Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



Pdf көрінісі
бет46/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Байланысты:
Критикалық ойлау негіздері

6.2. Жаңалық 
Біз жаңалықты әртүрлі себептермен біліп жатамыз: 
қажеттіліктен, қызығушылықтан, уақытты пайдалы 
өткізу үшін (немесе уақытты бостан бос өткізу үшін), 
жаңалықтарды достарыңмен, туысқандармен және 
т.б. талқылауға мүмкіндік алу үшін. Алайда, біз 
жаңалықты көрген, тыңдаған, оқыған кезде ақпараттың 
шынайылығына толыққанды сенімді бола алмаймыз. 
Оңтүстік Қазақстан облысында шыныменде көне мемлекет 
қалдықтары табылған ба? Қазақстандық оқушылар 


145
халықаралық олимпиадада керемет білімділіктерін 
көрсетті деген рас па? Күдіктінің ұсталуы әділетті ме, әлде 
бұл тек аяқтан шалу ма? Біз әрдайым осындай және басқа 
да оқиғаларды оған тікелей оқиғаны көзімен көрген, оған 
қатысқан адамдардың аузынан ести бермейміз. Көбінесе, 
біз ақпаратты редакторлар мен операторлар, инженерлер 
мен басқа да сахна сыртындағы мамандардың көмегімен
тележүргізушілер мен журналистер аузынан естиміз. 
Бұқаралық ақпарат құралдары бізге жалпы әлем 
мен елімізде болып жатқан оқиғалардың бар болғаны 
азғана бөлігін ғана хабарлап отырады. Былай қарағанда 
БАҚ 
қазылар алқасы
сияқты жұмыс жасайды. Барлық 
болып жатқан оқиғалар қатаң іріктеуден өтеді. Осының 
нәтижесінде БАҚ –тың белгілі бір талаптарына сәйкес 
келетін оқиғаларды ғана таңдап алады. Ал, біз-ақпаратты 
қолданушылар болып жатқан жағдайлардың кішкентай 
ғана бөлігі жайлы ақпаратқа ие боламыз. Трансляция 
уақытының шектеулігі, мүмкіндіктер мен көрермендер 
және тыңдаушылардың (біз-ақпаратты қолданушылар) сан 
алуан қызығушылығына байланысты БАҚ кейбір маңызды 
оқиғаларды да сүзгіден өткізуіне тура келеді. Бірақ, ең 
маңызды деген оқиғаның өзі бізге толық контексте емес,
журналистердің пікірлері түрінде тек үзінді ретінде жетеді. 
Танымал жұлдыз немесе саясаткердің сөздері көбінесе 
қысқа болып келеді де, бізге оны бұл тұлғаның не айтқысы 
келгенін жорамалдау ғана қалады. Көп жағдайларда БАҚ-
тан жаңалықтар бағдарламасын беру кезінде ақпаратты 
қысқартатындықтары соншалық, оқиғаның мағынасы 
өзгеріп кетеді. Ең жаманы, сөйлеген сөзден алынған 
үзінді, пікірлер, ақпараттардан үзінділер ақиқаттан алыс 
болатындығы соншалық бізде қате пікір туындауы әбден 
мүмкін. Алайда, бұл үшін БАҚ-ты сынауға болмайды. Оның 


146
орнына, түсіне алмайтындығымызды сынау оңайырақ!
БАҚ-ты жақсы түсіну үшін мынадай жағдайды 
ойлап көріңізші: Сіз «Хабар» телеарнасында жұмыс 
жасайсыз. Ертең «Хабар» телеарнасы қызметкерінде, 100 
қазақстандықтармен өз өміріндегі ең қызықты оқиғасымен 
бөлісуге арналған, сізді қосқанда әрқайсысының 1 
минуттық уақыты бар бағдарламаға қатысады делік. Сіз 
өз оқиғаңызды бар ынты-жігеріңізді жұмсай отырып, өз 
сезіміңізді көрсете отырып, осы 1 минут ішінде баяндап 
беріп үлгересіз бе? Осы 1 минут сізге жеткілікті ме?
Қабылдауы сіздің ақылыңыздың жұмыс жасауын талап 
ететін мұндай ақпаратты бірлесе отырып беруде, БАҚ 
көбінесе түсіну үшін аса көп миды қажет етпейтін, тез көңіл 
аударатын әдістерді қолданады. Сіз қалай ойлайсыз, неге 
бұлай? Бұл сұраққа бірлесе отырып жауап беріп көрейік. 
Ол үшін алдымен «Хабар» телеарнасына оралуымыз 
қажет. Ал, енді сізде өзіңіздің бастан кешкен оқиғаңызды 
баяндап беру үшін бақандай 30 минутыңыз бар. Бірақ, 
бұл жолы сөйлейтін адам тек өзіңіз ғана екендігін есте 
сақтаңыз. Ал, көрермендер кез-келген жалыққан сәтінде 
тұрып кетіп қалуы мүмкін. Сіз қалай әрекет етер едіңіз? 
Сіз ең алдымен, көрермендердің назарын аударып ұстап 
отыратын әдіс іздейтін боларсыз. Өз баяндамаңызды 
қызықты әрі шытырманға толы ету үшін кейбір жерінде 
асыра сілтеп, кейбір сәттерді айтпай кетуіңізге тура келеді. 
Осы мотивацияға сәйкес келетін БАҚ түсіндіруге немесе 
ақпараттандыруға емес, неғұрлым ауқымды аудиторияның 
назарын өзіне аударуға бағытталғандығын байқаймыз. 
БАҚ үшін ауқымды аудиторияның назарын аудару не 
үшін қажет? Қанша көрермен мен тыңдарманының бар 
екендігінде шаруасы қанша? Шынымен жаңалықтарды 
қызықтайтындар жеткіліксіз бе? Осының бәрінің жауабы 


147
келесіде көрсетілген. Себебі, БАҚ-тың басты мақсаты 
жаңалықтар жеткізу болып табылмайды. Сериалдар 
мен әртүрлі бағдарламалар біздің көңілімізді көтеруге 
ғана емес, БАҚ өз алдына сан алуан өнімдер мен 
қызметтерді жарнамалау сияқты тағы бір айтарлықтай 
маңызға ие мақсат қояды. Сериалдар мен жаңалықтар, 
радиобағдарламалардың 
шығуы 
біздің 
жарнама 
мен құлақтандыруды оқып, көріп, тыңдап алуымыз 
үшін алдымен назарымызды аударып алады. Мұндай 


148
жарнамалар мен құлақтандырудың көп болатындығы 
соншалық, бағдарламаны (жаңалықты, сериалды, ток-шоу 
т.с.с.) жарнама емес, керісінше жарнаманы солар бөлетіндей 
болып көрінеді. 
Неліктен БАҚ жарнамаға сонша көп көңіл бөледі? 
Өйткені, көптеген БАҚ-тар қолданушы біздердің азын-аулақ 
төлеміміздің арқасында емес, демеушілердің арқасында 
күн көреді. Бағдарламалар мен жаңалықтарды жасау үшін 
қомақты қаржы кетеді. Сондықтан да БАҚ жарнаманы 
көрсетуге мәжбүр. Мысал келтіретін болсақ, Сұлушаш 
өндіруші-фирмасы «КТК» телеарнасынан ұштанып кеткен 
шашты қалпына келтіретін жаңа сусабынды жарнамалау 
үшін жарнама уақытын сатып алады. Телеарна өз 
кезегінде бұл қаржыны шығындарының орнын толтыру 
үшін қолданады: жаңалықтарды, бағдарламаларды т.б. 
жасау мен шығару сияқты. Егерде көрермендер тек қана 
жаңалықтарды емес, басқа да бағдарламаларды қарайтын 
болса, жарнама кезінде басқа арнаға ауыстырмайды. 
Осы арқылы олар Сұлушаш фирмасының жаңалығынан 
хабардар болады. Егерде бір ай өткен соң жаңа су сабын 
сатылымы жемісті болып жатса, Сұлушаш фирмасы өз 
жарнамасын одан да көбірек жарнамалайтын болады. Ал, 
«КТК» телеарнасының жаңалықтар, бағдарламалар және 
т.б. дүниелер жасауға қаржысы молая түседі.
БАҚ көрермендер мен тыңдармандардың назарын 
өзіне аудару үшін не істейді? Көрермендер мен 
тыңдармандар қызықты, көңіл көтеретін дүниелерді 
көруді, тыңдауды, оқуды ұнататындығын есептей отырып, 
БАҚ өз күшін толығымен (тіпті, жаңалықтарды тарату 
кезінде де) ақпаратты неғұрлым көркем және жеңіл түрде 
беруге салады. Оқиғаның ізімен толық ақпарат бергеннен 
гөрі БАҚ өз шешіміне қарай жаңалыққа оқиға таңдап, 


149
оқиғаны асыра сілтеп немесе бүгіп қалады және оған 
ешқандай сараптама қосып бермейді. Осының нәтижесінде 
біздің көбіміз критикалық ойлау дағдысын қолданбайтын 
(тіпті, критикалық ойлау дағдысын қолдану туралы сұрақ 
та туындамайтын) жаңа қызықты ақпаратқа ие боламыз.
Жаңалықтарға беруге арналған оқиғаларды таңдау 
кезінде журналистер мен редакторлар көбінесе көңіл 
көтеретін, әсерлі, таң қалдыратын, қорқынышты, 
әдеттегіден өзгеше, жаныңды баурап алатын дүниелерді 
таңдайды. Біздің көңілімізді бөлу үшін БАҚ көпшіліктің 
қызығушылығына жауап беретін – қылмыс, жанжал, 
табиғи апаттар және т.б. сол сияқты ақпараттарды жиі 
көрсетеді. Сонымен қатар БАҚ ортақ көңіл күйді білдіретін 
– өз қауіпсіздігіміз үшін қорқыныш (мысалы, әлемдегі 
саяси жағдайларға байланысты), зардап шекекендерге 
кейіс білдіру (мысалы, табиғи апаттарға ұшырағандарға), 
патриотизм (мысалы, отандастарымыздың халықаралық 
зияткерлік және спорттық олимпиададағы жеңісіне орай 
қуану), және басқалар сияқты ақпараттарды көрсетеді.
Оқиғаларды жаңалықтар үшін іріктеумен қатар,
БАҚ біздің назарымызды аудару үшін басқа да әдістерді 
қолданады. Бұл әдістердің бірі- жаңалықтардың 
құрылымы арқылы кейбір оқиғаларды маңызды етіп, ал 
кейбіреулерінің маңызын әлсіретуге болады. Мысалы, 
газет-журналдар «негізгі» оқиғаларды бірінші бетке 
орналастыру арқылы ерекшелеп, ал, маңыздылығы аз 
оқиғаларды келесі беттеріне береді. Редакторлар мен басқа 
да мамандар басты бетке қандай мақала орналасатынын 
шешеді. Олар оқырманның қызығушылығын ояту үшін 
мақаланы қалай атауды (үлкен, қара курсивпен ерекшелеп 
қояды) ойлап, қандай сурет қоюды анықтайды. Егерде 
критикалық ойлау дағдысын қолданбайтын болса, онда 


150
бірінші бетте орналасқан танымал жұлдыздың тойы 
туралы ақпарат газеттің ортаңғы бетінде орналасқан 
жуырда болған су тасқыны туралы ақпараттан әлдеқайда 
маңызды деген пікірге көзсіз сеніп қалуымыз мүмкін.
Салыстыратын болсақ, телеарна мен радиоларда 
редакторлар оқиғаларды «маңыздылығына» қарай рет-
ретімен орналастырып, «ең маңызды» деп таныған 
ақпаратқа жаңалықтың басында молырақ эфирлік уақыт 
бөледі де, «маңыздылығы аз» ақпараттарды жаңалықтың 
соңында жүгіртіп қана көрсетіп шығады. 
Жаңалықтардан сіз бен біз үшін соншалықты 
маңызға ие болмайтын, бірақ өте анық көрсетілген 
оқиғаны көруге болады. Мысалы, қымбат эфирлік 
уақыт пол
и
цейлік зерттеуді егжей-тегжей көрсетуге 
арналатындығы кездесіп жатады. Ал, тұрғындардың 
әлеуметтік мәселелерін, экологиялық апаттар, соғыс 
және т.б. сияқты ащы тақырыптарды толыққанды 
көрсетпейді. Олар жайлы ат үсті айтып өтеді. Критикалық 
ойлай алатын адам ретінде Сіз БАҚ көптеген жылдар бойы 
қалыптасып қалған мәселелерді зерттеуге, тереңірек 
оқуға және әсіресе шетелге қатысты болса қомақты қаржы 
бөле алмайтындығын түсінуіңіз қажет. Ұзақ мерзімді 
зерттеулер мол қаржыны талап етеді, оның орнына сіздің 
қалада болып жатқан төтенше оқиға орнына түсірілім 
тобы мен журналистерді жіберу әлдейқайда жеңіл және 
арзан.
Біздің назарымызды аудару үшін жаңалықтарды 
беру кезінде басқа да әдістерді қолданады. Мысалы, 
музыканың 
көмегімен 
оқиғаның 
драмматикалық 
эффектісін молайтады. Бейнематериалды редакторлау 
арқылы әртүрлі кезде болған оқиғаларды салыстырады. 
Кейбір кездерде камераны епті техникалық қолданыстың 


151
себебінен бейне материал өзгереді, фото-редакторлаудың 
арқасында маңызды суреттер өзгереді т.с.с. Бұл әдістердің 
барлығы дерлік біздің назарымызды және іріктелген 
және кесілген дүниені қабылдауымыз үшін қолданылады. 
Осыған орай, біз әрдайым сергек және жаңалықты көрген, 
естіген, оқыған кезде критикалық ойлау дағдымыздың 
«белсенділігін» оятуымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет