«6М020600 – дінтану» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет22/67
Дата03.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#133367
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
6М020600-Религиоведение (1)

 
 
ДІНТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ 
 
Дін тарихы: әдіснамалық көзқарастың қалыптасуы 
Жалпы тарих пен археологияның дескриптивті әдісі. Генетикалық және 
каузальді талдау. Өткенді қайта жаңғырту. Адамзат діндері. Түпнұсқаларды 
жинау, түсіндіру және баға беру. Дін тарихының түпнұсқалық базасын 
жүйелеу және топтастыру. Ғылыми тарихтану және деректану. 
Салыстырмалы- деректанулық талдау. Классикалық және классикалық емес 
тарихи парадигмалардың бөлінуі. Ежелгі және ортағасырлардағы діни 
артефакттардың палеографиясы және археографиясы.
Миллер, Ш. де Бросс, Ш.Ф. Дюпюи, Ф.К. Баур и Д.Ф. Штраус, И. 
Бахофен, Ф. де Куланж, Ж.Э. Ренан, У. Робертсон Смит, Э.Б. Тайлор, Дж. 
Фрэзер, Ю. Вельгаузен, А. Древс, В. Шмидт, Ф.И. Щербатский, В.В. 
Бартольд, А.Б. Ранович, Р.Ю. Випнер, А.В. Карташов және т.б. 
шығармаларындағы дін тарихының мәселелері. 
Дін социологиясы: әдіснамалық тәсілдің қалыптасуы
Дін социологиясы ғылыми пән ретінде. Дін социологиясының 
дереккөздері. XVII– XVIII ғғ. ағылшын философтары Т. Гоббс, Г. Болинброк, 
француз философтары мен XVIII ғ. қоғамдық-саяси ойдың өкілдері Ш.Л. 
Монтескье, Ж.Ж. Руссо, К.А. Гельвеций, американдық тарихшы этнограф 
Л.Г. Могран, француз философы және социологы О. Конт, ағылшындық 
философ және социолог Г. Спенсердің ойлары. Діннің социологиясылық 
түсіндірмесінің жалпы негіздері мен теориялық тәсілдердің әртүрлілігі. Дін 
және әлеуметтік ынтымақтастық: Э.Дюркгейм. Дінді құрылымды-
функционалды талдау: Малиновский и А.Р. Рэдклифф-Браун. Жүйелік-
функционализм: Т. Парсонстың теориясы. Функционализмді сынау: 
Р.Метрон. Дін және әлеуметтік өзгерістер: М.Вербер. Неоэволюционизм: 
Т.Парсонс және Р.Белла. Дін және қақтығыс: К. Маркстің дін теориясы және 
қазіргі таңдағы дін теориялары. Дін саласындағы нақты-әлеуметтік зеттеулер 
әдістері.


22 
Категориялы-тұжырымдамалық (теориялық) және нақты-әлеуметтік 
зерттеудің деңгейінің заманауи әдіснамасы: таксономия, кластерлі талдау, 
жобалық әдістер (ассоциациялар) және болжамдау әдістері, статистикалық 
әдіс, корреляциялық, дисперсиялық, факторлы талдау; контент-талдау 
жұмысы, іштей бақылау әдісі, ойындық тәсіл, социометрлік тест, сауалнама, 
интервью. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет