Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Жұлынның қабынуы (полиомелит) – қоздырғышы вирус



Pdf көрінісі
бет63/66
Дата03.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#133063
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Дәрістер (2)

Жұлынның қабынуы (полиомелит) – қоздырғышы вирус
. Күл ауруы сияқты алдына ала егудің 
нәтижесінде сирек кездеседі. Бірақ егілмеген балалар үшін өте қауіпті. 
Ауруды таратушы
– ауырған адам немесе оның вирусын тасушы. 
Бұл ауру екі жолмен жұғады: 1) ауру адаммен қарым-қатынаста ауа арқылы; 
2) жуылмаған көкөніс-жеміс арқылы ішке түседі. 
Жасырын кезеңі 3-35 күн. Полиомелит ауруы жүйке жүйесін зақымдап, сал ауруына соқтырады. 
Кейде жеңіл өтеді. 
Белгілері әртүрлі
: қызуы көтеріледі, құсады, іші ауырады, кеңірдектің шырышты қабаты қабынып, 
тамағы қызарады. Аурудың салға айналу кезеңі 2-5 күнге созылады. 4-5 күнде қызуы төмендейді. Осы 
жақсару жағдайында күтпеген жерде сал бола бастайды. Аяғының еттері жиі салданады, қол, мойын, 
кеуде бұлшық еттері сирек салданады. Ауруханаға жылдам жеткізу керек. 
Кейбір балаларда, әсіресе бұрын егілген балаларда полиомелит тез, ешбір белгісіз өтеді. Егер 
баланың бұлшық еті босаса, аздап ақсайтыны байқалса дереу дәрігерге көрсету қажет. 
Желшешек – қоздырғышы вирус
.
Белгілері
: денеге шырышты қабыққа ұқсас күлдіреуіктер шығады, оның ішінде сары су болады. 
Ауру ауа арқылы сырқат адамнан, оның вирусы жасырын кезде және қабыршақтанып түсу кезінде 
жұғады. Желшешек ауруын жұқтыру қаупі өте жоғары. Жасырын кезеңі 14-21 күн орташа – 14 күн. 
Ауру жедел басталады, ыстығы көтеріліп, бірден алғашқы күндері күлдіреуіктер пайда болады. Бұл 
ауру онша ауыр болмайтындықтан дәрімен емдеудің қажеті жоқ, бірақ балаға гигиеналық ұқыпты күтім 
керек. 
Күлдіреуіктерге бриллиант көгінің 1% -дық ерітіндісін жағады. 
Қызылша (корь) – қоздырғышы вирус

Ауруды таратушы
– ауру адам. Ауру ауа арқылы 
жұғады. Жасырын кезеңі 8-10 күн, кейде 17 күнге дейін созылады. 
Белгілері
: дене қызуы 38,5-39º-қа көтеріледі, тұмау, құрғақ жөтел, жұтқыншақтың шырышты 
қабығы қызарады. Бала мазасызданып, жылауық келеді. 


42 
Осы кезде баланың екі жақ шырышты қабығынан азу тістері айналасынан, еріннің шырышты 
қабығынан, тіс қызыл еттерінен дәннің көлеміндей ашық-қоңыр нүктелерді көруге болады. 4-5 күндері 
жаппай бөртпелер шығады. Бөртпелер ұсақ қызғылт нүкте түрінде құлақ сыртына, мұрын үстіне 
шығады. Бір тәулік ішінде ол бетке, мойынға, кеудеге, арқаға жайылып, келесі күні бүкіл денені, қолды, 
ал 3-ші күні аяқты қамтиды. Бөртпе шыққан кезде баланың қызуы жоғары болады. Сосын қызуы түсіп, 
бөртпелер бозғылттанады. Бала 2-3 күн тұрмай жату керек. 
Қызылшаға 3 айлық жасқа дейінгі сәбилер төзе алмайды. Себебі, оның организміне анасымен 
берілген иммунитет әлсіз. 
Қызылша басқа да аурулар тәрізді әртүрлі болып, кейде жеңіл өтеді. 
Бала жатқан бөлмені таза ұстап, жиі-жиі желдетіп тұру қажет. Бөлмені дымқыл шүберекпен 
тазалаған дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет