Байланысты: 2 Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар-4
Кіріспе Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның маңызды
талаптарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының
өмірін, денсаулығын және мүлкін сақтауға бағытталған жол қозғалысы
қауiпсiздiгiн арттыру елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық мемлекеттік
саясатының басым бағыттарының бірі, сонымен қатар демографиялық дамуды
қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады
Қоғам балалардың жол-көлік жарақаты, заңға бағынатын мінез-құлық
және жол қозғалысы ережелерін сақтау проблемасы туралы проблема әрдайым
айтылып келеді, бірақ бұл жағдайлар да әлі шешімі табылмаған күрделі
мәселелердің қатарында тұр. Жолдағы балалармен болған барлық жазатайым
оқиғалардың негізгі себебі көлік құралдарының жүргізушілері үшін де, балалар
үшін де жол қозғалысы ережелерін сақтамау және мінез-құлық мәдениетінің
төмендігі болып табылады. Балалар тарапынан бұзушылықтарға келетін болсақ,
көбінесе: жолдың жүру бөлігін белгіленген жерден тыс кесіп өту, тыйым салатын
жол сигналына назар аудармау, жақын маңдағы көлік құралының алдыннан
жүгіріп өту, жолдың көлік жүретін бөлігінде жүру, жүгіру, велосипедпен немесе
доңғалақты роликтермен жүру, жолдың маңайында ойнау себебінен жолға шығу,
велосипед, мопед пен мотоциклді жүргізу кезінде Жол қозғалысы ережелерін
бұзу орын алады. Жол ережелерін бұзу балалардың мінез-құлқында берік
практикалық дағдыларының жоқтығын білдіреді және соның салдарынан жол
қозғалысының күрделі жағдайларында тиісті және дұрыс шешім қабылдай
алмауларына әкеледі.
Балалардың жол-көлік жарақаттарының жай-күйi осы проблеманы
шешудің жаңа, тиімді жолдарын үнемі іздеп отыруды талап етеді. Олардың
жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырмайынша бұл мақсатқа
жету мүмкін емес.
Осы орайда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
әзірлеген
«Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып
мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдардың» мақсаты – жалпы білім
беретін мектептің педагогтарына аталған мәселені шешу бойынша әдістемелік
көмек көрсету.
Міндеттері:
- қауіпсіз жол қозғалысы негіздері туралы түсінік беру;
- қауіпсіз жол қозғалысы негіздерін оқытудың шетелдік және отандық
тәжірибесіне шолу жасау;
- жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш
сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.