Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет186/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   208
4. Бағалау шарттары 
 
18. Оқу басылымын бағалау кезіндегі негізгі өлшемдері: 
- оқу бағдарламасының осы бағыттағы немесе осы мамандық бойынша мазмұн 
талаптарына сәйкестік дәрежесі; 
- сәйкесінше бағыттағы құзыр құралымына ықпалдық дәрежесі
- оқу үдерісінде жаңашыл әдістердің сәйкестігі,белсенді және интерактивті сабақтар
өткізу әдістерін кең пайдалана отырып, аудитордан тыс жұмыстарды да қамту
- ғылыми; 
- жаңашылдық және мазмұнының өзектілігі; 
- басылым құрылымы (кіріспе,негізгі бөлімі,қорытынды,жиынтық 
және төл 
құрамдары); 
- негізгі бөлімнің рубрикациясы (оқу басылымында деңгейлік дифференциясының
болуы, логика және тарау,параграфтарды ерекшелеу жеткілікті деңгейде болуы керек); 
- материал мазмұнының көрнектілігі; 
- материал мазмұнының қолжетімділігі; 
- дидактикалық аппарат және оның оқу материалының мазмұнына сай келуі 
(сұрақтар,жаттығулар,тест сұрақтары,интерактивті құралдар); 
- студенттердің өзіндік жұмыстарында тиімді пайдалануы; 
- полиграфиялық талаптарға сәйкес болуы (кестелер,суреттер, шрифт,интервал); 

көркемдік рәсімдеу (шрифтердің екшеленуі); 

ҚР БҒМ және РОӘК ОӘК ұсыныс грифтерінің болуы; 

көлемі және басылым таралымы ; 

университеттің оқу үдерісінде және басқа да жоғары оқу орындарында осы оқу 
құралының қажеттілігі; 

сатылу көлемі және т.б. 
19. Конкурс комиссиясы қосымша шарттар тағайындауға немесе берілген және бағалау 
бірлігін анықтау барысында өзгертуге құқылы. 


313
5.Конкурс нәтижелерін қорытындылау 
 
20. Конкурс нәтижелерін қорытындылау үшін ректор бұйрығымен сараптама 
коммисиясы құрылып, тағайындалады.Сараптама комиссиясының мүшесі конкурсқа 
қатысуға құқысы бар,бірақ сараптама кезінде және конкурс нәтижелерін талқылауға қатыса 
алмайды
 
21. Сараптама комиссиясының құқылары : 
- оқу-әдістемелік басылымдар талаптарға сай келмеген жағдайларда конкурстан 
шығарылады; 
- оқу-әдістемелік басылымдарға сараптама жасау үшін сәйкесінше сол ғылым 
саласында қызмет істейтін бас мамандарды тарта алады; 
- конкурс жұмыстарының авторларын комиссия мәжілісіне шақыра алады
- Университет Ғылым Кеңесінің алдында байқауда жеңіске жеткен оқулықтар мен оқу 
(оқу-әдістемелік) құралдарына гриф иелену үшін ҚР Білім және Ғылым Министірлігіне, 
ОӘК
сәйкесінше өтініш жасай алады. 
22. Конкурс нәтижелерін талқылау сараптама комиссиясы мәжілісінің қорытындысы 
бойынша өткізіледі. Балл ұпайларына байланысты, бағалау шарттары бойынша сарапшылар 
әр номинация бойынша конкурс жеңімпаздары туралы ашық дауыспен шешім қабылдайды. 
Дауыстар тең болған жағдайда төраға пікірі шешуші болып табылады. 
23. Сараптама комиссиясының келісімімен әр номинация бойынша кейбір (жеке) 
жұмыстар көтермеленуі мүмкін (жоғары деңгейі үшін, өзектілігі, басылым мәдениеті және 
басқа да қосымша шарттары бойынша). 
24. Қорытындылау нәтижелері барысында конкурс комиссиясы әр номинация бойынша 
1,2,3 орындар иегерлерін белгілейді. 
25. Конкурс комиссиясы мәжілісте комиссия мүшелерінің 2/3 болған жағдайда, шешім 
қабылдай алады. 
26. Конкурс қорытындысы протоколмен рәсімделеді,онда сараптама комиссиясының 
барлық мүшелері және мәжіліске қатысқан тәуелсіз сараптама мүшелері де қол қояды. 
27.Конкурс жайлы кез келген мәлімет жарияланбауы керек. 
28. Конкурс қорытындысының нәтижесі ректор бекіткеннен кейін ғана хабарланады. 
29.Конкурс жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. 


314
1Қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет