П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет770/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   766   767   768   769   770   771   772   773   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

з, с, ж, р, ң 
дыбыс- 
тарын созып, мысалы, 
тызз, тырсс, шыжж, шырр,
шыңң
деп айтуға болады.
Еліктеуіш сөздер ауызекі тілде, ауыз әдебие- 
тінде, көркем әдебиетте өте жиі қолданылады
мысалы: 
Социалистік индустрияның дөңгелегізыр
жүгірді
(М ұстаф ин); 
Күн көрістің ескі тәсілдері,
ескі салт-сана, эдет-ғүрып шірік иіүберектей дыр-
дыр жыртылып жатты
(Сонда); 
Колхоздың қара
сабалары кү м п -кү м п пісілді
(Сонда); 
Кешікпей
т ағы да мылт ық даусы гүрс-гүрс шықты
(Сла- 
нов); 
Боз, күрең, жирен, ала, шүбар, Өтеді ауызды-
ғын қарш-қарш іиайнап
(Жамбыл).
Сөйтіп, 
е л і к т е у і ш
с ө з д е р
дегеніміз - озіне тән лексика-семантикалық ма-
ғынасы, морфолоі иялық тұлға-тұрпаты 
(фор- 
малық структурасы) 
бар, дара түрлеріне де, қосар-
ланған түрлеріне де коптік, тәуелдік, септік,
жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын(түрлен-
бейтін), 
сойлемде әрқашан сын-қимыл пысық-
тауыш болатын және бастапқы түбірлерінен
жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістік-
тер жасалатын создер.
9.2.2. Бейнелеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер есіту қабілеті арқылы пай- 
да болатын түсініктердің аттарын білдірсе, бей- 
нелеуіш сөздер табиғатта кездесетін белгілі-белгілі 
елес, құбылыстарды козбен көру қабілеті арқы - 
лы туатын түсініктердің аттарын білдіреді.
М ысалы: 
Ы рғалып қарға қарқ етті; ірімшік
аузынан салп етті
деген сөйлемдерді алайық. 
М ұндағы
қарқдетеп
сөз - қарған ы ң дауыстауы- 
нан естілген дыбыстың атын аңғартатыны, соған 
сәйкес, еліктеуіш сөз сол түсініктің атауы бола- 
ты н ы ж о ғ а р ы д а ай ты л д ы . Ал осы с а л ал ас 
сөйлем нің екінш і ж арты сы ндағы
салп
деген сөз 
дыбысты емес, қарғаның аузынан ірімшіктің жер- 
ге қарай түсіп бара ж атқан я түскен кезіндегі 
көрініс елесін, сол көріністің бейнесін білдіреді. 
Екінші сөзбен айтқанда, 
салп
деген сөз ірімшіктің 
жерге тез түсіп бара ж атқан кезінде көзбен көру 
қабілеті арқы лы қабы лданған көріністің, оның 
бейнесінің атауы есебінде қызмет етеді.
Екінші бір мысал алайық: 
Кенеттен шыққан
дауысқа Ботагоз “ә ” деуге үлгермей, жүрісінкілт
тоқтатып, ж алт қарады
(М ұқанов) дегендегі 
кілт
ж әне 
жалт
деген сөздер де қалай тоқтаған- 
ды қты ң ж әне қалай қарағанды қты ң бейнесін 
көрсетеді.
Бейнелеуіш сөздер іс-әрекеттің тек сыртқы 
бейне-көрінісін ғана емес, әрі ш апш аң (аса тез) 
болатыны н да білдіреді. Бұл сөздерге де белгілі- 
белгілі көріністің, қимылдың бейнесі негіз бола- 
ды. М ысалы: 
бірдеме елең етті; от ж алт етті;
жапалақжалп
етт/дегендердегі 
елең, жалт, жалп
деген создер белгілі көріністің бейнесін де, олар- 
дың тез болу ерекшелігін де білдіреді.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш создер 
де қосарланы п қолданылады да, солар арқылы 
бейнеленетін құбылыстардың бірнеше рет қайта-


ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕР
553
л ан ған ы н білдіреді. Мысалы: 
елең-елең, ж алп-
жалп, жалт-жалт, жылт-жылт, қылт-қылт, лап-
лап
т.б.
Е л ік т е у іш с ө зд е р с и я к т ы , б е й н е л е у іш
сөздердің де кайталанған екінш і сы ңары ны ң 
аш ы қ дауысты дыбысы қысан дауысты еріндікке 
айналы п, іс-қим ы лды ң бейнесінің бірде олай, 
бірде бұлай болып алмасып отыратынын білдіреді, 
мысалы: 
жалт-жүлт, жалп-жұлп, қалт-қүлт
т.б.
Е л ік т е у іш с ө зд е р с и я қ т ы , б е й н е л е у іш
сөздердің де түбіріндегі дауысты дыбыстың ашық 
я қы саң болуы немесе жуан я жіңішке болуы сол 
сөздердің мағыналарына әсер етеді. Мысалы: 
От
жалт етті
және 
от жылт етті
дегендердегі 
жалт
деген сөзден көру қабілетінің күшті екендігі 
аң ғары лса, 
жылт
деген созден көріністің әлсіз 
болатыны аңғарылады.
Е л ік т е у іш с ө зд е р с и я қ т ы , б е й н е л е у іш
сөздердің де түбіріндегі дауысты дыбыстардың 
аш ы қ болуы қозғалы с пен әрекеттердің ере- 
бейсіздігін, дөкірлігін, оңтайсыздығын, епсіздігін 
білдірсе, дауысты дыбыстардың қысаң болуы әре- 
кет-қозғалысты ң мардымсыздығын, өнімсіздігін 
білдіреді. Мысалы: 
арбаң-арбаң, талтаң-талтаң,
тарбаң-тарбаң, одыраң-одыраң
деген сөздердің 
мағыналарын сол реті бойы нш а
ербең-ербең, тыл-
тың-тылтың, тырбың-тьірбың, едірең-едірең
де- 
ген сөздердің мағы наларымен салыстырып бай- 
қауға болады. А лдыңғы топ пен со ң ғы топтың 
м ағы н а л а р ы н д а , әр и н е, ай ы р м аш ы л ы қ бар. 
Ө йткені 
Нұрқожа талтаң-талтаң басып келеді
екен
(М ұқанов) деген мен 
Нұрқожа тылтың-
тылтың басып келеді екен
дегендердегі 
талтаң-
талтаң
мен 
тылтың-тылтың
дегендердің ма- 
ғыналары тең емес.
Е л ік т е у іш с о зд е р с и я қ т ы , б е й н е л е у іш
создердің де түбіріндегі дауысты дыбыстардың 
жуан я ж іңіш ке болуы олардың м ағы насы нда 
айы рм аш ы лы қ болатынын аңдатады, мысалы: 
ж алп-ж алп етеді
деген мен 
ж елп-ж елп етеді
дегеннің, осыдан туған 
жалпылдайды
ж әне 
жел-
пілдейді
деген сөздердің м ағы налары тең емес. 
А лғаш қы көріністен күшті, дөрекі, епсіз бейне 
байқалса, соңғьща әрі нәзік, әрі майда бейне елес- 
тейді.
Е л ік те у іш с ө зд е р с и я қ т ы , б е й н е л е у іш
сөздердің де бастапқы дара түбіріне де, қосар- 
ланған түрлеріне де сөз байланыстыратын (көптік, 
септік, тәуелдік, жіктік) жалғаулар тікелей қосьш- 
майды. Демек, еліктеуіш сөздер тәрізді, бұлар да
- түрленбейтін сөздер. Еліктеуіш создер сияқты, 
бейнелеуіш сөздер де ешбір өзгеріссіз тікелей етіс-
тіктермен тіркесіп, я дара мүше 
(жалт қарады,
жалт-ж алт қарады)
болады, я күрделі мүшенің 
құрамына енеді 
(жалт етті, жалт-жалт етті).
Бұлар да, еліктеуіш сөздер сияқты , дербес мүше 
болса, әрқаш ан сын-қимыл пысықтауыш болып 
қызмет атқарады. Мысалы, төмендегі сөйлемдер- 
дегі бейнелеуіш сөздер кілең пысықтауыш бо- 
лып тұр: 
Ыңырсып колхозының торт түлігі Ауыл-
дан м аң-м аң басып өріске өрді
(Ж амбыл); 
Атты-
лар бұрылып келіп, доңгелене отырған жиынға
жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды
(Әуезов).
С өйтіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   766   767   768   769   770   771   772   773   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет