24
Мұғалімдер мен ата-аналар үшін балаларды жолдағы қауіпсіз мінез-құлық
ережелерімен таныстыруда ең бастысы – балаларға жол қозғалысы ережелерінің
мағынасын, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім мен
дағды алу қажеттігін жеткізу. Дегенмен, ата-аналарда балаларына жолдағы
қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету тұрғысынан қажетті білімдері болмауы
мүмкін екенін де ескеру қажет. Мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі – ата-
аналардың назарын осы маңызды жағдайға аудару болып табылады.
Бастауыш сынып білім алушыларының ата-аналарымен жүргізілетін
жұмыстардың басты мақсаты – біртұтас педагогикалық ұстаным негізінде
баланы тәрбиелеу және қалыптастыру саласындағы ата-аналар мен мектептің
өзара іс-қимылын ұйымдастыру, жолдағы қауiпсiз мiнез-құлық мәселелерi
бойынша ата-аналардың құзыретiн арттыру,
балалардың жолда жүрудегі
қауiпсiздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Міндеттері:
- ата-аналарды мектептің тәрбие іс-шараларына тарту;
- ата-аналардың құқық саласындағы білімдерін тереңдету;
- мектепте алған білімдері мен дағдыларын бекіту мақсатында, баламен
үйде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері туралы хабардар ету.
Аталған міндеттерді іске асыру мектеп пен ата-аналардың өзара iс-
қимылының әртүрлі формалары арқылы мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: