«6М020600 – дінтану» мамандығы бойынша


Қазіргі дінтанудың әдіснамалық мәселелері



Pdf көрінісі
бет18/67
Дата03.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#133367
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67
Байланысты:
6М020600-Религиоведение (1)

Қазіргі дінтанудың әдіснамалық мәселелері 
Қазіргі кезеңдегі дінтанудың үрдістері 
Қазақстандық дінтану 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
«Дінтану әдіснамасы» курсы мазмұны бойынша мамандықтың 
жалпыкәсіби пәндерімен, философиямен, ғылым социологиясымен және 
басқа да тарихи-ғылыми зерттеулермен тығыз байланысты.
Пәннің мақсаты:
магистранттарда дінтану саласында негізгі 
құзіреттіліктің қалыптасуына жағдай жасай отырып, дінтану әдіснамасы 
саласында магистранттардың заманауи ғылыми білімін игерту.
Пәннің міндеттері:
а) дінді зерттеуде заманауи тәсілдерге бағытталу; 
б) теориялық дінтанулық білім мен дінтанулық зерттеу әдістерін тәжірибеде 
қолдану; в) болашағы бар ғылыми-зерттеулік және қолданбалы мәселелерді 
қоя және шеше білу; г) өзінің ғылыми және қолданбалы қызметіне сыни 
көзқараспен қарау.
«Дінтану әдіснамасы»
пәнінің нысаны
әлеуметтік мәдени тарихи 
контекстіндегі тарихи өзгерістерге толы әлеуметтік-мәдени контекстегі 
білімдерге негізделген діни танымның ортақ заңдылықтары мен үрдістері 
болып табылады. 
Әдіснама алғашқыда адамадардың объективті әлеммен қарым-
қатынасының практикалық формаларында көрініс береді. Одан әрі ол 
рационалды танымның арнайы пәні ретінде бөлініп, таным мен әрекеттің 
әлеуметтік тұрғыдан сыннан өткен ережелер мен нормативтер жүйесі ретінде 
бекіп, өмірдің заңдылықтарымен сәйкестендіріледі. Әдіснама білімінің 
элементтері мәдениет дамуының ерте кезеңінен-ақ белгілі бола бастайды. 
Өндіріс, техника, өнер, ғылым мен мәдениеттің дамуымен бірге әдіснама 
танымдық қызметті ұйымдастыру принциптерін пайымдауға бағытталған 
арнайы теориялық рефлекстерінің пәніне айналады және оның құрамында 
білімнің мазмұны, құрылымы, шарттары және ақиқатқа жетелеуші жолдар 
анықтала түседі. Соның негізінде ХІХ ғасырда теориялық дінтану 
қалыптасады. 
Пәннің нысаны болып дінтануды зерттеудің әдіснамалық принциптері 
табылады.
Діндер туралы білім маманның кәсіби қызметінің кез-келген түрін 
іске асыруда, оқытушылық және зерттеу қызметі, эксперт және 
кеңесшілермен, түрлі дін өкілдерімен қарым-қатынаста аса қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет