5
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге
сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Педагог-тәрбиеші
– мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік
оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне
сәйкес педагогикалық
үдерісті жүзеге асырады.
Жоба – «proicere»
деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» деген
мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді.
Жобалау
– білім алушылар мен педагогтердің іс-әрекетінің негізгі
білімдерін алдын-ала өңдеу.
Зерттеушілік іс - әрекет
–
жаңалықты, үдерістерді анықтауға, олардың
байланыстары
мен қатынастарын орнатуға, нақты фактілерді теориялық және
эксперименттік тұрғыдан дәлелдеуге, таным жүйесінің зерттеу әдістері арқылы
заңдылықтарды анықтауға бағытталған шығармашылық мазмұндағы іздену іс-
әрекеті.
Өнім
– бұл жеке адамның немесе топ мүшелерінің
шығармашылық
еңбегінен (мақала, кітап, бағдарлама, нұсқаулық және т.б.) көрініс тапқан
нәтиже.
Оқытуды жобалау
– оқу үдерісіндегі үнемі күрделеніп
отыратын
практикалық тапсырмаларды орындау үдерісінде білім алушылар білім алуды
дидактикалық санат ретінде қарастыра отырып мәселені егжей-тегжейлі әзірлеу
арқылы оқу мақсатына жету,
практикалық нәтиже, сұраныс негізінде белсенді
оқыту.
Жоғары оқу орны –
алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу,
адамзаттың
мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді
маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау.
Жобалап оқыту
оқу үдерісіндегі үнемі күрделеніп отыратын практикалық
тапсырмаларды орындау үдерісінде білім алушылар білім алуды дидактикалық
санат
ретінде қарастыра отырып, мәселені егжей-тегжейлі әзірлеу арқылы оқу
мақсатына жету, практикалық нәтиже, сұраныс негізінде белсенді оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: