63
басына түскен «Атақты ашаршылық» жылдарында пайда
болып, кейін келе халықтың мәдениетіне енісіп кетуі де
әбден мүмкін.
Автор ақыры бай болып кеткен жоқ. Алайда, оның ата-
әжесінің даналығы мен аргументтеріне деген ризашылығы
шексіз. Ол аман-есен, дені сау, жұмыс жасауда
.
Ал, бұл
нағыз байлықтың дәл өзі. Сонымен қатар, ол дәлелдері
күмәнді немесе қорытындысы ешбір дәлелге сүйенбеген
аргументтерді критикалық ойлау әдетін қалыптастырды.
Ал, бұл әдеттер өте пайдалы болып шықты. Елестетіп
көріңізші, Сіздің болашақ «бастығыңыз», әрине, сізден
нанның қоқымын тауысып жеуіңізді сұрамайды, Сізге
қомақты қаржы уәде ете отырып, әр күн сайын қосымша 4
сағат жұмыс жасауыңызды сұрайды. Бұл жерде Сіз өзіңіздің
қосымша жұмысыңыз қай тұрғыдан Сізге қомақты қаржы
алып келетіндігін нақтылау мақсатында қосымша сұрақ
қойғыңыз келеді. Сіз қандай да бір қосымша келісім-шарт,
немесе ең болмағанда Өзіңіз қатысқалы отырған оқиға
сценарийінің дамуы жайлы білгіңіз келетіндігі анық.
Мұндай жағдайлар көп кездесуі мүмкін. Ал, енді өзіміздің
іс-әрекеттерімізде логика мен анықтылыққа жетуде
және аргументтерді бағалауға дайын болу үшін талқылау
кезіндегі қателіктердің сан алуан түрлерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: