259
§31
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Негізгі қағидалары
1. Аталған ережелер жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік
технологияларды енгізу
барысындағы нақты ережелерді анықтайды.
2.
Дипломдық
жұмыс(жоба)
мамандықтың
оқу
жоспарында
көрсетілген
жағдайдаоқудың соңғы кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.
3. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау мақсаты:
1) мамандық бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды жүйелеу,
бекіту және кеңейту,
және оларды нақты ғылыми, техникалық,
экономикалық және
өндірістік мәселелерді,
сонымен қатар, мәдени бағыттағы мәсеелерді шешу үшін қолдану;
2) өзіндік жұмыстыорындау дағдыларын дамыту және қарастырылып отырған
мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеу мен тәжірибе әдістемелерін меңгеру;
3)
заманауи өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайларында студенттіңөзіндік
жұмыстарғадайындығын, сонымен қатар, оның кәсіби құзырет деңгейін анықтау;
4. Дипломдық жұмыста (жобада) нақты мамандыққа сәйкес ғылым саласындағы өзекті
мәселелерді зерттеу және өздігінен анықтаудың жалпылама нәтижелері көрсетіледі.
5. Дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшінің көмегімен жүзеге асырылады және
төмендегі талаптарға сай болуы керек:
1) ғалымдар, аналитиктер, практиктар: инженерлер, конструкторлар, менеджерлер мен
экономисттердің ғылыми зерттеулерін, жобалық шешімдерін түйіндеу;
2) зерттеліп отырған нысан бойынша ғылыми негізделген
теориялық мәліметтердің
болуы;
3) нақты тапсырманың орындалуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген
нәтижелердің болуы.
2.
Диплом жұмысының тақырыбына қойылатын талаптар
6. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы өзекті, ғылым,
техника және
мәдениеттіңзаманауи күйі мен даму перспективасына сәйкес болып, мазмұны бойынша 5
тармақта көрсетілген талаптарға сай болуы керек.
Дипломдық жұмыстар (жобалар) тақырыптарын анықтау кезінде өндіріс, білім, ғылым
және мәдениеттің нақты мәселелерін ескеру қажет.
7. Дипломдық жұмыстар (жобалардың) тақырыптары
мамандыққа және маман
дайындауының салаларына сәйкес болуы керек.
8. Дипломдық жұмыстар (жобалардың) тақырыптарын кафедра анықтап, факультеттің
ғылыми кеңесінде қарастырылыпбекітіледі.
9. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) жалпы тізімі жыл сайын кемінде 30%-ға
жаңартылып отыруы керек.
10. Техникалық мамандықтар үшін дипломдық
жобаны дипломдық жұмыспен
алмастыруға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда, дипломдық жұмыс ғылыми-зерттеу сипатына
ие және есептік-сызубөлігі болуы тиіс.
11. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бітіруші курстың басында анықталып,
ректор бұйрығымен бекітіледі.
Диплом алды тәжірибе аяқталғанда дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы қажет
болған жағдайда кафедраның ұсынысы бойынша өзгертілуі мүмкін.