Мамытбаева жанат абдиманаповна


Зерттеушілік іс-әрекет  –



Pdf көрінісі
бет7/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

 
Зерттеушілік іс-әрекет 
– 
болашақ 
педагогтердің кәсіби дайындығының құрамдас бөлігі ретінде педагогика 
саласындағы зерттеу әрекетінің әдістері мен құралдарын меңгертуге 
бағдарланған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беруді одан әрі 
жетілдіру жолдары айқын көрінеді: ашықтық, жаһандану; білім беру 
ұйымдарының өз бетінше жұмыс істеуі; білім беруді басқарудың 
демократияландыру мен жергіліктендіру; білім беруді ізгілендіру, саралау, 
оқытудың жаңа технологияларын ендіру; білім беруді ақпараттандыру; 
ғаламдық халықаралық коммуникациялық желілерге шығу мәселелері 
қамтылады [3].
Зерттеушілік іс-әрекет арқылы болашақ педагогтің ғылыми дүниетанымы 
дамиды. Ғылыми дүниетаным тек теориялық білім алумен қатар зерттеушілік 
іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Білім алушылардың өздігінен жүргізген 



зерттеушілік іс-әрекет нәтижесінде нақты шындыққа көз жеткізеді. Бұл 
педагогикалық жоғары оқу орындарының алдына болашақ педагогтерді 
дайындауда зерттеушілік іс-әрекетті дамыту әдістерін меңгеріп шығу мiндeтiн 
қoяды.
 
Зерттеу – маманнның кәсіби тәжірибесін дамытудың қуатты 
құралдарының бірі. Белгілі бір мәселені зерттей отырып, зерттеуші өз 
тәжірибесін жетілдіре алады. Қазіргі таңда білім беру мазмұнында өзгеріс көп, 
өзгеріс жасайтын, әрине, педагогтер қауымы. Өзінің тәжірибесін өзгерту 
арқылы білім алушыларды да өзгертеді. Тәжірибені өзгерту ізденуге, зерттеуге, 
бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, тарихы терең, ұлттық 
педагогикалық тәжірибемізді де зерттеу барысында басшылыққа аламыз. 
Мысалы, Әбу Насыр әл-Фараби [4], Жүсіп Баласағұн [5], ағартушылар 
А.Құнанбаев [6], Ы.Алтынсарин [7], қазақ зиялылары А.Байтұрсынұлы [8], 
Ш.Құдайбердіұлы [9], М.Жұмабаев [10], Ж.Аймауытовтардың [11] еңбектері, 
педагогикалық идеялары болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуды 
зерттеуде философиялық, психологиялық, педагогикалық негіз болды.
Зерттеушілік іс-әрекет және жобалау идеялары философ ғалымдардың 
С.Б.Крымский [12], Б.М.Кедров [13], Ә.Нысанбаев [14], А.Қасабеков [15], 
М.Орынбеков [16], Д.Кішібеков [17], Н.А.Бердяев [18], Б.С.Гершунский [19], 
М.Шелер [20] және т.б.) еңбектерінде жан-жақты талқыланып, кең ауқымды 
зерттеулері назардан тыс қалған емес. Зерттеуіміздің барысында болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту 
технологиясы арқылы дамытудың әдіснамалық негізін даярлауда философ 
ғалымдардың еңбектеріне сүйендік. 
Болашақ педагогтің кәсіби білімін үздіксіз жетілдірудің ең тиімді, нәтижелі 
жолының бірі зерттеушілік іс-әрекет. Зерттеушілік іс-әрекет ойлану, дерек 
жинау, оны саралау, талдау, жоспарлау, әрекет ету, әрекет туралы ойлану, 
рефлексия жасау, қайта жоспарлау кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.
– болашақ педагогтердің зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастырудың 
ғылыми-әдістемелік 
ұстанымдарын 
негіздеу 
В.В.Краевский 
[21], 
Г.А.Бордовский [22], М.А.Белялова [23], В.П.Беспалько [24], В.И.Загвязинский 
[25], Г.П.Скамницкая [26] сынды ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
– зерттеушілік іс-әрекет теориялық тұрғыда А.Н.Савенков [27], Д.Берлайн 
[28], А.Н.Леонтьев [29], т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерделенген. 
– педагогтің жеке басын қалыптастыру теориясы мен зерттеу дағдылары 
С.М.Годник [30], В.С.Ильин [31], Н.Д.Никандров [32] зерттеулерінде бар.
Ал, отандық ғалымдардан білім алушылардың зерттеушілік іс-әрекетін 
дамыту мәселелеріне зерттеулер жүргізген:
– ғылыми-әдіснамалық ұстанымдар А.Е.Әбілқасымова [33], Ш.Т.Таубаева 
[34], З.А.Исаева [35], А.Ш.Байтоқаева [36], ғылыми педагогикалық зерттеу 
мәселелері А.К.Мынбаева [37], зерттеушілік іс-әрекеттің даму тарихы
Г.К.Ахметова [38], А.А.Булатбаева [39], философия докторы (PhD) дәрежесін 
алу 
үшін 
дайындалған 
диссертацияларында 
М.Б.Аманбаева 
[40], 



А.К.Жексембинова [41], Г.К.Есполова [42] Г.М.Мышбаева [43] және т.б. жас 
ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары туралы 
М.А.Құдайқұлов 
[44], 
Б.Кенжебеков 
[45], 
Ш.Т.Таубаева 
[34,с. 
5], 
Е.Ш.Қозыбаев [46] және т.б. ғалымдардың еңбектерінің біздің жұмысымыз үшін 
маңызы жоғары болды. 
Педагогикалық білім беру мазмұны, болашақ педагог-мамандарды кәсіби 
әрекетке даярлаудың қырлары, педагогтердің кәсіби қабілеттерін қалыптастыру, 
педагогтерді даярлаудың тарихына арналған зерттеулерді Қ.Б.Сейталиев [47], 
Р.К.Бекмағамбетова [48], А.Д.Қайдарова [49]), мектепке дейінгі ұйымдарға 
мамандар даярлау мәселесі ғалымдар Б.О.Арзанбаева [50] Р.Т.Бөпебаева [51], 
А.И.Балабаева [52], Г.Т.Абилбакиева [53], С.Т.Тілеубай [54], М.А.Шауенова 
[55], Т.С.Жұмашева [56], А.Ж.Жакуповалар [57] және т.б. жүргізген. 
Педагогтердің кәсіби дарындылығын дамыту мәселесіне Л.М.Нәрікбаева 
[58], ал болашақ педагогтің біліктілігін, шығармашылық әлеуетін дамыту 
Б.А.Тұрғынбаева [59], педагог кадрларды дайындауда зерттеушілік іс-әрекеттің 
рөліне Б.Ш.Баймұхамбетованың [60] зерттеу жұмыстары арналған. 
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мәселесі 
бойынша тарихи-әдістемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулер жүргізген 
педагог-ғалымдар Б.Б.Баймұратова [61], А.К.Меңжанова [62], Г.П.Охотская 
[63], Қ.М.Меңдаяқова [64], М.С.Сәтімбекова [65], А.Б.Бакреденова [66], 
Ә.С.Әмірова [67], Т.А.Левченко [68], Ф.Н.Жұмабекова [69], А.Е.Манкеш [70], 
С.Н.Жиенбаева [71], Г.З.Таубаева [72], К.М.Метербаева [73], А.К.Атыманова 
[74], С.Г.Батибаева [75], Н.И.Храпченкова [76], М.А.Прокофьева [77], 
Г.Ж.Меңлібекова [78], Ж.С.Хасанова [79], В.Я.Никитин [80], Л.Е.Румянцева 
[81] т.б. зерттеулері нәтижесінде ғылыми әдістемелік еңбектер, оқу-құралдар, 
бағдарламалар жасалды
.
ХХ ғасырдың екінші жартысында интеллектуалдық әрекеттерді 
ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыру 
жүзеге асырыла бастады. Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жоба 
ғылыми негізделіп, технологиялар арқылы түсіндірілілді. Кейіннен әмбебаптық 
сипат алды. Мысалы, экстенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жоба жасау және оны 
ендіру барлық салаларды: өнеркәсіп пен құрылысты, мәдениет пен саясатты, 
білім беруді қамтитынын көруге болады [82]. «Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» 
деген сөзінен шыққан, мағынасы – жаңа нәрсенің жобасын, сұлбасын жасау. 
Ғылымда ол тек жаңа нәрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны 
негіздеуді, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин 
алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта 
шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады [82, 196 
б]. 
Жобалау әдісі ХХ ғасырдың басынан басталады, бұл әдістің ғылыми 
негізін Д.Дьюи, Девей, У.Х.Килпатрик, Снедден, Ричардс қалады.
Жобалап оқыту технологиясының теориясын Ресей ғалымдары 


10 
В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В. 
Кузьмина т.б. зерттеген.
Білім берудегі жобалап оқытудың мәселелерімен шетелдік ғалымдар 
кеңінен айналысты. Мысалы, Cho Y., C.Brown [83],  Phyllis C. Blumenfeld, Elliot 
Solowаy, Ronаld W. Mаrx, Joseph S. Krаjcik, Mаrk Guzdiаl [84], сонымен қатар 
жоба әдісінің тиімділігін зерттеуде L.Fried-Booth,T. Hutchinson, D. Fillips, 
J.Аnderson, C.Boyle, B.Reiser білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде жобалық 
оқыту идеяларын [85] қарастырған болатын.
Педагогикалық жобалаудың теориялық және әдіснамалық негіздерін
Е.С.Заир-Бек [86], жобалау іс-әрекеті арқылы педагогтің кәсібилігін дамыту 
С.А.Агапова [87], жобалау педагогикасын В.С.Безруков [88], педагогтің 
жобалау іс-әрекетін Г.Е.Муравьева [89], жалпы жобалау іс-әрекетін Б.Р.Мандель 
[90], жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелерін Е.В.Михалкина
[91], 
әлеуметтік жобалауды В.И.Курбатов, О.В.Курбатова [92], мектепке дейінгі 
білім берудегі жобалауды С.Андабекова [93], Thomas J. жобалық білім беруді 
зерттеу нәтижелерін [94] қарастырған.
Жобалап оқыту технологиясының негізін
салушы Карл Фрей өзінің 
«Жобалау әдісі» атты еңбегінде «Оқушы немесе оқытушы тарапынан болсын 
практикалық маңызы бар бір жоба ұсынылуы тиіс. Жобаға қатысушылар оқыту 
түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі. Білім алушылар алған білімдерін 
танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз 
білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді. Білім алушылар 
ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (мәселені анықтау, ақпарат 
жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, болжам жасау, қорытындылау) 
меңгереді. Білім алушылардың жүйелі ойлауы дамиды», дейді [95]. 
Отандық ғалымдар C.М.Бахишева педагогикалық жобалаудың теориясы 
мен технологиясын [82, 25 б], Ә.Қ.Қисымова [96], Т.Ж.Увалиева [97] оқыту 
технологияларын, әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау мәселесін 
Ш.Т.Таубаева [34,с. 20], әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттерді жобалау 
негіздерімен Ұ.Қ.Қыяқбаева [98], университеттік білім беру жүйесінде 
студенттердің жобалау құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін Д.И.Мухатаева 
[99],
 
болашақ педагогтердің оқу-жобалау іс-әрекетін қалыптастыру мәселесімен 
А.Ж.Қасаболат [100], қазақ тілін жобалап оқытудың технологиясын 
А.А.Сатбекова 
[101], 
бастауыш 
білім 
берудегі жобалау 
мәселесін 
А.У.Мұханбетжанова [102] қарастырды. 
Алайда, жоғарыдағы талданған зерттеу жұмыстарының мазмұнында 
жобалап оқыту технологиясы арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогінің зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың ғылыми негізі нақты мәселе 
ретінде қарастырылмағанын аңғаруға болады. Отандық және алыс-жақын 
шетел ғалымдарының ғылыми педагогикалық, психологиялық еңбектерін 
талдау барысында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік 
іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту мәселесінің арнайы 
зерттелмегендігі анықталды.


11 
Отандық мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім бағдарламасында 
оқитын білім алушылардың жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік 
іс-әрекетін дамытудың ғылыми негіздерін нақтылау арқылы мектепке дейінгі 
білім беру үдерісіне ендіру, дүниетанымы кең, шығармашыл болашақ 
тәрбиешілердің зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік туғызу, кәсіби
деңгейін көтеру қажеттілігі мен оның ғылыми мәселе ретінде зерттеліп, білім 
беруде кеңінен қолдануды жетілдіруді қажет етеді.
Осы тұрғыдан жобалап 
оқыту технологиясы негізінде болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
зерттеушілік іс-әрекетін дамытуда:

жобалап оқыту технологиясы арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін дамыту көкейкестілігінің арта түсуіне 
қарамастан, теориялық және әдіснамалық негіздерінің жасалмауы арасында; 

болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
дамыту қажеттілігі мен қазіргі қолданыстағы жобалап оқыту технологиясы 
негізінде бұл мәселені шешу мүмкіндіктерінің пайдаланылмауы арасында; 

болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
дамытуды тәжірибеде жүзеге асырудың оқу-әдістемелік жағынан жеткілікті 
дәрежеде қамтамасыз етілмеуі арасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет