100
164. Факультет деканы (жоғары оқу орнынан кейін білім алу бөлімінің бастығы) кей
жағдайда (сырқатына, отбасы жағдайына немесе басқа да обьективті себептерге байланысты)
білім алушыға жеке кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады.
Факультет деканына (ЖОО-дан кейінгі білім бөлімінің бастығы) аурулығы, сәбидің
дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік
немесе оқу іссапарында
болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда жеке
кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.
165. Осы мақсатта емтихандық сессия (аралық аттестаттау) кезеңіне ғылыми ұйымның
немесе жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай
біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.
166. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі.
Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пәндердің жақындылығына байланысты екі және
одан да көп пәндерден кешенді емтихан белгіленуі мүмкін.
167. ЖОО (факультет) емтиханды өткізу тәртібі мен түрін әр оқу пәні бойынша
академиялық кезеңнің басталуынан бір ай бұрын белгілейді.
168. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде
академиялық кезеңдегі
емтиханнан алған бағасы мен ағымдық бақылаудан (жіберілу рейтинг бағасы) алған орташа
баллы ескеріледі.
169. Әр пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушыларға қорытынды баға
ЖОО студенттеріне қойылатын тәртіп бойынша қойылады.
170. Емтихандық ведомость барлық оқу кезеңі бойынша білім алушылар жинаған
кредиттер санын есептеумен айналысатын офис регистраторға тапсырылады.
Әрі қарай офис регистратор емтихандық ведомосты сәйкес келетін факультет
деканатына (институт директораты) тапсырады. Деканатта әр пәннің емтихандық ведомосы
негізге ала отырып, аралық аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады.
171. Білім алушылар барлық емтихандар жұмыс жоспарына, жеке оқу жоспарына және
оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырулары қажет.
172. Білім алушылар қосымша оқу түрлерінің пәндері бойынша да емтихан тапсыра
алады, нәтижелері емтихан ведомосына және білім алушының жеке ведомосына жазылады.
173. «Қанағаттанарлықсыз» бағаны оң бағаға қайта тапсыру үшін
білім алушы пән
бойынша оқу жұмыс жоспарында көрсетілген барлық оқу сабақ түрлеріне қайта қатысып,
емтиханға жіберілу рұқсатын алып, қорытынды бақылау тапсыруы тиіс.
174. Қорытынды бақылаудан алынған қанағаттанарлық бағаны жоғарылату үшін осы
аралық аттестаттау кезеңінде емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Қорытынды бақылаудың оң бағаны қайта тапсыру тәртібі осы Ереженің 173-тармағына
сәйкес анықталады.
175. Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтиханнан кейін
(келесі күні) аппеляцияға беруге құқығы бар.
176. Пән бағдарламасын толық орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда
емтихандық ведомосттағы фамилиясының тұсына «келген жоқ» белгісі қойылады.
Дәлелді себептерге байланысты келмеген жағдайда факультет деканының өкімімен
емтихан тапсырудың жеке кестесі белгіленеді. Дәлелді
себептері болмаған жағдайда
«қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылып, осы Ереженің 173-тармағына сәйкес емтиханды
қайта тапсырады.
177. Транскриптке студенттің барлық қорытынды бағаларымен қоса қайта тапсырылған
емтихан нәтижелері де жазылады.
178. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялардың қорытындысының
негізінде жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім
алушыларды курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. Осы
мақсатқа сәйкес көшіру балы
белгіленеді.
178-1. Курстың бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі көшіру
балын ала алмаған білім алушыларға өз үлгерімінің орташа балын көтеру мақсатында жазғы
101
семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға және сол пәндер бойынша қайта
емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.
179. Емтихан қорытындылары және емтихан сессиясы (аралық аттестация)
аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстары кафедра, деканат
(директорат) және жоғары оқу орны отырыстарының талқылауына шығарылады.
180. Жоғары оқу орнынан немесе ғылыми ұйымнан
шығарылған тұлғаға білімі
аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.
181. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы
жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес
жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі
министрліктің ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін
осы Ереженің 173, 174, 178-тармақтарының нормалары тиісті мемлекеттік органдармен
келісіледі.
Достарыңызбен бөлісу: