Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет65/66
Дата03.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#133063
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Дәрістер (2)

Көкжөтел

Қоздырғышы
- өте ұсақ, таяқша тәрізді бактериялар. Жасырын уақыты 5-8 күн, кейде 
21 күнге ұзарады. Балаларда қызылшадан кейін екінші орында тұр. Көкжөтел адамның тыныс жолын 
зақымдайтын жұқпалы ауру. Микробтар ауа арқылы таралады. 
Негізінен көкжөтелге 1-7 жас арасындағы балалар шалдығады. Көкжөтелдің балаға зияны көп. Ол 
әсіресе нәрестенің орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайды. Соның салдарынан балалардың өсуі 
тежеледі. Егер көкжөтелге қызылша мен тұмау қосылса бала өміріне қауіп төнеді. Көкжөтелмен 1 айға 
жуық ауырады. Көкжөтелден кейін бала организмінде оған қарсы иммунитет пайда болады. 
Көкжөтел таяқшасы тыныс жолдарының сілекей қабығына орналасып алып, ұзақ уақыт бойы 
көбейе береді, айналасындағы жасушалар мен ұлпаларды зақымдайтын улы зат бөледі. Сілекейлі 
қабықтағы жүйке талшықтары көкжөтел бөліп шығаратын улы заттардың әсерінен үнемі тітіркеніп 
отырады. Содан бала үздіксіз жөтеледі. Жөтелі ұзаққа созылса, ауа жетпегендіктен баланың беті аз 
уақытта көгеріп кетуі мүмкін. Жөтел кезінде ауру баланың бет-аузы қимылдайды, тілі аузынан шығып 
кетеді. Астыңғы күрек тістерге үйкеле бергендіктен тілінің астыңғы жағында жара пайда болады. Бұл да 
көкжөтелдің айқын белгісі. Түнде көбірек жөтеледі. 
Ревматизм
– созылмалы жұқпалы-аллергиялық ауру. Көбіне кішкентай және жасөспірім кезінде 
басталады. Аурудың дамуы стрептококк жұқпалы ауруымен байланысты. Көбінесе баспа, жоғары тыныс 
жолдарының қабынуы салдарынан пайда болады. Ревматизм ауруы бар балаларда созылмалы тонзилит, 
тіс жегі байқалады. 
Бұл ауруда дәнекер ұлпасы зақымданады. Әсіресе жүрек және тамыр дәнекер ұлпалары. 
Клиникалық белгілері баспамен ауырғаннан кейін 7-15 күннен кейін білінеді. 
Аурудың басталуы әртүрлі болуы мүмкін: жедел, баяу, жасырын. Жедел басталғанда қызу 
көтеріледі, буындары ауырады, ересек балалар жүрегінің тұсы ауыратынын сезеді. 
Ревматизм ауруында жүрек-тамыр жүйесі зақымданады. 
Балалардың ревматизмінде жүректің екінші және жиі үшінші қабаты зақымданады. Ең алдымен 
миокард, сосын эндокард және эпикард зақымданады. Ревматизм жүрек порогының пайда болуының 
негізгі себебі болып табылады. 
Ревматизмнің тағы бір формасы (жүректен тыс) буындардың зақымдануы – полиартрит. Буындары 
ауырып, ісініп кетеді, терісі қызарады. Ревматизмге диагноз қоюға зертханалық зерттеулердің маңызы 
зор: қанда нейтрофилдер, лейкоциттер, ЭТЖ жоғарылайды. 
Ревматизммен ауырған балаларды ұзақ емдейді. Жедел түрінде ауруханада емдеу керек. 
Аурудың алдын алу үшін бала организмін шынықтырып, дұрыс тамақтандырып, баспа, тонзилит, 
тіс жегін дер кезінде емдеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет