Методические рекомендации для педагогов начальных классов по обучению основам безопасного



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132500
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
2 Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар-4

Жол белгілері 
Ескерту 
Тыйым салу 
Ақпараттық-көрсеткіш 


38 
қызыл түс жанса – тоқтау керек, жасыл жанса – қозғалысты жалғастыру қажет). 
Ережені бұзған ойыншылар ойыннан шығады.
Ойынның күрделілігі – көмекшілер бір сигналды бірнеше рет көрсете 
алатындығында, ал қатысушылар дер кезінде бағдарланулары қажет. 
4-кезең. «Белгілерді білеміз бе?» ойыны. (10 ұпай). 
Жаяу жүргінші өтпесі
«Балалар». Мектептен, 
сауықтыру 
лагерiнен 
және 
т.б. 
жерден 
шыққан балалар жолға 
жүгіріп шығуы мүмкін
Велосипед 
жолымен 
қиылыс 
«Бағдаршам 
реттеуi». 
Қозғалыс бағдаршаммен 
реттелетiн қиылыс, жаяу 
жүргiншi өтпесi немесе 
жол учаскесi. 
Алғашқы медициналық 
көмек пункті 
Жаяу 
жүргіншілерге 
жүруге болмайды! 
5-кезең. «Қауіпсіздік аралы»
. (6 ұпай). (Жағдайды дұрыс талдау үшін – 2 
ұпай). 
1-жағдай. Бала анасынан бұрын автобустан секіріп түсті де, автобусты 
артынан айналып көше бойымен жүгіріп өтті. Осы жағдайдағы барлық қателерді 
түзет. 
2-жағдай. Бір жасар бала көліктің ішінде еңбектеп жүр, әкесі осы уақытта
телефонмен сөйлесіп келеді. Осы жағдайдағы барлық қателерді түзет. 
3-жағдай. Бала жаяу жүргіншілер өткелінен жолды тыныш өтіп, ал оған 
қарай үлкен жылдамдықпен көлік жүріп келеді. Осы жағдайдағы барлық 
қателерді түзет. 
6-кезең. «Ребустар сөйлейді»
. (әр тапсырманы дұрыс шешкені үшін – 2 
ұпай). 


39 

2

4


7
8
9
Жауаптары: 1) Жол. 2) бағдаршам. 3) Аялдама. 4) Жол қиылысы. 5) 
Көлік. 6) Қиылыс. 7) Қозғалыс. 8) Белгі. 9) Ережені бұзба. 
Қорытынды шығару. 
Командаларды марапаттау. 
Командалардың ұпайларын санау кезінде «Рұқсат етілді – Тыйым 
салынған» ойыны өткізіледі.
- Көпірде ойнауға (тыйым салынған). 


40 
- Бағдаршамның жасыл түсіне көшені қиып өту (рұқсат етілген). 
- Жақын келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуге (тыйым салынған). 
- Көшені жол асты өткесі арқылы кесіп өтуге (рұқсат етілген). 
- Бағдаршамның сары түсіне көшені қиып өту (тыйым салынған). 
- Қарт адамдарға көшені қиып өтуге көмектесуге (рұқсат етілген). 
- Велосипедшілерге жүріп келе жатқан көлікке тіркесіп жүруге (тыйым 
салынған). 
- Тротуардың жиегінде тұрған көлікті алдынан айналып өтуге (тыйым 
салынған).
- Тротуардың сол жағымен жүруге (тыйым салынған). 
- Жолдың көлік жүретін бөлігіне жүгіріп шығуға (тыйым салынған). 
- Велосипедтің рулін ұстамай жүруге (тыйым салынған). 
- Жолаушылар көлігінде қатты күліп-сөйлесуге (тыйым салынған). 
- Жолда жүру ережелерін сақтауға (рұқсат етілген). 
Ойынды қорытындылау.
4-қосымша 
Петропавл қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы №25 жалпы орта білім 
беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі жоғары санатты педагог зерттеуші 
Сексенбаева Жанаржан Дулатовна
«Жаяу автобус» танымдық экскурсиясы 
Экскурсияның мақсаты – ойын түрінде жол жүру ережелері туралы 
балалардың ой-пікірін бекіту. 
Міндеттері:
- көшедегі мінез-құлық ережелері туралы балалардың көзқарастарын 
кеңейту; 
- жолдағы назардың және абай болу дағдыларының дамуына ықпал ету; 
- жолдағы мінез-құлық тәртібін дұрыс ұстану қабілетін тәрбиелеу . 
Бұл іс-шара бірнеше кезеңнен тұрады, іс-шараны ұйымдастыруға сынып 
жетекшісі, ата-аналар және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция 
қызметкері қатысады. Іс-шараның өзектілігі экскурсия барысында балалар көлік 
қозғалысының ұйымдастырылуын тікелей бақылап, өздерін толыққанды жол 
қозғалысына қатынасушылар ретінде сезіне алуында. 
1-кезең. «Рұқсат етіледі – рұқсат етілмейді» ойыны. Дұрыс жауаптары 
үшін шар немесе жалауша беріледі. 
• Аялдамада секіруге және ойнауға ... 
• Аялдамада қатты айқайлауға ... 
• Автобустың ішінде өзін байыпты ұстауға … 
• Автобуста ересек адамдарға орын беруге … 
• Автокөліктің терезесінен басыңды шығаруға … 
• Тоқтап тұрған автобусты алдынан айналып өтуге … 
• Тоқтап тұрған көлікті артынан айналып өтуге … 
• Жолда жүру ережелерін құрметтеуге … 
• Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның жасыл сигналы жанғанда 
жүруге … 


41 
(ұсынылған ойынның сұрақтарын мұғалім өзінің қалауынша өзгерте 
алады). 
2-кезең. Кіріспе әңгіме. 
Сынып жетекшісі және ата-аналар (3-4 ата-ана) балаларды алдын ала 
ұйымдастырылған орынға жеткізеді. Бұл жерде оларды жол қозғалысы 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әкімшілік полиция бөлімшесінің 
қызметкері қарсы алады. Акцияның өтетін орны мен мүмкіндігіне қарай 
маршрут білім беру ұйымынан басталуы мүмкін. Жол полициясы қызметкері 
білім алушыларға жолда жүру ережелерін туралы әңгімелейді, әңгіме барысында 
жолға жақын жерлерде ойнаудың қауіптілігі және салдары туралы айту қажет, 
экскурсияның мақсаты туралы қысқаша мағлұмат береді. Нұсқаулық мектептің 
жоспар-схемасы (жоқ болған жағдайда алдын-ала әзірлеу қажет) бойынша білім 
беру ұйымының маңындағы қауіпті учаскелерді түсіндіріп және білім 
алушылардың қауіпсіз қозғалыс бағыттарын көрсете отырып жүргізіледі. 
Бірнеше оқушыдан өз үйлерінен мектепке дейін қандай маршрутпен 
келетіндерін және жолда қандай қауіпті жерлер бар екені сұрауға болады. 
Жаяу жүргіншілерді қызықтыру және ұзақ уақыт жадында қалуы тиіс 
маңызды оқиға атмосферасын жасау үшін оқушыларға сигналдық кеудешелер, 
жалаушалар және шарлар (егер ондайлар болса) беріледі. 
3-кезең. Мектеп маңайы бойынша қозғалыс. 
Бірінші жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жол полициясы 
қызметкері оның маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы айтады. 
Жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, ұйымдастырылған түрде 
балалар колоннасы жолдың көлік жүретін бөлігін кесіп өтеді. Бұл ретте 
қызметкер балалардың назарын жолдағы мінез-құлық ережелерін сақтамаудың 
салдарынан пайда болатын қателіктерге аударады (жоғары сынып 
оқушыларының (аниматорлар) қатысуымен арнайы қойылым ұйымдастыруға 
болады. Олар жолда жүру ережелерін бұзады. Бастауыш сынып білім 
алушылары жіберілген қателіктерді және олардың мінез-құлықтарын талдайды). 
Содан кейін аниматорлар (жоғары сынып білім алушылары) экскурсияға 
қатысушылармен бірге жүріп отырады. 
4-кезең. Аялдама. 
Аялдамадағы мінез-құлық тәртібі туралы әңгімелесі. 
Автобусқа отыру және түсу тәртібін қайталау 
«Жаяу автобус» бағыты ұзаққа созылмауы тиіс, өйткені бастауыш сынып 
білім алушылары үшін көп ақпарат қабылдау қиындық тудырады.
Маршрутты жол қозғалысы қауiпсiздiгi ережелерін қайталауға, 
практикалық түрде көрсетуге болатындай етіп жоспарлау қажет. Балалардың 
басым бөлігі жүретін көшелер таңдау өте маңызды. 
Іс-шараның алдында білім беру ұйымының директоры білім беру 
ұйымынан тыс экскурсия өткізу туралы бұйрықты бекітеді, балалардың өмірі 
мен денсаулығына жауапты адамды тағайындайды.


42 
Мазмұны 
Кіріспе............................................................................................................... 


Қауіпсіз жол қозғалысы негіздері......................................................... 


Қауіпсіз жол қозғалысы негіздерін оқытудың шетелдік және 
отандық тәжірибесі................................................................................ 


Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша 
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар... 
13 
Қорытынды...................................................................................................... 
27 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................... 
28 
Қосымшалар.................................................................................................... 
29 


43 
Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін
оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Әдістемелік ұсынымдар 
Басуға .11.2022 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16. 
Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. 
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет