Тақырыбы: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. (1-тоқсан)
Оқу мақсаты:
4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу
техникасын жетілдіру; 4.3.7.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қою
Тапсырма:
Белгілерді сәйкестендіріңіз. 3 құрамалас сөйлем құрастырып
жазыңыз.
1. Автобус аялдайтын орын!
2.
Жаяу
жүргіншілерге
жүруге болмайды!
3. Тайғақ жол!
4. Жанармай бекеті!
5. Алғашқы медициналық
көмек пункті
А
Ә
Б
В
Г
19
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Дүниетану»
пәнін оқытудың мақсаты: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар
тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара
байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру [8].
«Дүниетану» оқу пәнінің қолданыстағы бағдарламасына жолда жүру
ережелерін үйретуге бағытталған келесідей тақырыптарын кіріктіруді
ұсынамыз:
- Үйден мектепке дейінгі жол;
- Үйден мектепке дейінгі жолмен танысу және осы жолдағы қауіпсіздік
ережелері» атты экскурсия;
- Ең маңызды жол белгілері, бағдаршам сигналдары, көшені кесіп өту
ережелері;
- Сенің өміріңдегі велосипед;
- Велосипедті қолданудағы қауіпсіздік ережелері;
- Автокөліктің адам өміріндегі маңызы;
- Поезд және темір жол;
- Көлік түрлері: жер үсті көліктері, су көліктері, әуе көлігі, жер асты көлігі,
жолаушы көліктері, жүк көлігі, арнайы көлік;
- Қаланың жолаушылар көлігіндегі мінез-құлық ережелері;
- Қаланың көшелеріндегі және жолдардығы қауіпсіздік ережелері;
- Практикалық жұмыс: көшені кесіп өту ережелері (мектептің арнайы
алаңында немесе мектепке жақын маңдағы жол қиылысында);
- Қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті (кино, көлік және т.б.);
- Жол белгілері, олардың өмір қауіпсіздігін сақтаудағы рөлі және т.б.
тақырыптар.
Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім
бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім
беретін мектебінің бастауыш сыныптарының мұғалімі – Сүлейменова Қарлығаш
Дулатовна әзірлеген «Дүниетану» пәнінде жолда жүру ережелерін оқыту
бойынша сабақ барысында және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануға болатын
ойын түрлерін, жол қозғалысына байланысты жағдаяттарды шешуге арналған
және «Жалғасын тап» атты тапсырмаларыдың нұсқаларын ұсынамыз (2-
қосымша).
«Математика» оқу пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың
математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын
қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні қоршаған ортаны бейнелеу мен
түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білім
алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына
қызығушылығын талап етеді
[9].
Сонымен қатар, бастауыш сыныптардағы «Математика» оқу пәнінде
жолда жүру ережелерін қайталау, қозғалысқа байланысты есептерді шығару
дағдыларын тереңдету арқылы балалардың жолдағы, көшедегі мінез-құлық
мәдениетін тәрбиелеумен байланыстыруға болады. Осы орайда, Ақмола облысы
білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск
қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің
20
«Математика» оқу пәнінің мұғалімі – Ахметова Меруерт Ақанқызы әзірлеген
бастауыш білім беру деңгейінің математика сабақтарында
«Жол ережелері»
тақырыбы бойынша
4-сынып оқушыларына арналған есептер мен тапсырмалар
жиынтығын ұсынамыз.
•
Бағдаршамда қанша жарық сигналы бар? Осы санға бес ондық қосып,
қандай сан аласыңдар ? (53)
•
Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамында қанша жарық сигналы
бар. Сенде жаяу жүргіншілерге арналған екі бағдаршам бар. Рұқсат сигналын
көтер. Тыйым салу сигналын көтер. Екі жаяу жүргінші бағдаршамына 7 ондық
қосып, сол санды жаз. (72)
•
Жаяу жүргіншілер бағдаршамында жасыл сигнал 18 секунд, ал қызыл
сигнал 20 секунд жанып тұрады. Жаяу жүргінші жолды кесіп өту үшін неше
секунд қажет? (18)
•
Жол-патрульдік қызмет инспекторы түске дейін жылдамдықты арттыру
жағдайлары бойынша 2 ондық құқық бұзушылықты ал түстен кейін 3 жағдайды
тіркеді. Инспектор бір күнде қанша жол ережесін бұзушылықты тіркеді? (23)
•
Жолда неше жастан бастап велосипедпен жүруге болады? (Велосипедші
14 жастан бастап жолда жүре алады).
•
Егер бала 5 жаста болса, онда оған велосипедпен жолға шығуға қанша
жыл тыйым салынады? (9 жыл)
•
Жол айрығында жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне
өтіп, науқасқа көмектесуге асықты. Қанша заң бұзушылыққа жол берілді? (0)
•
92 оқушы жолды жаяу жүргіншілер өткелінің белгісімен, бесеуі ыңғайлы
жерден кесіп өтті. Мектеп оқушыларының нешеуі жол ережесін бұзды? (5).
•
4-сынып оқушылары Қызылорда қаласына экскурсияға барды. Олар
қалаға автобуспен 75 км/сағ жылдамдықпен 6 сағатта жетті. Ал қайтар жолға 5
сағат уақыт жіберсе, автобус қандай жылдамдықпен жүрген ?
v
t
s
75 км/сағ
6 сағ
? км
? км/сағ
5 сағ
бірдей
75 * 6 = 450 км
450 : 5 = 90 км/сағ
75 * 6 : 5
•
Велосипедші бірінші күні 5 сағатта 165 км жол жүрді. Екінші күні
жылдамдығын 3 км/сағ арттырып, 6 сағат жүрді. Екінші күні велосипедші қанша
жол жүрді?
v
t
s
1 ? км/сағ
5 сағ
165 км
2 ? км/сағ
5 км/сағ артық
6 сағ ? км
165 : 5 = 31 км/сағ
31 + 3 = 34 км/сағ
34
6 = 204 км
•
Қыс келді. Жолдар көктайғақ. Көктайғақ кезінде жаяу жүргіншілер
ерекше сақ болғаны жөн.
21
Оқушы таңертең мектепке тайғақ жолмен 22 м/мин жылдамдықпен 45
минут жаяу барды. Оған мектептен қайту үшін 30 минут кетті. Оқушы үйге
қайтарда қандай жылдамдықпен жүрді?
v
t
s
Мектепке 22 м/мин
45 мин
? м
Үйге ? м /мин
30 мин
бірдей
45 * 22 = 990 м
990
30 = 66 м/мин
•
Жол бойымен 16 жүк көлігі жүріп келеді. Жаяу жүргіншілер өткелінің
алдында 2 жүк көлігі тоқтады, ал қалған жүк көліктері ары қарай жүріп кетті.
Қанша жүк көлігі жол ережесін бұзды? (14)
•
Жол полициясы инспекторы түскі асқа дейін жолда 15 жол ережесін
бұзушылықты тіркесе, түскі астан кейін одан 2 есеге көп тіркеді. Бір тәулік
ішінде инспектор қанша жол ережесін бұзушылықты тіркеді? (45)
•
Мектептің ойын алаңында 14 бала доп ойнап жүрді. Ойын барысында
доп жолға шығып кетті, бірнеше ойыншы доптың артынан жүгірді, ал 2 ойыншы
ойын алаңында қалды. Неша ойыншының әрекеті дұрыс емес? (12)
•
Велошеруге 4-сыныптың 24 оқушысы қатысты. 19 қатысушы веложол
бойымен жүріп өтті, ал қалған велосипедшілер қарсыластарын басып озуға бел
буып, жолға шықты. Қанша велосипедші ережені бұзды? (5).
•
Бағдаршам тұрған алаңға қабырғалары a=5 см, b=9 см болатын
тіктөртбұрыш тектес жаяу жүргінші жолын сал.
•
Автобустың жылдамдығы 50 км/сағ. Машинаның жылдамдығы
автобустан 30 км/сағ артық болса, оның 6 сағатта жүрген жолын тап.
•
Бірінші ресми тіркелген жол-көлік апаты оқиғасы 1896 жылы 17 тамызда
Ұлыбританияда болды. 6 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан көлік жаяу
жүргіншіні қағып кетті. Содан бері қанша уақыт өтті? (126 жыл)
•
Бүкіл КСРО елдері бойынша жолда жүрудің бірыңғай ережесі 1961 жылы
енгізілген. Бұл ережелерге неше жыл ? (49 жыл)
•
Жолдың көлік жүретін бөлігінің ені 9 м. Оқушының жылдамдығы 1 м/с.
Жасыл бағдаршамның сигналы 20 секунд жанып тұрса, оқушы жүргіншілер
өткелінен өтіп үлгере ме?
•
Көлік 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Жол жиегінде 40 км/сағ
шектеу белгісі ілінген жағдайда, жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұза ма?
Жүргізуші жылдамдықты қаншаға асырды?
•
Бағдаршамның жасыл түсі 25 секунд жанып тұрады, ал жаяу жүргіншінің
жылдамдығы 1 м/с. Көшенің ені 15 м болса, жаяу жүргінші оны кесіп өтуге
үлгере ме?
•
Автомагистральда 2 км жол аралығында жылдамдығы 40 км/сағ шектеу
белгісі тұр. Жүргізуші бұл аралықты 3 минутта өтті, жүргізуші жол ережесін
сақтады ма?
•
Бағдаршамның жасыл сигналына 27 мектеп оқушысы, ал сары түсі
жанғанда жолды одан 3 есе аз оқушы кесіп өтті. Ал, қызыл сигнал жанғанда сары
22
шамда өткен оқушы санынан 7 оқушыға кем оқушы жолды кесіп өтті. Қанша
бала өз өміріне қауіп төндірді?
Достарыңызбен бөлісу: |