138
ойды қасақана немесе санасыз түрде миға сіңіруіне
негізделеді.
•
Гипотезалар мәңгілікке
бекітілмейді
. Өйткені, оны
жоққа шығаратын дәлел қашан болмасын, әйтеуір
табылып қалуы әбден мүмкін.
Сондай-ақ, ғылыми
гипотезаны біржолата
жоққа шығару
да мүмкін емес.
Себебі, қай кезде болмасын гипотезаны
дәлелдеп
шығатын ғалым шығып қалуы мүмкін.
•
Псевдо-ғылым – бұл нағыз ғылым емес. Ол ғылыми
әдіске сүйене отырып, ғылым ақиқатын бүркеуді
жүргізеді.
Псевдо-
сөзінің өзі гректің ψευδής, жалған –
деген мағынасынан шыққан.
•
Псевдо-ғылымның 6 белгісі:
1. Бақылау немесе тәжірибе арқылы мұқият тексеру
мүмкін емес немесе өте қиын болатын тұжырымдама
жасайды.
2. Қалыптасқан ғылыми теория мен деректерге сәйкес
келмейтін тұжырымдама жасайды.
3. Деректердің бұрмалануын құп көрмейді және
елемейді.
4. Нақты емес, түсініксіз тілді қолданады.
5. Дамымайды.
6. Зерт
т.
еу өткізуге салмақты шешімдер қабылдамайды.
•
Медициналық зерттеудің бірнеше сипаттамасы мен
шектеулері:
•
Бір реткі зерттеу
•
Қарама-қайшы нәтижелер
•
Бекітілген деректерді жоққа шығаратын зерттеу
•
Жануарларға жасалынған зерттеу