Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


Сіз: Плацеб о ның тиімділігін қалай азайтуға болады?  С



Pdf көрінісі
бет40/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Байланысты:
Критикалық ойлау негіздері

Сіз:
Плацеб
о
ның тиімділігін қалай азайтуға болады? 
С:
Плацеб
о
тиімділігін азайту үшін зерттеуге 
қатысушыларды (сыныптастарды) екі топқа бөлуді 
ұсынамын. А және Б топтары. А тобына «Бәрекелді!» дәрісін 
беріңіз, ал, Б тобына «алдартқыш-дәрі» беріңіз. Алайда 
топтардың қай-қайсысы да бұл құпия жайлы білмеулері 
қажет. 


123
Сіз:
Таптырмас ақыл екен. Тура екі айдан соң екінші 
е
мтихан болады. 
(Екінші 
ˈ
мтихан өткеннен кейін бір айдан соң)
С: 
Бұл жолы нәтиже қандай?
Сіз:
(Жыми
˞
п)
Менің ойымша, гипотеза дәлелді деп 
айтуға нық негіз бар. А тобында болған, «Бәрекелді!» дәрісін 
қабылдаған сыныптастардың көбісі алдыңғы 
е
мтиханға 
қарағанда алгебрадан көрсеткен нәтижелері әлдеқайда 
жоғары болып шықты. Ал, Б тобындағы оқушылардың 
үштен бірі ғана жоғары нәтиже көрсеткен. Ал, осыған 
қарап мен плацеб
о
тиімділігі жойылған деп санаймын. 
С:
Әлі де тұжырым жасау үшін асықпауыңызға кеңес 
беремін. Енді нәтижеде күмән болады. Сіз ғалым ретінде 
тіпті нәтиже гипотезаны нақтыласа да кез-келген нәтижеге 
абайлап қатынасуыңыз қажет. Бәлкім сіз 
ө
зіңізге қажет 
нәтижені күту барысында алдын-ала болжам жасаған 
боларсыз.
Ал, егер А тобындағы қатысушылар 
е
мтиханға 
жақсырақ дайындалған болса, «Бәрекелді» дәрісі 
тиімділігінің еш қатысы болмауы мүмкін. Немесе бұл тест 
болса, А тобының қатысушыларының дұрыс жауаптарды 
таңдау кезінде тек қана көбірек жолы болуы да мүмкін.
Сіз ғалым ретінде барлық күмәндар сейілмейінше, 
«Бәрекелді!» тиімді дәрі деп санай алмайсыз.
Сіз:
Бұл күмәндарды қалай сейілтуге болады? 
С:
Қандай да болмасын барлық күмәндер, егерде басқа 
ғалымдар да немесе тәжірибешілер бұл тәжірибені жүргізер 
болса ғана сейіледі. Мысалы, келесі бір сыныпта немесе басқа 
мектепте. Егерде бұл жағдайда да нәтиже жақсы болатын 
болса, сол кезде ғана Сіз заңды негізде «Бәрекелді!» тиімді, 
гипотеза дәлелденді деп нық тұжырым жасай аласыз. 


124
Сіз:
(Терең дем алып)
Енді менде «Бәрекелді!» 
тиімділігі жөнінде көптеген күмән пайда болды. Алайда, 
менде гипотезаны ғылыми әдіс арқылы дәлелдейтінім
немесе жоққа шығарарым жайында еш күмән жоқ. Тіпті, 
егерде «Бәрекелді!» көмектеспейтін болып шықса да, мен 
бұл дәріні жақсартуға жұмыс жасайтын боламын.
Құрметті оқырман, енді қияли әлемді тастап, бұл 
диалогты критикалық ойлай алатын адам ретінде бағалай 
аласыз. Бұл мысал арқылы неліктен ғылыми әдіс ғылымда 
тиімді тәсіл болып табылатындығы сізге белгілі болады. 
Ғылыми әдістің көмегімен ғалымдар зерттеу барысындағы 
көптеген күмәндарды сейілте алады. Алайда, барлық 
күмәндарды жою мен гипотезаны алға жылжытатын 
дәлелдердің өзі бұл ғылыми зерттеудің нақты соңғы 
нәтижесі дегенді білдірмейді. Мысалы, барлық күмәндар 
сейілген соң, «Бәрекелді!» дәрісі тиімді деген жайында 
гипотеза дұрыс деп санағаннан кейін, біраз жылдан соң 
дәл сондай ғылыми әдіс арқылы берілген гипотезаны 
жоққа шығаратын ғалымдар шығуы мүмкін. Яғни, ғылыми 
зерттеу нәтижелері ешқашан соңғы болып табылмайды. 
Ғылыми гипотезалар мәңгілікке 
бекітілмейді
. Өйткені, оны 
жоққа шығаратын дәлел қашан болмасын, әйтеуір табылып 
қалуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, ғылыми гипотезаны 
біржолата 
жоққа шығару
да мүмкін емес. Себебі, қай кезде 
болмасын гипотезаны дәлелдеп шығатын ғалым шығып 
қалуы мүмкін. 
Ғылыми жаңалықтар ашу тарихы ғылыми гипотеза 
нақты соңғы болып қалмайтынын сирек болса да көрсетіп 
отыр. Мысалы, 16-17ғғ. италияндық ғалым Галилео Галилей 
өзінің бір сынағы бойынша ауыр зат жеңіл затқа қарағанда 
тез құлайды деген Аристотелдің тұжырымдамасын жоққа 
шығарды. Галилей Пиза мұнарасынан салмағы әртүрлі 


125
екі шарды лақтырғаннан соң, екі шар да жерге бір мезетте 
түскенін ескеріп осындай қорытындыға келген екен. 
Басқа мысал келтіретін болсақ, Жердің жазықтығы 
туралы түсінік ежелгі халықтар мифінде кездессе, 
Е
желгі 
Грекияда ғалымдар дәлелдеп шыққан. Бірақ, 15-16 ғғ. 
и
талияндық теңізге жүзуші Кристофер Колумб, кейіннен
полшалық ғалым Николай Коперник бақылауларының 
негізінде қарама-қайшылыққа ұшырағандықтан бұл 
гипотезаны жоққа шығарады. Колумб 
п
ен Коперник егерде 
жер жазық болса, теңізде жүзіп келе жатқан кеменің барлық 
бөлігі бірдей жылдамдықта көзден таса болуға тиіс деген 
тұжырымдама жасайды. Алайда, бақылау кезінде олай 
болмай шыққан. Егерде сіздің теңіз жағасында жүзіп бара 
жатқан кемеге бақылау жасау мүмкіндігіңіз болса, (мысалы 
Каспий теңізі) онда Сіз кеменің астыңғы бөлігі үстіңгі 
бөлігіне қарағанда бұрынырақ көзден таса болатындығын 
байқаған боларсыз. Мұндай бақылаудың нәтижесінде 
Колумб 
п
ен Коперник Жер жазық болуы мүмкін емес деген 
тұжырымға келеді. Сонымен қатар, олар кеменің төменгі 
бөлігі жоғарғы бөлігіне қарағанда бұрынырақ көзден таса 


126
болатындығын ескере отырып, Жер домалақ болуы керек 
тұжырымдама
сын
жасайды. 
Ал, енді керісінше ойлап көрейікші. Егерде жер жазық 
болса, жарық түзу сызықта қозғалып келе жатқандығына 
орай кеменің төменгі бөлігі мен жоғарғы бөлігі бір мезетте 
көзден таса болатын еді. Ойланып көріңізші, егерде Жер 
қалай болғанда да жазық болса, кеме теңіз жағалауында 
бақылағандай болу үшін (кеменің астыңғы бөлігі үстіңгі 
бөлігіне қарағанда бұрынырақ көзден таса болатындығы) 
жарық қалай жылжуы керек еді? Жауап қарапайым: жарық 
түзу емес, қисық және жоғары қарай ілінген болуы қажет. 
Осы жағдайда, теңізде кетіп бара жатқан кеменің жоғары 
бөлігіндегі жарыққа қарағанда төменгі жағы теңізге 
ертерек сіңіп, осы арқылы бұрынырақ көзден таса болады. 
Яғни, Сіз жарық түзу емес, керісінше қисық және жоғары 
сызық бойынша қозғалып келе жатқандығын тексеретін 
болсаңыз, Жердің де жазық екендігін тексеруіңізге болады. 
Бұл арқылы, адамдар жүздеген, мыңдаған жылдар 
бойы сеніп келген ғылыми гипотезалар келесі бір ұрпақ 
арқылы жоққа шығарылуы мүмкіндігін көруге болады. 
Және
де болашақта сіздің біреуіңіз құрметті Колумб 
п
ен 
Коперниктің тұжырымдамаларын жоққа шығаратын басқа 
да жаңа гипотеза ұсынуларыңыз әбден мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет