255
ҒЗЖ-ның білім алушының болашақ мамандығымен өзара байланыстылығы
тақырыбында мәселелік дәрістер оқу;
дәрістер мен семинарларға жаңа теориялық бөлімдер енгізу;
ҒЗЖ тақырыбына байланысты негізгі және қосымша оқу әдебиеті тізімін кеңейту;
зертханалық тәжірибедегі жаңа жұмыстарды пәннің оқу бағдарламасына енгізу;
біріктіруді сәйкестендірудің, талдаудың, зертттеудің жаңа әдістемелерін игеру;
жаңа құрылғылардағы жұмыстар негізін игеру;
білім алушылардың ҒЗЖ тақырыбына байланысты рефераттар, курстық жұмыстар,
теориялық шолулар жасауы;
оқу-ғылыми орталықтарда кафедраның ҒЗЖ байланысты тероиялық және тәжірибелік
сабақтар өткізу;
білім алушылардың кафедраның ғылыми бағыттарына байланысты ғылыми-зерттеу
жобаларын орындауы;
білім алушыларды ҒЗЖ тақырыбына байланысты тәжірибелік ғылыми-зерттеу
жұмыстарына тарту;
білім алушыларды білімгерлік ғылыми конференцияларға (рефераттық және
тәжірибелік бөлімдер) қатысуға дайындау;
білім алушыларды ЖОО ішіндегі және ЖОО-нан тыс көлемдегі ғылыми
конференцияларға қатысуға дайындау;
білім алушыларды ҒЗЖ қорытындысы бойынша басылымдар шығаруға тарту;
білім алушылардың кафедра үшін ҒЗЖ мәселесіне және қорытындысына байланысты
стендтер, плакаттар, слайдтар, мультимедиялық презентациялар жасауы және рәсімдеуі.
Бұл ереже ҒЗЖ нәтижелерін енгізу түрлерін шектемейді. ҒЗЖ нәтижелерін оқу үрдісіне
енгізу кезінде ғылыми ұжым ҒЗЖ туралы мәліметтер бар ауқымдырақ ақпараттық
құралдарды пайдаланған жөн. Олар: монографиялар, патенттер, ISI Web of Knowledge,
Thomson Reuters мәліметтер базасына немесе Scopus компаниясы мәліметтер базасына
кіретін жоғары деңгейлі ғылыми басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалалар мен
шолулар, алыс шетелдегі симпозиумдар, съездер, конференциялар материалдарындағы
баяндамалар тезистері, жоғары деңгейлі конференциялар мен жиналыстардағы стендтік
баяндамалар, диссертация қорғау мен тағы басқа ғылыми ақпарат көздері.
Достарыңызбен бөлісу: