алматы: Қазақ ССР баспасөз жөніндегі Мемлекеттік Комитеті бас 
редакциясы. 

РББ. 1991. 

Т. 1. 

384 б. 
7.Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. 

Алматы: Ғылым, 1983. 

240 б. 
АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ 
Утегенова Ә.Т. 
Ғылыми жетекшісі: Кәрібаева А.Ө. ф.ғ.к. доцент ТИГУ 
Түйіндеме: 
Бұл мақалада Абай Құнанбайұлы шығармаларында кездесетін құқықтану,
 
спорт және әдебиеттану терминдері қарастырылады. 
Резюме: 
В данной статье рассматриваются и анализируются образцы терминов
 
юриспруденции, спорта и литературоведении, встречающихся в произведениях Абая 
Кунанбаева. 
Resume: 
this article examines and analyzes examples of terms of law, sports, and literary
 
studies found in the works of Abay Kunanbayev. 
Тіл – мәдениеттің ең басты құралы. Халықтың тілінде сол мәдениеттің ізі 
сақталады.Тіл шындығында да тарихи, заңды құжат болып табылады. Сондық- 
тан, тіл бізге халықтың өткен тарихын, қазіргі өмірі мен келешегін көрсете алады. Өткен 
тарих пен рухани мәдениеттің әрбір ұсақ нәрсесіне дейін назар аударып, көңіл бөлу 
– барлық өркениетті елдердің ардақ тұтар игі дәстүрі. 
Өркениетті мемлекеттерде ұлттық тілді дамытуға мүдделі тіл саясатының маңызды 
саласының бірі – терминология проблемасына үлкен мән берілуде.Ал ғылым тілінің өзегі 
терминдер екені баршамызға аян. Біздің мақсатымыз Абай шығармаларындағы кездесетін 
терминдердің қазіргі заман талабына сай қолданылуын, олардың өміршеңдігін, рухани 
жаңғыру заманында қоғамнан өз орнын табуын көпшілік қауымға паш еткіміз келеді. 
Мәселен, Абайдың шығармалары мен қара сөздерін оқи отырып, көптеген заң 
терминдерінің Абай заманында қолданылғанын, қазақ терминологиясында сол кезеңде 
қалыптасқанын айқындадық.Мысалы, Ұлық алдында жұмысты болу, бір ғана ұлықтың өзі 
емес, сол кездің көптеген адвакат, тілмаш сияқтыларымен де кездесуі керек болды [1,22]. 
Соның барлығымен араласу көп нәрсеге көзін қандырып, Абайға заң, зәкүн дегендерді 
білдірсе керек [1,23]. Мұндағы «адвакат» казіргі «адвокат» термині, «тілмаш» қазіргі 
«аудармашы», «заң», «зәкүн» - орыс тілінің «закон» термині сол замандарда қолданылған. 
Мысалы: 
Қыр тартысын ұлық пен закон шеңберіне қай жағынан әкеп сыйғызуға болады? 
Ұлықпен қалай арбасуға болады? Осының бәрі Абайдың түгел ұғынып, толық білуіне 
қажет нәрселер сияқты көрінеді. 
Мәселен,бұл сөйлемдердегі заң, зәкүн,закон сөздері бір ғана мағынаны білдіретін қазақ 
тіліндегі қазіргі таңда қолданып жүрген «заң» термині, оны патшалы Ресей кезеңінде 
қазақ халқы өз тіліне «зәкүн»деп аударып сөйлеген.Абай да аз ғана орысша білімімен 
«закон» сөзін де «зәкүн»деп те қолданған. Абай өзінің ойшыл,жүйрік, сыншы ақылымен 
енді бұрынғыға қанағат етпей, ілгері қарай дамуды, жаңа азық нәр табуды талап етеді. 
124 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Арыз үшін, ұлық үшін емес, білім-тәлім, тәрбие үшін білімді болуды көксейді.Білсем, 
жетсем деген зор тілек пайда болады. Бұл үшін оқу,зерттеу, іздену керек.Сөйтіп білімге 
деген ізденушілік 27-28 жасынан басталады [1,23]. 
Мұндағы «арыз» сөзі көбінесе құқық қорғау орындарында көбірек қолданылатын 
«арыз» , «шағым арыз», «талап арыз» сияқты терминологиялық тіркестермен соңғы кезде 
көбірек қоғамда қолданылып жүрген заң терминдері болып табылады. 
Сол кездері ел арасында өздері парақор, өздері қолдарына ұры ұстағыш, мөр басқыш, 
приговор бергіш, би, старшын ел басылары да сансыз көп бола- 
тын [1,23]. Бұл мысалдағы «парақор», «ұры ұстағыш», «мөр басқыш», «приговор 
бергіш» деген терминдер Абай заманында қолданылған қылмыстық істе көбірек 
қолданылатын заң терминдері. 
Сондай-ақ , сол замандарда «пара», «жемтіктес» деген де терминдер қолданылған. 
Олардың түпкілікті мағынасы «жемтіктес» қазіргі «сыбайлас» деген мағынаны береді. 
Мысалы: Ұлықпенен жемтіктес болып, парамен «ақты» қара, «қараны» ақ дегізе алатын 
айлакерлер де мол еді. Сөйтіп, ол күндердің арыз тартыстарын тексергенде кім кінәлі, кім 
ақтан күйген екенін айыру тіпті қиын болатын. Көбінесе, кінәлі жаза шекпей, кінәсіз 
ақтай күйетін қалдарда аса көп еді. Бірақ сол зәрді іше жүре , әділетсізді, қиянатты 
таныды. Өз ортасы ел қамы емес, ел сорына біткен жуандар ортасы екенін таныды [1, 24] 
Бұл мысалдардағы «кінәлі, кінәсіз», «жаза», «ақтан күю», деген сияқты бірнеше заң 
терминдерін кездестіруімізге болады. 
Солардан бас қорғау ретінде , жаңа бір жағынан жаманын жазалаймын, жөнге саламын 
деген талаппен Абай алысатын болды. Осы жолда Абай 12 үлкен іспен тергеліп, Семей 
қаласынан 3-4 айға шейін шыға алмай жатады. Бірақ жұмыс саны көп болып, тергеуден 
тергеу болса да Абай бірде – біріне жығылмай, ағарып, аман шығады. Бұл мысалдардағы 
«қорғау, бас қорғау», «іс», «тергеліп», «тергеуден, тергеу», «ағару» - «ақталу» деген 
ұғымда айтылған сөздер мен құқықтық терминдер болып табылады. 
Сондай –ақ Абай шығармаларында көптеген құқық терминдерімен қатар спорт 
терминдері де кездеседі. Мәселен,Ел билейтін кісілікпен «сол кісілік» жолындағы партия 
майданы, бас балуанға Абайдың өзін жығып шығарады. Бұл жолда алғашқы жекеленіп 
шығу жаңағы 132 тергеуден басталса керек. Сол тергеулердің тұсында Абай ұлық 
атаулының талайын көріп, барлығымен де, әлденеше халде кездескен болады.Мұндағы 
«бас балуан», «жығып шығару», «жекеленіп шығу», «кездесу» сияқты терминдердің заң 
терминдерінің орнына қолданғанын байқадық. 
Сонымен қатар әкесі Құнанбай да жас күндері елдің ол кездегі дағдысы бойынша: 
батырлық, жорықшылық сияқты істерге көбірек ауған. Өзі құрбы жас жігіттердің ішінде 
ер, мықты найзагер болып та саналған. Сол кездегі атқа мінерлер аузындағы аңызға 
қарағанда, Құнанбай : «Қарадан хан болған» деп аталады [1,6]. Бұл келтірілген 
мысалдардағы «батырлық», «жорықшылық», «атқа мінер»,«найзагер» сияқты сол 
кезеңнің ұлттық спорт терминдерінің бірі. 
Өскембай өліп, соған Құнанбай Көкшетауға барып, ас бергенде: 
«Атың шыққан Үрімнің қақпасындай, 
Айтқан сөзің кілемнің тақтасындай, 
Кешегі өтіп кеткен би Өсекем 
Алтынын тастап кет ат басындай, 
Үш жүзді жиып ас бердің, 
Келістіріп сәйкесін,. 
Арғыннын өзің биледің, 
Алшысы мен тәйкесін, - деп дәріптейді. 
Мүндағы «алшысы», «тәйкесі» деп отырған термин сөздер қазақтың ұлттық 
ойындарының бірі «асық» ойынының терминдері болып табылады. Асық ойынында 
кездесетін, алшы термині бұл адамға тілек тілейтін термин ретін де мақал, нақыл сөз 
125 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
ретінде де халық тілінде қалыптасты. Мәселен, «оның асығы алшысынан түсті», «асығың 
алшы түссін» деген тілектер айтылады. Тілімізде «тәйке», «бүк», «шік» т.б. басқа да 
терминдер қолданылады. 
Ақын Абай ол кездері қазақтың барлық басқа ақындарының үлгісімен ауызша айтатын, 
соған машықтанған ақын болады.Тегінде ақын емес кісі, бұрын ақын аты бар 
жүйріктермен, өлеңмен айтыспайды [1,17]. Мұндағы «машықтанған», «жүйріктермен» 
деген терминдер спорт терминдері болып есептеледі, мұны ақын өз шығармасында 
осылайша ұқсату арқылы қолданған.Негізінде машық, машықтану, машықтанған, жүйрік, 
жүйріктер т.б. қазіргі кезде спорт терминдері болып есептеледі. 
Ақын шығармаларында ғылымның қай саласынан болса да термин сөздер молынан 
ұшырасады.Мәселен,ақын шығармаларында кездесетін әдебиет терминдері де бар. 
Шешендік айтыстың қатарында, ақындық айтыстың ілесе жүргенін сездіреді.Ол тіпті 
жазушы ақын болған кезінде, бертін келе де талай ұсақ өлеңін осылайша қолма-қол 
суырып сала айтатын. Мысалы «Көкпайға», «Қыздарға», «Қара қатынға», «Масақпайға» 
деген сияқты толып жатқан эпиграмма, әзіл өлеңдері жазушы Абай емес, фолклор 
көлеміндегі Дулат, Шөже сияқты ақын боп жүрген бір кездерін, әсіресе жастық кездерін 
ақын осылайша танытады. 
Бұл мәтін қатарында кездесетін «шешендік айтыс», «ақындық айтыс», «жазушы ақын», 
«суырып салма», «эпиграмма», «әзіл өлеңдері», «фолклор» деген терминдер казіргі таңда 
әдебиет терминдері ретінде қолданыста бар. Термин дегеннің араласпайтын жері жоқ 
дегенге әбден сенуге болады. 
Өйткені Абай заманында оқыған адамның өзі аз әрі мектеп деген атымен жоқ. Болса 
тек медреседе не молда да діни хат танитын жағдайға жеткен кезең болатын.Сондай 
кезеңнің ішінен өзінің ақыл ойлылығымен, білімге деген құштарлығымен суырылып 
шығып, алдын молдадан арабша хат танып, одан татар халқының медресесінде 
мұсылманша білім алып, сүргінде жүрген орыс ғалымдарымен, ақындарымен, 
зерттеушілерімен таныса жүріп, орысша білім алған Абай шығармаларын оқи отырып, 
оның әлі де зерттелмеген дүниелерінің барын байқадық.Абайдың ақындық әлемі бір төбе 
болса, оның қазақтың терминологиясына қосқан үлесі өз алдына бір жетістік деп 
ойлаймыз. Өйткені, қазіргі таңда қолданылып жүрген терминдердің көпшілігі Абай 
қаламынан туындаған терминдер деп танимыз. Абай қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы 
болса, ол қазақ терминологиясына да өзіндік үлес қосқан. Біздің таптырмас асыл 
қазынамыздың бірі - қазақ тілінің сарқылмас байлығы, қазақ терминологиясы болса, оған 
Абай Құнанбаевтың да қосқан мол үлесі бар деп ойлаймыз. 
Әдебиеттер: 
1.Abai (Ibrahim) Qunanbaiulы cыqarmalarы –Аlma- Ata,-1940, 6-17-22-23 бб. 
2.Кәрібаева Ә.Ө. Төлеген шығармаларының лексикасы.-Алматы, -2019. 
3.Кәрібаева Ә.Ө. Көркем шығарманың тілі. –Тараз, 2010. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет