7
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-
техникалық және мәдени дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету
мақсатында дамудың қазіргі кезеңінде жоғары білім табысты кәсіби-тұлғалық
өзін-өзі жүзеге асыруға дайын құзыретті педагогтерді даярлауды көздейді.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби дайындығындағы өзгерістер
мектепке дейінгі білім беруді реформалаумен байланысты.
Педагогтерді даярлау саласындағы ұлттық білім беру жүйесінің негізгі
жетістіктері: білім беру мен ғылымның заңнамалық базасын, ұлттық жастар
саясатын жаңарту; университеттердің академиялық еркіндігін кеңейту;
қазақстандық қоғам мен білім берудің алдында тұрған негізгі міндеттерді
ескере
отырып,
инновациялық
жобаларды
қосу,
педагогикалық
университеттердің миссиясы өзгермелі ортада өмір сүруге икемді және бәсекеге
қабілетті түлектерді дайындау. Жоғары оқу орындарында әр білім алушының
қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы
адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен
әлеуетін ашу жүзеге асырылады [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022
жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет», «Біртұтас ұлт»,
«Берекелі қоғам» атты Жолдауында: Тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін
арттырып, өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес
қосады. Сондай-ақ, ұстаздардың құзырет аясы айқындалып, болашақ
педагогтердің нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн
екендігін мәлімдеді. Педагог мамандардың өз саласының шеберіне әрдайым
сұраныс болатынын нақтылады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге
елдерде де бәсекеге қабілетті болуы керектігін алға тартты [2].
Қазақстанның дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, жаңа заман
талаптарына сәйкес болашақ педагогтің ғылыми-зерттеушілік ізденісі негізінде
зерттеушілік іс-әрекетін дамыту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: