3. Жоғары оқу орындарының студенттерін қорытынды аттестаттауды өткізу
тәртібі
91. ЖОО-да студентерді қорытынды аттестаттау жоғары білім беру мемлекеттік
жалпыға білім беру стандарттарымен белгілеген нысандарда өткізіледі, академиялық
күнтізбемен және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған ұзақтығы мен
мерзімінде өткізіледі.
92. Студентттер оқу жоспары мен барлық оқу нысандарына арналған бірыңғай оқу
бағдарламаларына қатаң түрде сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырулары және
дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғайды.
95. Студентке мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі
мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:
1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ
емделуде (бір айдан артық);
2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;
3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде
ауру ата-анасын күтуші;
4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.
95
Осы ретте, білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және
тиісті құжаттарды ұсынады. Басқа жағдайда дипломдық жұмысты қосымша мемлекеттік
емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.
96. Екі мемлекеттік емтихан пәндерінің тізбесі бітірушілерді шығаратын кафедраның
қолдау хатының негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі.
97. Қорытынды аттестаттауға жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу
бағдарламасына сәйкес білім алу процесін толық аяқтаған студенттер жіберіледі.
98. Білім алу процесі аяқталуының негізгі өлшемі болып студенттердің жоғары білім
мамандықтарына арналған МЖМБС талаптарына сәйкес келетін оқытудың теориялық курсы
мен кәсіби практикалардың қажетті көлемін меңгеруі саналады.
99. Бітіруші курстың студенті жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу
жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға
қалдырылады.
100. ЖОО басшысы білім алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік үлгідегі білім
туралы құжаттарға (диплом және қосымша) ағымдағы жылғы 1-қазанға дейін күтілетін
бітірушілер саны бойынша өтінім ұсынады.
101. Студенттерді қорытынды аттестаттау үшін барлық оқу нысандары үшін әр
мамандық бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссия (бұдан әрі – МАК) құрылады.
102. Студенттерді қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберу студенттердің тізімі
бойынша қорытынды аттестаттауға дейін 2 аптадан кешіктірмей факультет деканының
(институт директорының) өкімімен ресімделіп, осы Ереженің 97-тармағының негізінде
МАК-қа ұсынылады.
103. Студенттерді қорытынды аттестаттау басталғанға дейін МАК-қа факультет
деканының (институт директорының) студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы,
оның барлық пәндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курстық
жұмыстары (жобалары), кәсіби практикалардың түрлері мен GPA оқыту кезеңіндегі орта
салмақ баға өлшемдері көрсетілген анықтамасы ұсынылады.
104. ЖОО жетекшісі ағымдағы оқу жылының 1 қарашасына дейін білім беру
саласындағы уәкілетті органға бітіретін мамандықтар бейініне сәйкес келетін осы жоғары
оқу орындарында жұмыс істемейтін, ғылыми және академиялық дәрежелері бар
профессорлар, доценттер мен оқытушылар арасынан, орта мектептің тәжірибелі
мұғалімдерінен,
өндірістегі
жоғары
білікті
мамандардан
МАК
төрағаларының
кандидатураларын ұсынады.
105. МАК жұмысына қатысушы мамандар бейіні ғылыми немесе академиялық
дәрежелерінің немесе базалы білімінің (диплом бойынша) сәйкестілігімен анықталады.
Ұсынысқа ғылыми немесе академиялық дәрежелер туралы немесе базалық білімі
туралы тиісті құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
106. МАК төрағасы ағымдағы оқу жылының 20-желтоқсанына дейін уәкілетті орган
бұйрығымен бір күнтізбелік жылға бекітіледі.
107. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен: факультет деканы (институт
директоры) немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді.
МАК-тың басқа мүшелері бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін
профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.
108. МЕК сандық құрамын мамандық бойынша бітіріп шығатын студенттердің
контингентіне сәйкес жоғары оқу орны өз бетінше белгілейді және ЖОО басшысының
бұйрығымен жыл сайын 31-желтоқсанан кешіктірмей бекітіп және күнтізбелік жыл бойына
әрекет етеді.
109. МАК-тың құзырына төмендегілер кіреді:
1) жоғары білім мамандықтары үшін МЖМБС белгілеген талаптарға сай бітіруші
мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;
2) тиісті мамандықтары бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін тағайындау;
3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру;
96
4) жоғары білім туралы диплом беруге шешім қабылдау;
5) мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
110. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін ЖОО
басшысы бекітеді және мемлекеттік аттестациялау комиссиясының жұмысы басталуына
дейін екі аптадан кешіктірмей барлығының назарына жеткізіледі.
111. МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс. Осыған
байланысты, күніне мемлекеттік емтиханды тапсыруға 12-15 адам, ал дипломдық жұмысты
қорғауға 7-10 адам жіберіледі.
111-1. Мамандықтар бойынша тестілеу нысанында мемлекеттік емтиханды тапсыру
кезінде академиялық лекке (немесе топқа) өткізіледі.
112. Диплом жұмысы (жобасы) қорғалуына дейін бес күннен кешіктірілмей МАК-қа
мынадай құжаттар ұсынылады:
1) диплом жұмысы (жобасы) ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе
«қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген қорытындысы бар пікірі;
2) диплом жұмысын (жобасын) қорғауға берілген жан-жақты мінездемесі («өте жақсы»,
«жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлықсыз») және бағалар көрсетілген
дәлелденген қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша бакалавр академиялық
дәрежесін және/немесе біліктілігін беру туралы рецензия.
113. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) плагиаттық мәніне қатысты тексеру тиісті
деканаттармен жүргізіледі.
114. МАК-қа сондай-ақ орындалған дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми және
практикалық құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми емес пікірлер,
диплом жұмысының (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын
ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе
актілері, макеттер, минералдар жинағы, гербарий және тағы сол сияқты басқа да материалдар
ұсынылуы мүмкін.
115. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай
келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда студент диплом жұмысын (жобасын)
қорғауға шыға алады. Рецензияда бағалары балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша
бағаланады.
Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» жағымсыз қорытынды берген жағдайда,
білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алмайды.
Білім алушы, рецензенттің оңды қорытындысындағы сияқты, жағымсыз қорытындысы
жағдайында да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алады.
116. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс
бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.
117. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі ЖОО басшысының
бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр студентке дербес бекітіледі.
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының
бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі мамандығы бойынша ғылыми немесе
академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі көрсетілген
бітіруші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.
118. Мемлекеттік емтихандар (бейінді пәндер немесе мамандықтар бойынша) мынадай:
ауызша, жазбаша, олардың кәсіптік оқу бағдарламаларының көлемі бойынша тестілеу
(кешенді тестілеу) нысандарында өткізіледі.
119. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген
пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОО-ның әзірлеген бағдарламалары бойынша
өткізіледі.
Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ЖОО (факультеттің) Ғылыми
кеңесінің шешімімен бекітіледі.
97
120.Бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар үлгілік оқу бағдарламалары мен
жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген оқу
жұмыс бағдарламалары бойынша өткізіледі.
121. ЖОО өздігінен мемлекеттік емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын
және олардың (ашық, жабық, біріктірілген тест) түрлерін, тестілеуді өткізу технологиясын
әзірлейді және бекітеді.
122. Диплом жұмысын қорғау МАК-тың ашық отырысында оның мүшелерінің
жартысынан көбі қатысқан жағдайда қорғалады.
123. Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке
50 минуттан аспауы керек. Білім алушыға МАК алдында дипломдық жұмысты қорғау үшін
15 минут уақыт беріледі.
124. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері
бойынша студенттердің білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға
қойылады. Бұл жағдайда білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық
дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.
125. Мемлекеттік емтихан тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың
нәтижелері олар өткізілген күні МАК отырысының хаттамасына қол қойылған соң
жарияланады.
126. МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді.
127. МАК отырысының хаттамалары осы Ереженің 4-6-қосымшаларға сәйкес МАК
жұмысы басталғанға дейін А4 форматында жеке кітапшада нөмірленіп, бумаланады және
оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.
128. МАК отырысының хаттамалары әр білім алушыға жеке толтырылады.
Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан ведомосы
негіз болады.
129. Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушылары арасынан комиссия құрамына
бекітілген МАК хатшысы толтырады
130. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жұмысын (жобасын) қорғауда
анықталған білімдердің бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен МАК
мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер МАК-тың бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған
мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазуға және өзі
қол қоюға құқығы бар.
Хаттамада «бакалавр» академиялық дәрежесін және немесе біліктілік беру сондай-ақ
студентке қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.
131. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау мемлекеттік емтихан бағалары туралы,
сондай-ақ, академиялық дәреже тағайындау және біліктілік беру немесе және мемлекеттік
үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім МАК мүшелерінің отырысына
қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы
қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші
болып табылады.
132. Хаттамаға МАК-тың төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.
133. Қазақстан Республикасы «Мұрағат және мұрағат ұлттық қоры туралы»заңына
сәйкес МАК-тың хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.
134. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген
студент МАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты
ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсыруына немесе дипломдық жұмысты (жобаны)
осы МАК-тың басқа отырысы болған күні қорғауына болады.
135. Студент қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау
өткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне болады.
136. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған
мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия
құрылады.
98
137. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК-сы мәжілісінің хаттамасы
қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ___________
№ _________ хаттамамен қайта қаралды _______ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған
МЕК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.
138. Денсаулық жағдайы туралы МАК-ға ұсынылған құжаттар қанағаттанарлықсыз
баға алғаннан кейін қарастырылмайды.
139. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және
дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.
140. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды
қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды
аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.
141. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп есептелген
жағдайда, МАК сол жұмысты комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға
ұсынуға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік береді. МАК-ның бұл шешімі мәжіліс
хаттамасына жазылады.
142. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар бір жыл өткеннен кейін, қорытынды
аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, ЖОО басшысының атына қайта
қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.
143. Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу білім беру ұйымы басшысының
бұйрығымен ресімделеді.
144.
Қайта
қорытынды
аттестаттау
алдыңғы
қорытынды
аттестаттаудан
қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.
145. Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына
енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу
жоспарымен белгіленеді.
146. Қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер білімі
аяқталмағандығы туралы анықтама беріле отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-
дан шығарылады.
147. Қорытынды аттестаттаудан өткен және ЖОО-ның кәсіптік оқу бағдарламасын
меңгергендігін дәлелдеген студентке МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі
және/немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік
үлгідегі диплом дипломдық жұмысты (жобасын) қорғау күнінен бастап бір ай мерзімде
қосымшасымен ақысыз беріледі.
147-1. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен бірге беру білім беру ұйымы
басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Бітіру туралы бұйрықты студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап
он күн мерзімнен кешіктірмей МАК төрағасының ұсынысы негізінде білім беру ұйымының
басшысы бекітеді.
147-2. Білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу бойынша факультет
деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларды оқудан
шығару туралы бұйрықты бекітеді.
148. Дипломға қосымша студенттің оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама
негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттарымен қарастырылған
көлемде оның барлық пәндер бойынша алған бағаларына сәйкес тапсырылған курстық
жұмыстар (жобалар), практика мен қорытынды аттестаттау нәтижелерінің түрлері негізінде
толтырылады.
Диплом қосымшасына әр оқу пәні бойынша көлемі кредит және академиялық сағат
түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар
жазылады.
149. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы»
деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең
99
мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «өте жақсы» деген бағаға тапсырған
білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
150. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған
студент осы Ереженің 149-тармағында көрсетілген талаптарды орындағанына қарамастан
үздік диплом алу құқығынан айырылады.
151. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы есеп жасайды және екі апта
мерзім ішінде ЖОО-ның басшысына тапсырады. МАК төрағасының есебі ЖОО ғылыми
кеңесінің немесе (факультет кеңесінің) отырысында талқыланады және бекітіледі.
152. Студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім
ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Ереженің 7-қосымшада келтірілген
мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмыс қорғау нәтижелерін ұсынады.
153. МАК төрағасының есебіне кесте мен түсіндірме жазба кіреді.
Кестеде осы Ереженің7-қосымшада келтірілген көрсеткіштер белгіленеді.
МАК төрағасы есебінің түсіндірме жазбасында төмендегілер көрсетіледі:
1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;
2) диплом жұмысының (жобаның) орындалу сапасы;
3) диплом жұмысын (жобасы) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның,
техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сәйкестігі;
4) білім алушыларды мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты,
жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудың кемшіліктері;
5) мамандар бойынша даярлау сапасына кадрлар талдау;
6) ЖОО-да мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.
154. МАК төрағасының есебіне жоғары білім бағдарламасын оқып бітірген, білім
ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты
көрсетілген ЖОО-ны бітірушілердің тізімі жалғанады.
Достарыңызбен бөлісу: |