Зерттеудің әдістері:
Зерттеуде қойылған міндеттерді шешу мен болжамды
тексеру үшін теориялық және тәжірибелік-эксперименттік әдістер кешені
қолданылды, ғылыми еңбектерде көрініс тапқан зерттеушілік іс-әрекет, жобалап
оқыту технологиясы бойынша әртүрлі ғылыми ой пікірлерді кешенді түрде
зерттеу, теориялық талдау, синтездеу, жалпылау, контент талдау, модельдеу
әдістері пайдаланылды:
– теориялық әдістер: философиялық, педагогикалық, психологиялық,
әдістемелік зерттеулер мен ғылыми еңбектерге талдау, жинақтау, жүйелеу,
салыстыру,
контент
талдау,
педагогикалық
модельдеу,
құрылымдау,
ассоциациялау;
– эмпирикалық әдістер: сауалнама, бақылау, тестілеу, зерттеушілік
тапсырмаларды талдау, өзіндік бағалау, алынған сандық, сапалық нәтижелерге
математикалық статистикалық талдау жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы:
болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін дамытуда жобалау технологиясын
пайдалану оның кәсіби іс-әрекетін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері.
Зерттеудің теориялық және
әдіснамалық негізі: педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру теориялары
(Н.В.Кузьмина, А.А.Маркова, А.Зимняя, Л.М.Митина, В.А.Сластенин,
Ш.Т.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева және т.б.) кәсіптік-педагогикалық білім берудің
теориясы
мен
әдістемесі
(Н.Д.Хмель,
Н.Н.Хан,
Г.Ж.Менлібекова,
М.Н.Сарыбеков, А.А.Вербицкий және т.б.) педагогикалық үдеріс туралы тұтас
түсінік теориясы (В.А.Иванников, А.С.Обухов, А.И.Авенков, Г.С.Сухобская,
В.С.Юркевич, С.Каплан); жүйелілік, аксиологиялық және акмеологиялық
тұғырлардың теориялық ережелері (А.А.Деркач, А.А.Бодалев, Ф.Ф.Королев,
И.В.Блауберг, Л.А.Голубь, И.А.Коваленко, А.А.Бейсенбаева және т.б.),
инновациялық түғырды жүзеге асыруда (А.К.Мынбаева, З.М.Садвакасова).
Зерттеуде сондай-ақ ҚР білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған
тұжырымдамасында ұсынылған білім беруді дамыту идеялары пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: |